"Қазақша сөйлемеші"
Карантин басталып, үйге келгелі, қазақша сөйлеуді ұмыта бастағанымды ұқтым. Бұрындары достарым осылай айтқанда, мойындағым келмейтін, бірақ шындыққа тура қарау қажет екен. Тілім бұралып, екі сөздің басын қоса алмай, сөйлемдегі бес сөздің үшеуін орысша айтатын жағдайға жетіппін. Менің де шала қазаққа айналғаным ба? Солай болса, қашан, қалай жəне неге? Бұрын қазақша дұрыс сөйлей алмайтындарға көзімді алартатынмын, ал қазір өзім де солардың қатарындамын. Менің сұрақтарымды енді өзіме қоятын болды. Тығырыққа өзім тірелгендеймін. Тек қазір ғана қазақша сөйлеуге қиналатындардың қандай сезімде болатынын түсінудемін. Біраз сараптама мен бақылаулардан кейін келесі қорытындыға келдім. Қазақша жеткілікті деңгейде сөйлей алмайтыныңа ұяласың. Бұл сезім кейін кінəлауға ұласады. Кінəні өзіңнен іздейсің,…