М. Жұмабаев ауданы ХҚКО ұжымына сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама түсіндірілді

А.ж 11 мамырында М. Жұмабаев ауданының мобильді тобы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КАҚ филиалы - «Халыққа қызмет көрсету орталығы» ұжымымен кездесті.
Мобильді топ мүшелері ұжымды еліміздің 2015-2025 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясының жүзеге асырылу барысымен таныстырды. Осы орайда сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат бұрынғыдай аталмыш індеттің салдарымен күресуге емес, керісінше оның алдын алуға, яғни жемқорлық құқық бұзушылықтарды тамырымен жою үшін мемлекет пен қоғамның күшін біріктіруге бағытталғандығын тілге тиек ете кетті.

Шара барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамаға қатысты жолданған сауалдарға түсіндірмелер беріліп, тақырыптық бейне роликтер көрсетілді.
