Мазмұнға өту
hope

Аруна Ортаева

@hope

Сайтта 2010 ж. 14 қазанКазахстан, Тараз

честно, иногда сама не понимаю какая я.

рейтинг

100

жазбалар

49

пікірлер

146

тіркелуші

19

жазылымдар

29

Жамбыл облыстық телекоммуникациялар дирекциясының бір топ қызметкері Тараз қаласындағы «Ұлан» балалар үйіне қайырымдылық жасады.

Олар өз қалталарынан 50 мың теңге ақша жинап, оған қосымша балаларға сыйлықтар алып берді. Осы қаржының есебінен, «Ұлан» балалар үйінің 7 тәрбиеленушісі Бурабайға демалуға баратын болып шешілді. Байланысшылар жасөспірімдермен тілдесіп, кездесу кезінде олардың тұрмыс жағдайларын, сабақтағы жетістіктері жайлы сұрады. «Ұлан» үйі ұзақ жылдар бойы жетімдерді бауырына басып, оларға жылы ұя бола алды. Бүгінде мұнда 113 жасөспірім тұрып жатыр, оның 111-і – қазақ баласы. Ұл-қыздардың тәрбиесін жетекшілері жіті қадағалап келеді. Білімі де қатаң бақылауда, сондықтан болар өткен жылы ұлттық бірыңғай тестілеуден «Ұлан» балалар үйінің бір оқушысы 115 баллмен жоғары оқу орнына оқуға тегін түсті.

0
5
1036

Тараз қаласының тұрғындары Азиада алауын көре алды

Азиада алауын тамашалауға Тараздықтар таңертең сағат 9-дан бастап дайындалды. Спортшылар жүгіріп өтетін басты көшелерде қоғамдық көліктер тоқтатылып, жан-жақтан студенттер, оқушылар, оқытушылар қауымы жинала бастады. Биылғы жылдың басты оқиғасын көруге мемлекеттік қызметкер еместер де асықты. Жамбыл жұртшылығының жолы болды. Күн райы қатты аяз болмай, эстафетаны біраз қызықтауға мүмкіндік берді. Азиада алауын алып жүріп өту құрметі белгілі әнші Досымжан Таңатаровқа бұйырыпты. Арланның ақ образына оранған оның көңіл-күйінен қобалжығанын анық байқауға болады. Міне, халық ұзақ жаурап, тағатсыздана көп күткен сәт! Ал мына көліктің ішінде біздің Қазақстанымыздың намысын қорғайтын спортшыларымыз отыр. Ендеше алаушыларымызға сәттілік тілейік! Қазағымыздың мерейін асырып, туымызды өзгелерден жоға…

0
5
460