Мазмұнға өту

Ұлы Жібек жолымен – 2024

Алматыда Қазақстан Республикасы мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен «Атакент-Экспо» халықаралық көрме компаниясы ұйымдастырған «Ұлы Жібек жолымен – 2024» ХІІ халықаралық кітап және полиграфия көрмесі өтті. Көрмеге Қазақстан,Германия, Қытай,Түркия, Өзбекстан, Қырғызстан, Иран елдерінен баспагерлер мен полиграфиялық компаниялар, кітапханалар мен ақын-жазушылар қатысты. Көрме барысында түрлі баспалар танымал кітаптартарды қайта басып, оқырманға таныстырды.  «Атамұра» баспасы белгілі жазушы Бердібек Соқпақпаевтың «Менің атым Қожа» шығармасын 2 тілде ұсынды. Қазақ орыс тілдеріне аударылған бұл шығарма әлемде 80 тілге аударылған. Сондай ақ жазушының «Балалық шаққа саяхат» атты туындысы да авторлық құқықты сақтай отыра жаңадан жарық көрді. Тұсаукесерге Бердібек Соқпақпаевтың қызы Самал Соқпақпаева, Қайнар Олжай, Ермахан Шайхыұлы, Рақымғали Құл-Мұхаммед, Серік Қалиев және басқа да Қазақстанның танымал зиялы қауым өкілдері қатысты. Жиын барысында Бердібек Соқпақпаевтың шығармашылығы талқыланып,балалар әдебиетіне қосқан үлесі мен тәрбиелік мәні туралы ғибратты пікірлер айтылды. Шара барысында қазақтың күмбір қаққан домбырасымен әуезді ән шырқалды. Шараның шырайын кіргізген дәстүрлі әнші – Нұржан Жанпейісов. 

  Самал Соқпақпаева жиналған қауымның сұрақтарына жауап беріп, әкесінің шығармашылығына байланысты оқиғалармен бөлісті. Көрме аясындағы бұл тұсаукесер ұлттық әдебиеттің және балалар әдебиетінің өзектілігі мен құндылығын тағы бір мәрте дәлелдеді. 

  Жәрменкеге бас-аяғы 232 баспа және кітап саласындағы компаниялар шақырту алған. Шетелдік кітап сату дүкендері оқырманға құр қол келмеген көрінеді. Жеке қойын дәптер мен қаламсаптарды сыйлыққа ұсынды. Келген оқушылар мен студенттердің көптігінен көрменің іші лық толды. Бұл Қазақ елінің жастары кітап сүйер оқырман екендігінің дәлелі. Мен де шетелден келген университеттерге қызығып бірнеше сұрақтар қойып, құжаттарымен таныстым. Соның ішінде « Grant Turkey» бағдарламасы қатты ұнады. Кеңес берушілеодің айтуы бойынша Түркияға оқуға түсу өте оңа әрі тиімді екен. Бұл бағдарлама бойынша оқушы міндетті түрде Түркияға оқуға түсе алады деп кеңес берді. 5 жылдан астам тәжірбиесі бар бағдарламаның сапасы да жоғары болады деп үміттенемін.

  Көрме аясында Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ «Баспагерлік редакторлық және дизайнерлік өнер» кафедрасының ұйымдастыруымен «Қазақстандағы заманауи баспа ісі: келешегі мен келесі мәселесі» атты дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстелге баспагер Темірғали Көпбаев, кафедра меңгерушісі  Рамазан Айгүл Әмірғалиқызы, Қоңыр Мұқатайқызы және кафедраның аға оқытушылары мен студенттер қатысыты. Дөңгелек үстел барысында баспа саласының әлі де тұралап тұрған тұстары мен жетістіктерін атап өтті. Дөңгелек үстелдің модераторы – Темірғали Көпбаев оқытушылареа сөз ұсынды.

  Қоңыр Мұқатайқызының айтуынша «Қазақстанда стандарттар әлі күнге дейін бір қалыпқа түспеген. Сондықтан кітап стандарттарын анықтар кезде біз Ресейлік стандарттарға бағынамыз. Себебі Ресейлік стандарттар нақтыланған оның үстіне қарапайым титул бетті жасау үшін кемінде 10 стандарт қажет. Оқырман тек кітаптың мұқабасына ғана қарайды десеңіздер қателесесіздер. Оқырман дизайнға тіпті ISBN -ге де қарайды. Қазақстанның жастары кітап оқымайды деп жиі естимін бірақ мен оған келіспеймін. Жастар кітап оқымаса кітап саласы қазіргідей дамымас еді. Сол үшін біз сауатты кітап шығаруға ұмтылуымыз керек. Сауатты кітап саналы ұрпақты тәрбиелейді» дейді. Келесі болып сөз алған Филология ғылымдарының кандидаты Қарлыға Мысаева ғылыми аудармалар жайлы 2 тұжырымдамасымен бөлісті.

1) Ғылыми еңбектердің Қазақстанда сұранысқа ие екенін, терминдердің бірізді болмауының кесірінен ғылыми танымдық шығармалардың түсініксіз екенін алға тартты.

2) Қазақ тілі ғылымның тілі бола алады, ол үшін ғылыми терминдерді бір қалыпқа түсіру керек деп қысқа қайырды. Әрі қарай  «Баспагерлік редакторлық және дизайнерлік өнер» кафедрасының дизайн мамандары Жанарбек Берістенов пен Серікбай Бейсенбек кітап дизайны жайында пікір білдірді. Серікбай Бейсенбектің айтуы бойынша «Біздің кітаптарымыздың дизайны шетелдік мұқабалардың дизайнымен салыстыруға келмейді. Бүгін көрмеге келген Қазақстандық баспалардың кітап дизайндарын қарап көңілім түсті. Оқ бойы оза шауып тұрған баспалардың өзі дизайннан мүлдем хабары жоқ мамандарға тапсырыс беріп  жасатқан. Қазір жастар креативті. Баспа ісі және дизайн мамандығы дизайн мамандарын даярлайды. Баспалар өз ісін өз маманына тапсырса деймін» дейді ұстаз. Жанарбек Берістенов те кітаптың дизайны мен иллюстрациясы жоқ екенін айтты. Болашақта кітап иллюстрациясына ақша бөлінсе екен деп ұмыныс білдірді. Сөз соңыда Терірғали Көпбаев «Болашақ редакторлар – сауатты болуы керек. Қазақстанда 300 баспа бар. Сондықтан жастарға мүмкіндік көп деп дөңгелек үстелді қорытындылады.

Бүгінгі көрме оқушылар үшін де, студенттер үшін де тиімді болды деп ойлаймын. Қазақстандық баспалармен танысып, ақын-жазушылардың арқын- жарқын әңгімелері мен ақылдарын тыңдап ой қорыттық. Осындай көрмелер Қазақстанда жиі болып, таным көкжиегіміз одан әрі артса деймін.

0
0
112

Осы тақырып бойынша

Ұлы Жібек жолымен – 2024 - Yvision.kz