Мәзхаб-білімділерге табысталған аманат
Аса қамқор ерекше мейрімді Алланың атымен бастаймын! Ислам тарихында мәзхабтарды мойындамайтын, фитнамен айналысып үмметті жіктеген небір бүлікші топтар аз болмады. Олардың кейбіреулері тіпті, белгілі бір уақыт өрлеу кезеңдерін де бастан кешірді. Бірақ, түптің түбінде мәзхабтармен иық теңестіре алмаған олар тар ауқымдағы белгілі бір міндеттерді орындаушылар ретінде ғана көрініп, сонан соң ыдырап кетіп отырды. Осындай топтардың бәсекелестік әрекеттерінің нәтижесінде мазхабтар мезгіл-мезгіл өз ұстанымдарына сын көзбен қарап, өздерінің әлсіз жерлерін бағамдап, өздерін жетілдірумен болады. Әуел бастан кең тынысты, білікті мужтаһид имамдар көп еңбек сіңірген, сол себепті де берік негізге орнығып жан-жақты жүйеленген, әлеуеттері өте мол мәзхабтарды еңсеру ондай топтар үшін мүмкін емес. Сондықта…