Абайдың қара сөздері. Он үшінші сөз.
Иман деген – алла табарака уа тағаланың1 шәриксиз2, ғайыпсыз, бірлігіне барлығына уа әр түрлі бізге пайғамбарымыз саллалаһу ғалайһи уәсәлләм3 арқылы жіберген жарлығына, білдіргеніне мойын ұсынып, инанмақ. Енді бұл иман дерлік инануға екі түрлі нәрсе керек. Әуелі ? не нәрсеге иман келтірсе, соның хақтығына ақылы бірлән дәлел жүргізерлік болып, ақылы дәлел - испат4 қыларға жараса, мұны якини иман5 десе керек. Екіншісі ? кітаптан оқу бірлән яки молдалардан есту бірлән иман келтіріп, сол иман келтірген нәрсесіне соншалық берік боларға керек. Біреу өлтіремін деп қорқытса да, мың кісі мың түрлі іс көрсетсе де, соған айнып, көңілі қозғалмастай берік болу керек. Бұл иманды иман таклиди6 дейміз. Енді мұндай иман сақтауға қорықпас жүрек, айнымас көңіл, босанбас буын керек екен. Якини иманы бар деуг…