Мазмұнға өту
gbaqytkereiuly

gbaqytkereiuly

Сайтта 2013 ж. 20 наурыз

Пайдаланушы әзірге өзі туралы ештеңе жазбаған.

рейтинг

101

жазбалар

36

пікірлер

77

тіркелуші

6

жазылымдар

8

Молданың айтқанын істе

Аса қамқор ерекше мейрімді Алланың атымен бастаймын! Қазақта «Молданың істегенін істеме, айтқанын істе» деген сөз бар. Бұл кейбіреулер ойлайтындай молдаларды мысқылдау, және сол арқылы дінге көлеңке түсіру емес. Мұның төркінінде терең мән жатыр. Дін қызметіндегі молдалар қарапайым мұсылмандардан шариғи білімі мен қызметі бойынша жоғары тұрғанмен, жеке бастарының қасиеттері жағынан алғанда өзгелерден көп артықшылықтары бола бермеуі мүмкін. Себебі, олар да пенде, яғни оларға да кемшіліктер мен әлсіздіктер тән. Сол себепті де дінді молдалардың бойларынан емес, олардың тілдерінен көбірек іздеген жөн болады. Қанша жерден түзу болса да, молдалардың істеген істеріне қарап дінді жан-жақты түсіну мүмкін емес. Дін ілімін тек олардан сұрау арқылы ғана игеруге болады. Осы дінді дұрыс түсіндіру, барлы…

-5
0
4875

Күнәнің зияны

Аса қамқор ерекше мейрімді Алланың атымен бастаймын! Күнәға беріліп жүрген әрбір адам тек қана күна жасаушы ғана емес, сонымен қатар оны елге таратып, насихаттаушы болып та табылады. Небір ел жағасын ұстайтын сұмдықтар әуелі бір адамнан бастау алып, бірте-бірте елге індет болып таралып кетеді. мұндай індетке бой алдырған әрбір адам «жалғыз мен ғана емес, өзгелер де солай істеп жүр ғой» деп өзін-өзі ақтай отырып бірте-бірте қысылуды қойып еркінси бастайды. Мұндай жандар әдетте жұрттың бәрінің де осындай азғындық жағдайға жетіп, өзі тәрізді күнаһар болғанын тілеп жаман пиғылда жүреді. Және шамалары келгенінше өзгелерді де жолдан тайдырып, азғындатуға тырысып бағады. Соның нәтижесінде адамдар жаппай бұзылып, халық, тіпті, бір-бірімен жарыса азғындайтын болады. Бір адамның діннен, адалдықтан…

-5
0
1463

Әйел-отбасының ұйытқысы

Аса қамқор ерекше мейрімді Алланың атымен бастаймын! Әрбір әйелдің бұл дүниедегі басты міндеттерінің бірі аналық міндетін тиісінше атқару. Ол оның қасиетті борышы. Түрлі сылтаулар айта отырып баладан бас тартып, өз баласын өлтіретін әйел мен Алладан қорқа отырып дүниеге сәби әкеліп, оған аналық мейрімін төгіп аялап өсіретін әйелдің айырмашылығы жер мен көктей. Дүниеге сәби әкелуден қашқан әйел дүниеге өзімшіл такаппарлық әкеліп, соны аялап өсіреді. Өзі түгел жақын-жуықтарының да сорына айналатын осынау менмендігінің құлы болған әйелге өз кінасын іскерлік және саяси жетістіктерімен ақтауы қиын. Шындығына келгенде өзінің аналық парызына адал бола алмаған әйелдің қоғамды қарық қылуы екіталай. Алла Тағаланың алдында адамның құны оның іскерлігімен, саяси белсенділігімен емес, оның адамшылығыме…

-5
0
2002

Мәзһабты қорғау тек мәзһабты қорғау ма?

Аса қамқор ерекше мейрімді Алланың атымен бастаймын! Сонау Ислам дінінің бастауында имам Әбу Ханифа, Имам Малик, имам Шафиғи, және имам Ахмад ибн Ханбал тәрізді сәлаф ғұламалар негіздерін қалаған, содан бері талай ғасырлар Исламның ақыл-ойы да, қаруы да болып дінді осы кезге аман жеткізген, көпті көрген төрт мазхабтың да тағдыры талқыға түсе бастаған күндер туды. Өздері жақын арада пайда болса да мазхабтарды сынауда шеберлік таныта білген, сол арқылы мазхабтардың беделдерін түсіріп, олардың жамағатын өз қатарларына көптеп тартып жатқан кейбір фитнашы топтардың өсу қарқыны алаңдатпай қоймайды. Олардың әрекеттерінен шамалары жетсе мазхабтарды жойып, олардың орнын басу мақсаты анық байқалады. Бұл несімен қауіпті? Егер осы кезге дейін мұсылмандардың басым көпшілігі өзара тату төрт мазхабқа бі…

-5
0
915

Дін, саясат, және ел тағдыры

Аса қамқор, ерекше мейрімді Алланың атымен бастаймын! Алла кімді тура жолға салуды қаласа, оның көңілін Ислам үшін кеңітеді. Құран Кәрім 6:125. Аллаға сансыз мадақ! Осы аятта айтылғандай Алла Тағала халқымызды тура жолға салуды қалап, оның жүрегін Ислам үшін аша бастады. Соның нәтижесінде жылдан –жылға құлшылық етушілердің қатары өсіп, жер-жерлерде жаңа мешіттер ашылып, дініміз кеңінен қанат жайып келеді. Бірақ, осы жетістіктерімізбен қатар оған көлеңке түсіріп, көңілде бір мазасыздық тудырған қауіпті бір үрдіс те бой көтере бастады. Бұл намазхандар арасындағы бөлінушілік. Алла Тағала өзара бөлініп, үздіксіз ыдырау үстіндегі Кітап иелерін мысал ете отырып аяттар арқылы бөлінбеуді нұсқау етсе де, себеп тауып топ құрап алушылықтың зардабын мұсылмандар да тартумен келеді. Міне, осындай жікші…

-5
0
1568