«Сот актілерінің тиісті түрде орындалуы»
Жетісу аудандық сотында «сот актілерін орындаусыз, негізсіз қайтарылуы жөнінде» қашықтан ұялы байланыс арқылы дөңгелек үстел өткізілді. Дөңгелек үстелге кеңсе меңгерушісінің м.а. А. Копжурсинов, сот мамандары, Әділет департаментінің өкілдері, жеке сот орындаушылары қатысты. Дөңгелек үстел барысында сот актілеріндегі мемлекет пайдасына өндіру және сот актілерін орындауын негізсіз қайтару фактілері талқыланды. Әділет департаментінің өкілі А. Кенжиев алдағы уақытта сот орындаушылардың атқарушылық құжаттарын негізсіз қайтару фактілері қайталанған жағдайда сот орындаушыларға шара қолданылып, лицензияларынан айыру шарасы қолданатынын айтып өтті.
«Дөңгелек үстел» соңында ортақ проблемаларды жақсарту мақсатында, сот актілерінің заңмен көзделген мерзімдерде уақытылы орындауын қадағалап, ерекше бақылауда ұстап, өзара тығыз байланыс орнатуды ұсынды.
