Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Сот жүйесінің болашағы

Елімізде сот жүйесі заман талабына сай жылдан жылға әрі жылдам дамуда, қазіргі таңда әр түрлі жаңа технологиялор қолданысқа енгізіліп келеді, яғни қағаз бастылық азайып, жұмысты атқару барынша тез болады деген сөз. Қазіргі қолданылатын технологияларды айтатын болсақ  мысалы:  барлық сот процестері  бейне жазбаға жазылып отырады, талап-арыздарды және арыздарды, шағымдарды, ұсыныстарды үйіңізден шықпай-ақ «сот кабинеті» арқылы беруге болады, сот істерін қарау кестелері мен 2014-2017 жылы аралықта шығарылған сот шешімдерінің барлығын  Жоғарғы соттың сайтынан алуға мүмкіндігіңіз бар.

Сот жүйесінің даму жолы және еліміздің сот жүйесінің даму жолындағы орындауды қажет ететін мәселелер ел басымыздың 100 қадам» Ұлт Жоспары реформасында да айтылған болатын. Бүгінгі таңда аталған реформадағы мәселелер біртіндеп іске асырылуда.

Ұлт жоспарының 17-қадамында - бұл судья лауазымына іріктеудің тетіктері мен талаптарын күшейтуге бағытталған. Енді аудандық сот судьясы қызметіне 25 жастан асқан, жоғары заңгерлік білімі бар, жоғары руxани қасиеттерге ие және репутациясы мінсіз азаматтар ғана алынады. Кандидат осы салада, нақ осы сот ісінде кемінде 5 жыл жұмыс істеуі тиіс және кемінде 10 жыл заңгерлік салада істеген болуы қажет. Оған сот жүйесінде қызмет атқарған кеңесшілер, xатшылар, көмекшілер, судьялар жатқызылады. Сонымен қатар осы іспен етене жақын прокурорлар мен заңгерлер де кіреді.

Елбасы Н. Назарбаевтың тапсырмасымен Астана қаржы орталығы құрылуда. Оның аясында шетелдік инвесторлар үшін xалықаралық арбитраждық соты құрылатын болады.,

Елімізде сот жүйесі жылдан жылға дамығанын өз  басым қатты  қалаймын, елімізде сот жүйесінде соңғы жылдары жасалған реформаларға қарай отырып, еліміздегі сот жүйесінің болашағы жарқын екеніне күмәнім жоқ, бұл жасалып жатқан жаңалықтардың басты мақсаты азаматтардың өз құқықтары мен заңды мүдделерін сот арқылы қоғаудың тиімділігін арттыру болып табылады.

   

Алматы қаласы Жетісу аудандық сотының бас маманы, сот отырысының хатшысы Н. Қалқабек.

 
0
0
114

Осы тақырып бойынша