Қазақ жастары кәсіпке неліктен бейім емес?
«Бұлақ көрсең көзін аш», «Болар елдің баласы он бесінде баспын дейді», «Ақыл жастан», «Болайын деген баланың бетін қақпа, белін бу» дейді халық даналықтары. Бірақ неліктен қазіргі жастар кәсіп жүргізуге бейім емес деген сұрақ туындайды. Жауап білу мақсатымен, жастардың өзінен сұрап көрдік. Олардың көпшілігі жалқаулықты алға тартады. Сұрақ қойылған жастардың басым бөлігі тіпті жауап беруден қашты. Осыдан, қазақ жастары пікір беруге де бейім емес пе деген ой пайда болды. Бір жағынан, жас буынның өз идеяларын жүзеге асыруға бойындағы үрей де кедергі келтіретін сияқты. Әлеуметтанушы Ботагөз Ракишеваның берген бағасы бойынша, қазақстандық жастардың бизнеспен шұғылдануына табандылық пен батылдық жетіспейді деп есептейді. Оған қоса, екінші бір себеп – қаржының жетіспеуі. Егер де қолдарында алғаш…