Нұрлы жол – болашаққа бастар жол
Елбасымыздың елге соңғы жолдауында алдағы дағдарыстың алдын алу , әлемде ақшаның құлдырауы, және баспана мәселесі, обылыстардағы арадағы жол мәселесін дамыту сияқты мәселелерді кеңінен айтып өтті.
Әлемдегі ақшаның құлдырауына тоқтала кетсек :
"Мен өзімнің тәжірибемнен алдын ала сезіп отырғанымдай, таяудағы жылдар жаһандық сынақтардың уақыты болады. Әлемнің бүкіл архитектурасы өзгереді. Барлық елдер осы күрделі кезеңнен лайықты өте алмайды. Бұл шептен тек мықты мемлекеттер, жұдырықтай жұмылған халықтар ғана өтетін болады. Қазақстан, әлемдік экономиканың бір бөлшегі және геосаяси қысымның эпицентріне тікелей жақын орналасқан ел ретінде, барлық осы үдерістердің теріс ықпалына тап келеді. Нәтижесінде не болып жатқанын біз көріп отырмыз: әлемдік нарықтарда баға құлдырауда және, тұтастай алғанда, экономикалық өсім баяулауда.
Халықаралық валюта қоры мен Дүниежүзілік банк тарапынан 2014 және одан кейінгі екі жылда әлемдік экономиканың дамуында болжам төмендеу жағына қарай қайта қаралғаны белгілі. Сондықтан кейбір позицияларды жедел түрде қайта қарап, сондай-ақ, алдағы кезеңдердің жоспарларына түзетулер енгізу қажет. Бізде ырғалып-жырғалуға уақыт жоқ. Бүгін айтылатын шараларды 2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап жүзеге асыру керек. Біз теріс үрдістердің алдын алу үшін барлық ықтимал шараларды жедел қабылдауға тиіспіз." -деп елбасымыз алдағы дағдарыстың алдын алу шарасын атап көрсетті.
"Кезінде Ұлттық қордың не үшін құрылғанын қаперлеріңізге салғым келеді. Оның басты міндеті – тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуды қамтамасыз ету және экономиканы сыртқы қолайсыз жағдайлардан қорғау. Дәл қазір біздің осы қорымызды қажетке жарататын кез келді. Қазақстан өзге елдердің қателіктерін қайталамай, экономикалық өсім үшін ішкі қорын барынша тиімді пайдалануы тиіс."
Қаншама жылдар бойы мына мұнайды шикідей экспортқа шығарып, одан түскен пайданы "Ұлттық қорға" жинап отырды. Осы жиналған қордың бірнеше қаражаты бірнеше жобаларға жұмсалды. Ендігі қалған ақшаны пайдаға асыратын уақыт келді деп айтып өтті.Елбасымыз басқа елдер сияқты кризис келгенде экономикамыздың құлдырап кетпеу ұшін осы қорды жинады. Ендігі кезекте осы қорды бірнеше жобаларды іске асыруға ақша бөлініп үкіметке тапсырылды. Яғни әр салаға , оының ішінде атап өтсек:
1. Жол саласы (обылыс арасындағы темір жол, тас жол, әуе жолдарын дамыту)
2. Баспана мәселесі ( банктерден несие , депазит алуға ең төмеңгі пайыздардан беру, жалға беру т.б.)
3. Кәсіпкерлерге (үлкен және кіші бизнес саласындағылар)
4. ЭКСПО 2017 бағдарламасы бойынша
5. Энергенияның жетіспеушілігі
6. Мектепке дейінгі балаларды оқыту бойынша
"Мен құрған комиссия қаржының тиімді жұмсалуын қатаң қадағалап, жеке өзіме баяндап отыратын болады. Әр теңге үшін қатаң сұрау болмақ. Барлық әкімдерге айрықша жауапкершілік жүктеледі. «Нұр Отан» осы жұмысқа белсенді араласып, барлық деңгейлерде қатаң партиялық бақылау орнатуы тиіс."
Және де осыған дейіңгі жобалар ауыл шаруашылығы, денсаулық, білім саласы бойынша жобалар ары қарайда жалғаса беретіндігін айтып өтті.
"Ел бірлігі – біздің барша табыстарымыздың кілті. Тұрақты дамудың қазақстандық моделі бүгінде бүкіл әлемге үлгі. Тәуелсіздігіміздің 25 жылдық мерейтойын және халықаралық ЭКСПO-2017 көрмесін табысты өткізіп, еліміздің әлеуетін әлемге паш етеміз. Ұлы жолдағы сапарымыз сәтті, болашағымыз жарқын болсын! Баршаңызға «Нұрлы Жол» Жолдауын жүзеге асыруда табыс тілеймін!"
