Мазмұнға өту
journalist_n

journalist_n

Сайтта 2024 ж. 22 шілде

Пайдаланушы әзірге өзі туралы ештеңе жазбаған.

рейтинг

106

жазбалар

893

пікірлер

0

тіркелуші

1

жазылымдар

0

«AMANAT» партиясы Жеңістің 80 жылдығына орай ескерткіштерді абаттандыру бойынша ауқымды акция бастады

2025 жылы бүкіл әлем Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығын атап өтпек. Әкелеріміз, аталарымыз бен ардақты бабаларымыз майданда жауға қарсы жан аямай шайқасып, тылда тынымсыз еңбек етіп, болашақ ұрпаққа бейбіт өмір мен азаттық сыйлады. «AMANAT» партиясы бұл ерлікті есте сақтау – қасиетті борыш деп санайды. Осы орайда партия мүшелері соғыс қаһармандарына арналған ескерткіштерді, мемориалдық кешендерді қалпына келтіру және абаттандыру бойынша ауқымды акция бастады.Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев тарихи жадымызды сақтау мен ата-баба ерлігіне құрмет көрсету мәселесін үнемі назарда ұстап келеді. Президенттің айтуынша, Жеңіс күні – әрбір қазақстандықтың жүрегінен ерекше орын алатын мереке. Өйткені бұл соғыс барлық отбасының тарихында өз ізін қалдырғаны анық.Биыл сондай-ақ қазақтың үш бі…

0
0
245

Алматыда «Жеңістің естелігі: ұрпақтар мен халықтар бірлігі»: атты халықаралық конференция өтті

Алматы қаласындағы Достық үйінде Жеңістің 80 жылдығына арналған іс-шаралар аясында «Жеңістің естелігі: ұрпақтар мен халықтар бірлігі» атты Қазақстан-Ресей конференциясы өтті.Конференция жұмысына ҚР Президенті Әкімшілігінің Ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі Абзал Нүкенов, ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева, Ресей Федерациясы Президентінің шет елдермен аймақаралық және мәдени байланыстар жөніндегі басқармасы басшысының орынбасары Антон Рыбаков, Ресей Федерациясының Жастар ісі жөніндегі федералдық агенттігі басшысы Григорий Гуров, екі елдің ғалымдары мен сарапшылары, сондай-ақ белсенді жастар қатысты.Конференция мерейтойлық датаға арналған Қазақстан мен Ресейдің бірлескен іс-шараларының бастауы болды.Жиында Аида Балаева қатысушыларды келе жатқан Жеңіс күнімен құттықтап, Мемлекет…

Алматыда «Жеңістің естелігі: ұрпақтар мен халықтар бірлігі»: атты халықаралық конференция өтті

Алматы қаласындағы Достық үйінде Жеңістің 80 жылдығына арналған іс-шаралар аясында «Жеңістің естелігі: ұрпақтар мен халықтар бірлігі» атты Қазақстан-Ресей конференциясы өтті.Конференция жұмысына ҚР Президенті Әкімшілігінің Ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі Абзал Нүкенов, ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева, Ресей Федерациясы Президентінің шет елдермен аймақаралық және мәдени байланыстар жөніндегі басқармасы басшысының орынбасары Антон Рыбаков, Ресей Федерациясының Жастар ісі жөніндегі федералдық агенттігі басшысы Григорий Гуров, екі елдің ғалымдары мен сарапшылары, сондай-ақ белсенді жастар қатысты.Конференция мерейтойлық датаға арналған Қазақстан мен Ресейдің бірлескен іс-шараларының бастауы болды.Жиында Аида Балаева қатысушыларды келе жатқан Жеңіс күнімен құттықтап, Мемлекет…

