Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

2015 жылғы Муз-ТВ премиясы Астанада өтеді

Бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде Ресей шоу-бизнесі өкілдерінің қатысуымен баспасөз конференциясы өтіп, онда Муз-ТВ арнасының бас директоры Арман Дәулетияров дәстүрлі Муз-ТВ премиясының биыл Астана қаласында 5-маусым күні өтетіндігін мәлімдеді. Премияның биылғы атауы – Гравитация.

Музыкалық арна басшысының айтуынша, бұл шара Ресей мен Қазақстанның мәдение байланысын нығайту мақсатында жасалғалы отыр. Ол сондай-ақ, премияның биыл ерекше жағдайда өтетінін және қазақстандық колоритке көп көңіл бөлінетінін жеткізді.

Атап айтқанда, еліміздің мәдениетін насихаттау мақсатында «Қазақстанның үздік әртісі» номинациясы қосылады. Номинантты анықтау үшін өнер саласының мамандары 5 үздік әртісті анықтап, ары олардың ішінен бүкіл халықтық дауыс беру бойынша жеңімпаз анықталады. Дауыс беру «Қазақстан» арнасы арқылы жүзеге аспақ, себебі жобаның бас ақпараттық әріптесі аталмыш арна. Жеңімпаз Муз-ТВ премиясының табақшасымен марапатталады. Жалғасы...


0
0
352

Осы тақырып бойынша

2015 жылғы Муз-ТВ премиясы Астанада өтеді - Yvision.kz