Мемлекеттік тіл немесе кімге керек?
Жақында бір сайт иесімен спорласып (пікір таластырып) әңгімелестік. Сайттың тілі қай тілде болу керек деген... Мен баяғы Қазақстан, қазақ тілі - мемлекеттік тіл деп пікірімді білдірдім, ол болса "Кому нужен тот и поставит, мне лично не нужен, то есть нет потребности, без казахского языка прекрасно живу в Казахстане" деп ойын білдірді. Жақсы бұл да бір тамаша пікір болсын және мүмкін ащы да болса өмірдің шындығы деп есептейік.
Дегенмен кейінгі менім сұрағым тіпті жауапсыз қалды немесе ойландырды деп есептеймін. Егер мемлекеттік тіл қазақ тілі емес басқа тіл болса, ол жағдайда қалай болар еді және қазіргі мемлекеттік тілді менсінбейтіндер қалай істер еді? Онда тек қана қазақ тілінде сөйлеймін және пайдаланамын дегендерді жауапқа тартатын шығар. Неге тек қана қазақша сөйлейсің немесе мемлекеттік тілді сыйламайсың деп. Негізі эксперимент есебінде басқа тілді мемлекеттік тіл деп қабылдап, ол тілдің қалай елімізде қалай дамитынын көру керек еді. Қызық болатын шығар.
Дегенмен, кеше Елбасымыздың биылғы жолдауын тыңдап отырып, жағдайымыз болашақта жақсы болар деп үміттендім:
Тілдерді дамыту: 2017 жылы мемлекеттік тілді меңгерген қазақстандықтардың саны кем дегенде 80 пайызға жетеді. Ал 2020 жылға қарай кем дегенде 95 пайыз болады. Он жылдан кейін мектеп бітірушілердің 100 пайызы мемлекеттік тілді меңгереді.
- Мен әрдайын бүгінде қазақстандықтар үшін үш тілді меңгеру – бұл өздері үшін міндетті шарт екенін айтып жүрмін. Сондықтан 2020 жылға қарай ағылшын тілін меңгерген халықтың үлесі кем дегенде 20 пайызды құрауы қажет, - деп қадап айтты Нұрсұлтан Назарбаев.
Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауынан. 2011 жыл.