0
0
131

Қазақстанның ішкі саясаты және сыртқы ықпал: ұлттық мүддені қорғау жолдары

Мәжіліс депутаттары, «AMANAT» партиясы Фракциясының мүшелері, соның ішінде Еділ Жаңбыршин сауалын Мемлекет басшысының Ұлттық Құрылтайдағы ішкі саясатқа байланысты мәлімдемесінен бастады. "Өйткені Президент еліміздің ішкі саясатына тікелей араласқан сыртқы күштердің жұмысын сынға алып, оларға нақты мін тақты",- деді.Мысалы, Қасым-Жомарт Кемелұлы өз сөзінде: «Жаһандану үдерісінің мән-маңызы жоғалып барады.Мемлекеттік ұлтшылдық, ықпал жүргізетін аумақтарды бөліске салу, әлемдік саясатта аймақтарға бөліну үрдісі алдыңғы қатарға шықты», – деді.Өйткені геосаясаттағы доминант мемлекеттер өзінің жеке мүддесі мен саяси ықпалын жүргізіп қана қоймай, оны іске асыру үшін әр түрлі әдіс-тәсілдерді пайдаланып келді. Мысалы, мемлекеттердің ұлттық құндылықтарын жоюға бағытталған әсірефеминистік, ЛГБТ, эмо…

0
0
109

⁠Семейдегі әлімжеттік: бала мемлекеттің қамқорлығына алынды, кінәлілер қатаң жазаға тартылды

Биылғы ақпанда әлеуметтік желіде Семейде орын алған оқиғаның бейнежазбасы тарады. Үш-төрт жасөспірім бір балаға қорқауша жабылып, тепкілеп, қорлап жатқан көрініс қоғамда үлкен резонанс тудырды. Бұдан кейін 11 жастағы Әлинұрдың өмірі өзгерді ме, мемлекет тарапынан оған қандай көмек көрсетілді?Жәбір көрген бала мен оның отбасына мемлекеттік органдар әлі күнге жәрдем көрсетіп жатқаны белгілі болды. CMN жазғандай, мамандар баланың денсаулығы мен психоэмоционалдық жағдайын бақылауда ұстап отыр. Сотта ата-анасының мүддесін қорғайтын адвокат тағайындалды. Осы оқиғаға бей-жай қарай алмағандар қаражат жинап, баланың отбасы пәтер сатып алды. Сондай-ақ жәбір көрген бала мен оның әпкесін өздері таңдаған мектепке ауыстырды.Абай облысының бала құқықтары жөніндегі өңірлік уәкілі Элзира Солтанбаева: «Мем…

0
0
149

Президент орталығында ел Президентінің Ұлттық құрылтайдың IV отырысындағы баяндамасының негізгі бағыттарын талқылауға арналған қонақ дәрісі

Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасына қарасты Президенттік орталығында Мәжіліс депутаты, Экология және табиғатты пайдалану мәселелері жөніндегі комитеттің мүшесі Вера Кимнің «Адал азамат – Адал еңбек» атты қонақтық дәрісі өтті. Дәріс 2025 жылғы 14 наурызда өткен IV Ұлттық құрылтай отырысында Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К. Тоқаев жариялаған бастамалар мен жобаларды талқылауға арналды.Іс-шараға Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқық қорғау органдары академиясының тыңдаушылары мен елордалық жоғары оқу орындарының студенттерінен құралған 80-нен астам адам қатысты.«Мемлекет басшысы ортақ мақсаттарға жету үшін Қазақстандағы барлық этностық топтар мен халықтардың бірлігін нығайтудың маңыздылығын атап өтті, денсаулық сақтау, білім беру және тұрғын үйді қоса алған…

