Ұлы Жібек жолымен – 2024
Алматыда Қазақстан Республикасы мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен «Атакент-Экспо» халықаралық көрме компаниясы ұйымдастырған «Ұлы Жібек жолымен – 2024» ХІІ халықаралық кітап және полиграфия көрмесі өтті. Көрмеге Қазақстан,Германия, Қытай,Түркия, Өзбекстан, Қырғызстан, Иран елдерінен баспагерлер мен полиграфиялық компаниялар, кітапханалар мен ақын-жазушылар қатысты. Көрме барысында түрлі баспалар танымал кітаптартарды қайта басып, оқырманға таныстырды. «Атамұра» баспасы белгілі жазушы Бердібек Соқпақпаевтың «Менің атым Қожа» шығармасын 2 тілде ұсынды. Қазақ орыс тілдеріне аударылған бұл шығарма әлемде 80 тілге аударылған. Сондай ақ жазушының «Балалық шаққа саяхат» атты туындысы да авторлық құқықты сақтай отыра жаңадан жарық көрді. Тұсаукесерге Бердібек Соқпақпаевтың қыз…