А.ж. 21 қазанында ҚР Үкіметі отырысының қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Бірінші вице-министрі Ұ.С. Қарабалин баяндады
1. Мұнай өнімдерінің нарықтағы жағдайыҚазақстандағы мұнай өндіру зауыттарының қуаты еліміздің нарығындағы ашық түсті мұнай өнімдеріне деген барлық сұранысты қамтамасыз ете алмайды. Республикадағы мұнай өндіру зауыттарын мұнаймен толыққанды жүктегеннің өзінде, мұнай тапшылығы 30-40% құрайды, аталған тапшылық Ресей Федерациясынан, сонлай-ақ басқа да мемлекеттерден әкелінетін импорт есебінен толықтырылады.2014 жылдың екінші жартыжылдығында орын алған бірқатар себептерге байланысты Ресейден әкелінетін мұнай өнімдерінің көлемі азая бастады. Қазақстанның ішкі нарығында орын алған жағдайды тұрақтандыру мақсатында Үкімет тарапынан жедел түрде бірқатар шаралар қолданылды:- ҚР мұнай өндіру зауыттарын мұнаймен жүктеу артты;- Шымкент мұнай өндіру зауытында жүргізілу керек болған жоспарлы құрылыс жұмыстарының мерзімі а.ж. қазан айынан 2015 ж. наурыз айына жылжытылды;- ҚазМұнайГаз мейлінше үлкен, сондай-ақ өзіне тиімсіз импортты жүргізіп жатыр:ü А.ж. маусым-қыркүйек аралығында 30 мың. тонна АИ-92 ЖЖМ әкелінді;ü А.ж. қазан-желтоқсан аралығында 272,5 мың. тонна АИ-92 ЖЖМ әкелу жоспарланған.- Қазақстаннан Ресейге мұнай өнімдерін заңсыз түрде көлік көмегімен шығарудың алдын алу мақсатында Қазақстан мен Ресей арасындағы шекаралас аймақтарда бақылау күшейтілді.Мәселелерді шешу мақсатында мұнай өнімдерінің ішкі нарығынтұрақтандыру бойынша Іс-шаралар жоспары әзірленді, аталған жоспар 2014 жылдың 18 қазанында өткен мұнай-газ және энергетикалық саланы дамыту бойынша өткен ведомствоаралық комиссия отырысында қарастырылды.Бірінші этапта келесі шаралар қолданылады, немесе жоспарланған:- Мұнай өнімдері импортының географиясын кеңейту (Беларусь Республикасы, Әзірбайжан Республиксы, ҚХР);- Толлинг операциялары шеңберінде салықтық жеңілдіктердің мерзімін ұзарту;- «ҰК «Қазақстан Темір Жолы» АҚ арналған дизель отынының қосымша қорын құру;- Мұнай өнімдерінің заңсыз айналымының алдын алу шараларын бұдан әрі күшейту;- Аи-92/93 маркалы отынның тұрақтандыру резервін құру.Қазіргі таңда жүргізіліп жатқан Қазақстандағы мұнай зауыттарын қайта құру және жаңарту жұмыстары 2017 жылы ішкі нарықтың сұраныныс өз елімізде өндірілетін өнім есебінене толтыруға мүмкіндік береді.ҚР Энергетика министрлігі өз тарапынан аймақтарға жеткізілетін мұнай өнімдерінің жағдайын күнделікті бақылап отырады. 2. ҚР газдандыру мәселесі бойыншаА.ж. 21 қазанында Үкімет отырысында Энергетика министрлігі Қазақстан Республикасын газдандырудың негізгі сызбасының жобасын ұсынды.Аталған сызба газдандырудың экономикалық негізделген стратегиялық бағыттарын айқындайтын құжат болып табылады. Сызба Қазақстанның территориясын ұйымдастырудың негізгі сызбасына сәйкестендіріліп әзірленген және оның құрылымдық бөлігі болып табылады.Қазақстанның 16 аймағының 10-ы газдандырылған, оның ішінде еліміздің барлық батыс және оңтүстік аймақтары және Алматы қ..Алматы облысында газдандырудың деңгейі 19 %-ды, ал Маңғыстау облысында 99 %-ды құрайды.Еліміздің солтүстігі, орталығы және шығысы Қазақстанның газдандырылмаған аймақтары болып саналады (Олар: Астана қ., Ақмола, Қарағанды, Павлодар, Солтүстік-Қазақстан, Шығыс-Қазақстан облыстары). Негізгі сызбаны әзірлеу шеңберінде газдандырудың 3 сценариі дайындалды:Сарапшылардың бағалауының нәтижесіне сәйкес бұдан әрі қабылдауға ҚР газдандыруды дамытудың негізгі сценарийі (шынайы) ұсынылады.Негізгі сызбаны жүзеге асыру келесі реттегі болжамдық көрсеткіштерге қол жеткізеді.- Ішкі нарықтағы тұтыну мөлшерін 11 млрд.м.кубтан 18 млрд. м. кубқа арттырады;- 2030 жылға дейін газдандырылған елді мекендердің санын 988-ден 1 621-ге дейін арттыру жоспарланып отыр;- 2030 жылғы дейін газдандырылған абоненттердің санын 1,4 млн.-на 2,9 млн-ға дейін, немесе отбасылық көрсеткіштерге сәйкес 5,6 млн.адамнан 12 млн. адамға арттыру жоспарланған. Отбасылық коэффициент – 4 адам.- Жаңа газ құбырларын құру және олардың сомалық ұзақтылығын 28,5мың.км-дан 57,5 мың.км.-ге дейін жеткізу (Астанаға дейін, Бейнеу-Бозой-Шымкент, Алматы-Талдықорған).- 2030 жылға дейін Қазақстан тұрғындарын газдандыру деңгейін қоса алғанда, ағымдағы 32% - дан 56%-ға дейін газдандырылады. 2030 жылғы дейінгі қажетті инвестиция көлемі – 656 млдр. теңге. (2013 жылғы өлшемдік бағамен алғанда)ҚР «Газ және газдандыру» Заңына сәйкес, газдандыру шараларын қаржыландыру – мемлекеттік бюджеттен, Ұлттық оператордың қаржысынан және басқа да қаржы көздерінен жүзеге асырылады.
