Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Қазақ жастары кәсіпке неліктен бейім емес?

 

«Бұлақ көрсең көзін аш», «Болар елдің баласы он бесінде баспын дейді», «Ақыл жастан», «Болайын деген баланың бетін қақпа, белін бу» дейді халық даналықтары.

Бірақ неліктен қазіргі жастар кәсіп жүргізуге бейім емес деген сұрақ туындайды. Жауап білу мақсатымен, жастардың өзінен сұрап көрдік. Олардың көпшілігі жалқаулықты алға тартады. Сұрақ қойылған жастардың басым бөлігі тіпті жауап беруден қашты. Осыдан, қазақ жастары пікір беруге де бейім емес пе деген ой пайда болды. Бір жағынан, жас буынның өз идеяларын жүзеге асыруға бойындағы үрей де кедергі келтіретін сияқты. Әлеуметтанушы Ботагөз Ракишеваның берген бағасы бойынша, қазақстандық жастардың бизнеспен шұғылдануына табандылық пен батылдық жетіспейді деп есептейді.

Оған қоса, екінші бір себеп – қаржының жетіспеуі. Егер де қолдарында алғашқы капитал болса, жастардың 45%-ы жеке кәсіпті қолға алуға дайын. «Қала» мен «ауылды» салыстырып қараған зерттеулерге сүйенсек, ауыл жастары әлдеқайда белсенді көрінеді.

Алайда, креативті де сәтті бизнес-жобаларды дәл жастардың ойлап табатынын да айта кету керек.

Кәсіпкер Камиль Каримовтың ойынша, жастардың жеке кәсіпкерлігін қолдау қажет. Себебі,  дағдарыс боларды, әлеуметтік осалдыққа жастар түседі – жұмыссыыздар қатарына бірінші түседі.

Бүгінде жастар кәсібін қолдаумен тек «Даму» қоры айналысуда. Ондағы есеп бойынша, жастар бизнесі тек 2,5%-ды құрайды.

Студеттерге арналған кішігірім бизнес-жоспар ұсынамыз.

1)    Қазірде қолданысқа ие бизнес-жоспарлардың бірі – жоғарғы оқу орнының эмблемасы ненмесе символын қолданып, спорттық киімдер шығару.

Бизнес мәні: Тауар жаңа стууденттерді ғана емес, бітіруші түлектерді де қызықтырары сөзсіз (естелікке арналған сый).  Алдымен тауар сата алу үшін басшылықтан рұқсат аласыз. ЖОО эмблемасын сайттан не әкімшіліктен сұрап, оның кем дегенде 50 көшірмесін жасайсыз. Бұған көп дегенде 5000-6000 теңге жұмсалады. Ары қарай, киіімды дайындауға кірісесіз: оны сатып алу 7-20 мың арасын қамтыса, эмблеманы өзіңіз не болмаса біреудің жапсырғанын қаласаңыз, 5-10 мың көлемінде қаржы саласыз. 5-15 шақты дизайн мен сапасы бар спорттық киім әзірлеп қойсаңыз болады. Бұл – 30-75 доллардың көлемін құрайды. Сонымен қоса, қызықты суреттермен осы киімдердің каталогын шығарсаңыз, студенттер арасында кең таралары сөзсіз. Оның ішіне түрлі дизайндарды да қоссаңыз болады, сол арқылы тапсырыс жинай аласыз. Алғашқы күні қандай киімнің сұранысқа көп екенін саралап, тапсырыс жинап, тізім жасайсыз. Егер сіздің факультетте 1000 адамнан оқиды деп есептесек, аптасына 50-100 киім мен 100-300 белгілер (брелок, кепка, т.б.) сатуға болады. Жиналған ақшаны айналымға жібересіз.

Қысқасы, бұл жоспарда ең басты нәрсе – фантазия, келісім жасай білу және, әрине, сауда жасай білу. Оның үстіне, бұл жағдайда тәуекелге бару қаупі – төмен.

2)    Атауы: New steps. Тренинг арқылы бизнес жасау.

Бизнестің мәні: Білімді және бос уақыты бар жоғарғы курс студенттері 1-2 курс студенттеріне ақылы тренингтер ұйымдастырады. Олармен өз білгендерімен бөліседі. Әр тренинг курсына арнайы тақырыптарды дайындап келеді.

Бұл идеяның жаңашылдығы мен ерекшеліктері: Бұл уақытқа дейін студенттерге арнайы тренинтдер ұйымдастырылмаған. Сонымен қатар, студенттердің әлеуметтік жағдайын ескеретін болсақ, қазіргі өтіп жатқан курстардың көпшілігі қымбат. Ал New steps-тің бір тақырыпқа арналған курсы 1000 теңгеден аспайды.

Негізгі пайдаланушылар: Студенттер.

Маркетологтық талдау: Жыл сайын ЖОО 150 мыңнан астам студенттер оқуға түседі. Олардың барлығы жаңа өмірге тез үйреніп кете алмайды. Психологиялық ауытқуларға ұшрауы да мүмкін. Осы олқылықтың алдын алу үшін магистранттар ғана жұмыс істейтін тренингтік агенттіктің болуы қажет.

Реализация үшін қажетті қаржы: 1 млн теңге.

Ай сайын 80 мың теңгелік офис жалдайды. 5 ай 350 мың теңгені офиске жұмсайды. Қажетті құрал жабдыққа 200 мың теңге. Жоба өзін ақтап алғанша тренинг коачтарына айлық ретінде 450 мың теңгені жұмсайды. Жоба бес ай ішінде жұмсалған ақшаны ақтайды.

Жұмыс орындары: 7 коач дәріс береді. 5 айдан соң ол сан екі есе өсуі тиіс. Сонымен қатар аймақтар да жұмыс орындары ашылады.

 

Жастар үшін бұдан да көп безнес-жоспарлар бар. Мәселен, микронаушник, кітап қаптары, жеке сайттар ашып, белгілі бір жетістікке жетіп отырған жастар да баршылық. Десе де, жастар жаңашылдыққа бейім, сондықтан, өзгеге ұқсамайтын идеяларды жүзеге асыруға болады.

0
0
616

Осы тақырып бойынша