Перейти к содержимому
jan.123

jan.123

Сайтта 2023 ж. 20 қараша

Пайдаланушы әзірге өзі туралы ештеңе жазбаған.

рейтинг

1 004

жазбалар

570

пікірлер

0

тіркелуші

3

жазылымдар

4

Газада аспаннан тасталған гуманитарлық көмектен адамдар өлді

Газа секторында жәрдем күтіп отырған палестиналықтар ұшақтан тасталған гуманитарлық көмектен қаза тапты.

undefined

Фото: REUTERS

Жәшіктер адамдардың үстіне қатты келіп құлаған. Алдын ала мәлімет бойынша, соның салдарынан бес адам өліп, бірнеше тұрғын жараланыпты.   

Соңғы күндері Мысыр, Біріккен Араб Әмірліктері, Қатар, Оман және Бахрейн Газаға бірлесіп гуманитарлық көмек жеткізуде.

Жалпы, палестиналықтарға аспаннан тасталған көмекті алу оңай емес. Өйткені олардың біразы теңізге түсіп кететін. Ал адамдардың кейбірі соны алу үшін қайықпен жүзіп барады.

0
0
337

Алек Болдуиннің түсірілім кезінде кісі өлтіруіне реквизитор кінәлі болып шықты

Америкалық актер әрі продюсер Алек Болдуин өзінің «Тот» фильмінің түсірілімі кезінде операторды атып өлтірген болатын.

undefined

Енді осыған реквизитор Ханна Гутьеррес-Рид кінәлі деп танылды.

2021 жылы қазан айында фильмнің продюсері әрі басты рөлде ойнаған Болдуин украиналық оператор Галина Хатчинсті абайсызда атып өлтірген болатын. Әрине, ол кезде актер қарудың шынымен оқталып тұрғанын білген жоқ. Ал оны солай оқтап берген реквизитор екен.

Алек Болдуиннің өзі де абайсызда кісі өлтірді деген айыппен сотталайын деп жатыр. Бірақ енді оның қорғануға мүмкіндігі бар.

«Тот» фильмінің түсірілімі оператордың өлімінен кейін тоқтатылды. Бірақ былтыр түсіру тобы оны марқұм Галина Хатчинстың құрметіне арнап қайта түсіре бастады. Ал атқарушы продюсер ретінде оның күйеуі Мэтью Хатчинсті шақырған.    

0
0
417

Гүлшара Әбдіқалықованы «ханның қызы» деп атаған әйел ұсталды

«Гүлшара Әбдіқалықованы «ханның қызы» деп атаған қызылордалық әйел ұсталды.

Қызылорда полиция департаментіндегілердің хабарлауынша, қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүргізіліп жатыр. Ол әйелді нақты не үшін кінәлап жатқанын айтпады. Бұл тергеу құпиясы екен.

2020 жылы Қызылорда облысында сол кездегі әкім Гүлшара Әбдіқалықова ауруханаға кіргенде оған барар жолды жауып тастаған болатын. Осыған ызаланған Тұрлыбекова әкімнен «Сіз ханның қызысыз ба?» деп сұраған еді», – деп жазады PressKz.

0
0
440

Бүгін гүл қымбаттады ма?

undefined

Фото: egemen.kz

Жылда 8 наурыздың алдында гүл қымбаттаушы еді. Өйткені сол күні жұмыстағы қыз-келіншектер құттықталады.

Бүгін қалай болып жатыр екен?

0
0
328

«Мен жәлеппін». Блогер әлеуметтік желіде мәлімдеме жасады

Блогер әлеуметтік желіде өзін кінәлап жатқан жұртқа ызасын жеткізді.

undefined

«Ағайын, мен жәлеппін. Иә, мен жәлеппін. Кәріс азаматына тұрмысқа шыққаным үшін мен жәлеппін. Кәріс азаматы менен 20 жас үлкен, сол үшін мен жәлеппін. Кішкене көкірегім ашылып қалғаны үшін жәлеппін. Осы инстаграмнан блогер болып кішкене бірдеңе табайын дегенім үшін жәлеппін. Шет елде тұрғаным үшін жәлеппін. Түрім келіспей қалғаны үшін жәлеппін. Тісім қисық, өзімдікі емес. Ол үшін де жәлеппін. Көкірегімде екі баланы емізіп, кіндігіме дейін түсіп кеткен. Сол үшін де жәлеппін», – деді ол видеода.

Бейнежазбаны мына жерден көруге болады.

