Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Отбасы бар еркекке ғашық болу қаупі...

Көбінде психолгтар 40-тан асқан ер адамдар өмірінде екінші рет ғашық болуы ықтимал деп жатады. Ал, сол еркектің көзіне іліккен дәл Сіз болсаңыз ше? Тіпті ол азамат Сізге де ұнап, оны идеал деп бағаласаңыз күніңіз не болмақ?!

Жасым 21-де. Бұған дейін өзімді "тура жолдан таймаған" қазақтың қарапайым қызы ретінде бағалап келдім, сөздің шыны керек. Осыдан  жарты жыл бұрын жұмыс орнымды ауыстырып, көптеген адамдармен жұмыс бабы бойынша таныстым. Жұмысым да жаман емес, өңкей лауазымды тұлғалардың арасында өз қабілетімді көрсетіп келемін. Сол "статустағы" бір азамат менің қазіргі күйімнің себепкері болып отыр...

Әйелі бар, екі баланы тәрбиелеп отырған азамат. Біздің танысуымыз дәл кинодағыдай ерекше болды. Ол орыс тілді "тұлға" мендей пысық, сүйкімді қызды сырттан бақылап жүргеніне біраз болыпты. Бір жиналыстан соң маған жақындап, есімін кім деп сұрамасы бар ма. Сасып қалған мен жоқ, сөзге ептімін. Өзімді таныстырып, сұрақтарына бірден жауап қаттым . Ол маған менің кабинетіме кіріп кетіңізші уақыт ыңғайы келгенде деді. Жақсы деп, күлімсіреп қарадым.1 аптадан кейін тағы бір көріп қалдым, неге кірмедіңіз деп ренжулі интонациямен сұрақ астына алды. Жақсы ертең кірейін деп, уәдемді айтқан күні орындадым. Оны бұған дейін басқа бір жиналыста бірінші рет көрген едім. Ол кезде оның осындай қызметтегі адам екенін, кім екенін білгенім жоқ. Бірақ, сыртынан мына кісі қандай сауатты, аратордың нағыз өзі ғой деп ойладым да қойдым. Кейіннен қайда кім болып қызмет атқаратынын білгенімде, ұялдым. Жасы да менен біршама үлкен.... осылайша бірнеше рет коридорда, лифт маңында көрісіп қалып жүрдік.

Оны көрсем, өзімнен-өзім қуанышқа бөленетінмін. Сол күні менен асқан ақкөңіл жоқ, жұмыстарымды да ойдағыдай аяқтайтынмын. Ал керісінше көрмей қалсам, қабағым ашылмай, тек сол кісіні жай ғана көріп қалсам ғой тегі, деп ойға бататынмын. Ол маған кеше қоңырау шалды. Қазіргі күйге түсуімнің себебі де сол. Маған көлік жіберді. Сол кісіге баратынымды білемін, тек қайда екенін білсемші... Келген бойда зәулім сарайдай үй көрдім. қақпа бізге айқара ашылды. Алдымнан жүгіріп жас жігіт қарсы алды, жоғарыға көтеріліңіз деп...

Жалғасын оқығыларыңыз келсе, маған коммент қалдырсаңыздар болады.... Бұл туралы фильм түсіруге де болатын шығар?!

0
0
2687

Осы тақырып бойынша

Отбасы бар еркекке ғашық болу қаупі... - Yvision.kz