Жол-патрульдік полициясы қызметкерлерінің техникалық құралдарына қоғамдық аудит

Жолдарда сыбайлас жемқорлықтың деңгейін төмендету бойынша 10 қадамды жүзеге асыру жөніндегі 4-ші қадаммен техникалық құралдарға қоғамдық аудит жүргізу көзделген.
2017 жылдың 12 мамырында қоғамдық аудит бойынша комиссия СҚО ІІД ЖПҚ қызметкерімен бірлесіп Петропавл қ. ЖППБ инспекторлары орналасқан орындарды аралап шықты. Тексеріс барысында саны 2016 жылдың қарашасымен салыстырғанда едәуір артқан бейнежетондардың пайдаланылуына және олардың тиімділігіне ерекше назар аударылды. Ал бейне түсірілімді үздіксіз қамтамасыз ету үшін инспекторлар арнайы портативті қуат көздерімен жарақтандырылған.
Іс-шара қорытындысы бойынша Петропавл қаласы ЖППБ инспекторларының қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдер азайту жөнінде бірқатар ұсынымдар әзірленді.




