Отбасы бар еркекке ғашық болу қаупі...
Көбінде психолгтар 40-тан асқан ер адамдар өмірінде екінші рет ғашық болуы ықтимал деп жатады. Ал, сол еркектің көзіне іліккен дәл Сіз болсаңыз ше? Тіпті ол азамат Сізге де ұнап, оны идеал деп бағаласаңыз күніңіз не болмақ?! Жасым 21-де. Бұған дейін өзімді "тура жолдан таймаған" қазақтың қарапайым қызы ретінде бағалап келдім, сөздің шыны керек. Осыдан жарты жыл бұрын жұмыс орнымды ауыстырып, көптеген адамдармен жұмыс бабы бойынша таныстым. Жұмысым да жаман емес, өңкей лауазымды тұлғалардың арасында өз қабілетімді көрсетіп келемін. Сол "статустағы" бір азамат менің қазіргі күйімнің себепкері болып отыр... Әйелі бар, екі баланы тәрбиелеп отырған азамат. Біздің танысуымыз дәл кинодағыдай ерекше болды. Ол орыс тілді "тұлға" мендей пысық, сүйкімді қызды сырттан бақылап жүргеніне біраз болыпты.…