Нұрлы жол – болашаққа бастар жол
Елбасымыздың елге соңғы жолдауында алдағы дағдарыстың алдын алу , әлемде ақшаның құлдырауы, және баспана мәселесі, обылыстардағы арадағы жол мәселесін дамыту сияқты мәселелерді кеңінен айтып өтті. Әлемдегі ақшаның құлдырауына тоқтала кетсек : "Мен өзімнің тәжірибемнен алдын ала сезіп отырғанымдай, таяудағы жылдар жаһандық сынақтардың уақыты болады. Әлемнің бүкіл архитектурасы өзгереді. Барлық елдер осы күрделі кезеңнен лайықты өте алмайды. Бұл шептен тек мықты мемлекеттер, жұдырықтай жұмылған халықтар ғана өтетін болады. Қазақстан, әлемдік экономиканың бір бөлшегі және геосаяси қысымның эпицентріне тікелей жақын орналасқан ел ретінде, барлық осы үдерістердің теріс ықпалына тап келеді. Нәтижесінде не болып жатқанын біз көріп отырмыз: әлемдік нарықтарда баға құлдырауда және, тұтастай алғанд…