0
0
337

Қызылорда облысында кәсіпкерлік нысандарға қатысты 45 қылмыстық іс тоқтатылды

Мемлекет басшысы белгілеген басты және басым бағыттардың бірі отандық бизнесті қорғау болып табылады.Бас прокуратураның бастамасымен кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау саласындағы құқық қолдану практикасына талдау жүргізіліп, оның қорытындысымен бизнестің, оның ішінде қылмыстық-құқықтық саладағы жүйелі проблемалар анықталды.Мұндай мәселелерді шешу прокуратура органдарына жүктелді.Осыған байланысты 2022 жылғы қыркүйекте Бас прокурор барлық төмен тұрған прокурорларға, сондай-ақ елдің құқық қорғау органдары басшыларының атына кәсіпкерлерді заңсыз қудалауға жол бермеу жөнінде нұсқау берді.Нұсқауға сәйкес кәсіпкерлерге одан әрі шағымдану құқығын бере отырып, тиісті тексеру нәтижелері туралы актімен танысу мүмкіндігі берілді.Мұндай тәртіп 2023 жылы облыс кәсіпкерлеріне қатысты қылмыстық істерді т…

0
0
208

Ақмола облысында 420 гектардан астам орман сақталып қалды

Ақмола облысының табиғат қорғау прокуратурасы орман шаруашылықтары мен ұлттық парктердің орманды кесу көлемін негізсіз асыра көп есептеу фактілерін анықтады.

Анықталған заң бұзушылықтарды жою үшін Ақмола облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының атына прокурорлық қадағалау актісі енгізілді.

Қарау нәтижесінде 16 орман шаруашылығы мен ұлттық парктер кесуге мәлімдеген 108,9 мың текше метр орманның 46% немесе 50 мың текше метрден астамы алынып тасталды.

Жоғарыда аталған инспекция бөлімінің жауапты басшысы қатаң тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Осылайша, прокуратураның шараларымен орман қорын 420 гектарға ұтымды пайдалану және сақтау қамтамасыз етілді.

Ақмола облысының прокуратурасы

0
0
185

«Болат Назарбаев болған». Мәдина Ералиеваның ұлы анасының өлімі туралы айтты

Марқұм әнші Мәдина Ералиеваның ұлы Арсен Ералы STAN.KZ Youtube-арнасына сұхбат берді.«Халық біледі, қайтыс болған кезде жанында, көліктің ішінде Болат Назарбаев болды. Сол кісі маған телефон шалды. Ол кісі Байқоңырдың мәйітханасында екен. «Арсен, бұл рас, анаң қайтыс болды. Не істейміз, мәйітті соямыз ба, соймаймыз ба?» деп өзінің нелерін айта бастады. Мен «білмеймін» дедім. Қайдан білемін? 19 жасар баламын. Сосын үйдегі тәтем келді жылап. Үйде адамдар қаптап кетті. Мең-зең болып, білмеймін не істеп, не қойғанымызды. Сондай бір қиын жағдай болды үйде», – деп еске алды Арсен Ералы.Сондай-ақ ол анасы мен Болат Назарбаевтың бірнеше жыл некеде тұрғанын айтты.Айта кетейік, Арсен марқұм режиссер Болат Атабаевтың баласы.Мәдина Ералиева 2000 жылы 27 қарашада өзінің туған өлкесі – Қызылорда облысы…

0
0
410

Діндарлар әйел адамның дін істері басқармасын басқаруына қарсы

Әйелдерге исламда орын бар ма?Молдалар мемлекет ісіне араласты...Мынау шенеунік әйелдің суреті Қазақстан мұсылмандары діни басқармасында (ҚМДБ) жұмыс істейтін молдалар чатында қызу талқыға түсті. Дүмше молдалардың жаман ойынша, Дін істері комитетінің басшылары да еркек болуы тиіс екен. Еркек болғанда да - «Беті Құран көрген, бұты құман көрген» еркек!..Ау, молдафандар, өздеріңе көп алып жатқан жоқсыңдар ма!? Дін істер комитеті - Аида Балаева басқаратын Мәдениет және Ақпарат министрлігіне қарайтын мемлекеттік орган. Бұл орган сендердің мүфтиятыңның, сендердің бас мүфтиіңнің меншігі емес. Сендердің Бас мүфти сайлағандарыңа мемлекеттік шенеуніктер араласып жатқан жоқ қой. ҚМДБ Жарғысына сай болмаса да, Құранды қате оқитын, арабшасы нашар адамды Бас мүфти қылып алдыңдар. Ақорда жақтан «мынау б…

0
0
215

Қазақ-өзбек шекарасында рұқсат қағазын алу жеңілдейтін болды

Өзбек рұқсат бланкілерін беруді одан әрі оңайлату мақсатында Қазақстан Республикасы Көлік министрінің, Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің және Қазақстан Республикасы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің өзбекстандық рұқсат бланкілерін беру жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру туралы бірлескен бұйрығының жобасы әзірленді.Пилоттық жоба биыл сәуір айынан бастап Атамекен, Б.Қонысбаев, Қазығұрт, Қапланбек және Тәжен өткізу пункттрінде кеден органдарының өзбек рұқсат бланкілерін электрондық түрде беруді жүзеге асыруды көздейді.Тасымалдаушыға «үшінші елдерге/елдерден» түріндегі рұқсаттарды беруге өтінішті қабылдау Қаржы министрлігіне қарасты Мемлекеттік кірістер комитетінің аумақтық органдарымен CarGoRuqsat электрондық кезектің автоматтандырылған жүйесі арқылы ж…

0
0
245