0
0
151

ШЫМКЕНТТЕ САКУРА АҒАШЫ ГҮЛДЕДІ

Шырайлы Шымкенттің көшелерін көктем шуағына бөлеген сакура ағаштарын өткен жылдың қараша айында Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков отырғызған болатын. Бүгінде 25 түп сакура бүршік жарып, қаланың көркін аша түсті.Жапон мәдениетінің символына айналған бұл ағаштар «Журналистер» аллеясына, Назарбаев даңғылының бойына, Атлант сауда үйінің маңына, Сайрам және Жібек жолы көшелеріндегі гүлзарға отырғызылған еді. Биіктігі 4-5 метрге жететін сакуралар қаланың табиғи сәнін арттырып қана қоймай, экожүйені жақсартуға да ықпал етеді.Сакуралардың тамыры тереңге бойлап, бұтақтары жайқалып өсуі үшін тұрақты күтім жасалып, суару жұмыстары үздіксіз жүргізіліп келеді. Бұл жұмыстар қалалық жайлы ортаны дамыту басқармасының бақылауында.Айта кетейік, нәзіктіктің нышанына баланған сакура көшеттерін «BI Gr…

0
0
263

Материалдық емес мәдени мұраны сақтау: өңірлермен меморандумдарға қол қойылды

Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі 2003 жылғы ЮНЕСКО Конвенциясы аясында жергілікті қауымдастықтардың материалдық емес мәдени мұрасын (МЕММ) қорғау бойынша ауқымды жобаларды іске асыруда.Бұл –  Қазақстанның ұлттық бірегейлігінің маңызды бөлігі саналатын мәдени дәстүрлер мен тәжірибелерді одан әрі сақтау үшін стратегиялық тұрғыда қажет жоба.Осы бастама аясында министрлік ЮНЕСКО-ның техникалық грантын іске асыру үшін Атырау, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Қызылорда және Жетісу облыстарының әкімдіктерімен ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қойды. Бұл әріптестік аймақтық деңгейде материалдық емес мәдени мұраны жүйелі түрде сақтау мен дамыту үшін маңызды.Жобаның негізгі міндеттері – материалдық емес мәдени мұра элементтерін қорғау, дамыту және жан-жақты насихат…

0
0
121

Шымкенттік 35 отбасы баспаналы болды

Қала әкімінің тапсырмасымен өткен жылы Көксай шағынауданын жаңғырту тұжырымдамасын жүзеге асыру басталған. Іске қосылғалы 22 отбасыға тұрғын үй жағдайын жақсартуға мүмкіндік берілді. Тұжырымдаманың негізгі кезеңдерінің бірі – тұрғындарды тозығы жеткен үйлерден бөлме саны бірдей, әрленген жаңа қонысқа көшіру болып табылады.Бүгін Наурыз мерекесі қарсаңында қала әкімі Ғабит Сыздықбеков Нұрлыбаев көшесі, 4, 9, 14 үйлерінде тұратын тағы 35 отбасына жаңа пәтер кілттерін салтанатты түрде табыстады. Тұрғындарды қуанышты оқиғамен құттықтап, заманауи жайлы баспанаға көшу азаматтардың өмір сүру сапасын арттыру жолындағы маңызды қадам екенін атап өтті.Қаланың осынау тарихи бөлігін заманауи және абаттандырылған шағын ауданға айналдыруға бағытталған тұжырымдама жергілікті тұрғындардың өмір сүру сапасын…

0
0
160

Асхат Аймағамбетов: «Әр жаңа мектеп – болашақтың фабрикасы»

– Осыдан алты жыл бұрын егер біреу мұғалімдердің жалақысы екі-үш есеге өседі, бастауыш сынып оқушыларына тегін ыстық тамақ беріледі, қарапайым жұмысшы мамандық иелері Ақордадан мемлекеттік марапаттарға ие болады, Ұлттық қордың қаражаты барлық балалардың шотына аударылады десе, бұған сену тұрмақ, көпшілік бізді орындалмайтын арманды сөз етті деп сөгер еді. Бірақ заман өзгерді. Еліміздің Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бұл бағыттарды көрсетіп қана қойған жоқ, оған апаратын нақты жолды салып, іске асырды, – деді А.Аймағамбетов.

Бұл туралы ол Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың саяси реформаларын іске асыру – мемлекеттік құрылыстың жаңа тарихи кезеңіне арналған Мәжілістің жалпы отырысында айтты.