Ақжайықтық жастар мұқтаж жанның үйін жөндеді
Қала тұрғыны Рая МұқашеваІ топтағы мүгедек көзі көрмейді, бірге тұратын сіңлісі де мүмкіндігі шектеулі жандар қатарында. Биыл жатақхананың бір бөлмесіне қоныстанған апалы-сіңлілердің зейнетақысы несиесінен ауыспайды.

Баспанасын өздігінен жөндей алмай қиналғасын, «Nur Otan» партиясынан көмек сұраған. Қамкөңіл жанның өтінішіне құлақ түрген партиялықтар бірден іске кірісіп «30 игі іс» қайырымдылық марафоны аясында қалалық мәслихат депутаты Нұргүл Ашықова ескірген есік-терезені ауыстыруға демеушілік білдіріп, еденін жаңартты. «Біз Біргеміз!» жастар қозғалысының еріктілері мен «Орал жастар» еріктілері жарларын тегістеп , түсқағаздарын жабыстырып толық жөндеу жұмыстарын жүргізіп берді.
