Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Құрметті Солтүстік Қазақстан облысының тұрғындары!

2017 жылғы 20 маусымда Мемлекеттік қызметші күнінің қарсаңында (елімізде жыл сайын 23 маусымда тойланады), Агенттік республикалық телеарнада «Қазақстанның мемлекеттік қызметінің келешегі» атты ток-шоу өткізуді жоспарлап отыр.

Бүгін өз халқының мүддесін бірінші орынға қоятын кәсіби және нәтижелі мемлекеттік қызметші болу – заманымыздың талабы. Ток-шоуды өткізу Қазақстанның мемлекеттік қызметінің маңызды мәселелері мен әрі қарай даму перспективаларын белгілеуге мүмкіндік береді.

Сіздің ойыңызша талқылауға қызықты ұсыныстар мен сұрақтарыңызды сондай-ақ ток-шоуда сол сұрақтарды талқылау үшін спикерлерді ұсына аласыздар.

Келіп түскен сұрақтардың ең өзектілері ток-шоу барысында талқылауға шығарылады.

Құрметті сайт пайдаланушылары, қызықты сұхбатты қамтамасыз ету үшін Сіздерді жобаға белсенді түрде қатысуға және Өз ұсыныстарыңызды қалдыруға шақырамыз!

Алдын-ала Сіздерге қатысуларыңыз үшін алғыс білдіреміз!

http://kyzmet.gov.kz/kk/pages/memlekettik-kyzmetshi-kuni-2017-0

 
0
0
545

Осы тақырып бойынша

Құрметті Солтүстік Қазақстан облысының тұрғындары! - Yvision.kz