Алматыдағы жер сілкінісі үкіметте талқыланды
Премьер-министр Олжас Бектеновтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында күн тәртібінен тыс Алматы қаласында болған жер сілкінісі бойынша ахуал қаралды.Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов ТЖ-ның алғашқы минуттарынан бастап барлық қызмет бекітілген алгоритмдерге сәйкес дереу жұмысты бастағанын айтты. Іс-қимылдарды үйлестіру үшін республикалық және облыстық штабтар ұйымдастырылды.Азаматтарды жер сілкінісі және одан әрі іс-әрекеттер туралы хабардар ету теле- және радиоарналар арқылы, сондай-ақ сөйлеу дабылы мен басқа да құралдардың көмегімен жүзеге асырылды. Сондай-ақ 384 азаматтарды қабылдау пункті ашылды. Тәулік бойы жұмыс істейтін «жедел желі» іске қосылды.Қазіргі уақытта Алматының тіршілікті қамтамасыз ету жүйелерінің барлық нысаны штаттық режимде жұмыс істеуде, елдегі сейсмикалық жа…



