Жамбыл облыстық телекоммуникациялар дирекциясының бір топ қызметкері Тараз қаласындағы «Ұлан» балалар үйіне қайырымдылық жасады.
Олар өз қалталарынан 50 мың теңге ақша жинап, оған қосымша балаларға сыйлықтар алып берді. Осы қаржының есебінен, «Ұлан» балалар үйінің 7 тәрбиеленушісі Бурабайға демалуға баратын болып шешілді. Байланысшылар жасөспірімдермен тілдесіп, кездесу кезінде олардың тұрмыс жағдайларын, сабақтағы жетістіктері жайлы сұрады. «Ұлан» үйі ұзақ жылдар бойы жетімдерді бауырына басып, оларға жылы ұя бола алды. Бүгінде мұнда 113 жасөспірім тұрып жатыр, оның 111-і – қазақ баласы. Ұл-қыздардың тәрбиесін жетекшілері жіті қадағалап келеді. Білімі де қатаң бақылауда, сондықтан болар өткен жылы ұлттық бірыңғай тестілеуден «Ұлан» балалар үйінің бір оқушысы 115 баллмен жоғары оқу орнына оқуға тегін түсті.
