Мазмұнға өту
elimai

ел. кз

@elimai

Сайтта 2012 ж. 12 қарашаКазахстан, Астана

El.kz это молодежный интернет-проект, направленный на развитие культуры, спорта, науки и истории Казахстана. Наш проект объединяет самых талантливых и интересных молодых людей. Это 190 тысяч соавторов социальной сети и блог-платформы, благодаря которым El.kz продолжает расти и создавать уникальный материал о Казахстане, казахстанцах, родном языке, великой культуре и традициях нашего народа.

рейтинг

100

жазбалар

1 615

пікірлер

0

тіркелуші

28

жазылымдар

16

2015 жылғы V «Қазақстан Барысы» финалына қатысатын балуандар

4 шілде күні "Сарыарқа" велотрегінде қазақ күресінен өтетін "Қазақстан Барысы" республикалық турнирінің финалдық белдесуіне қатысатын балуандар тізімін ұсынып отырмыз. Астана күні қарсаңында өтетін додаға әр облыстан екі балуаннан іріктеліп шықты. Сондай-ақ, Алматы мен Астана қаласынан да екі балуан өнер көрсетеді. Өткен жылғы "Қазақстан Барысы" атанған Мұхит Тұрсынов еш іріктеусіз финалға жолдама алды. Жалпы саны 33 балуан "Қазақстан Барысы" атағы үшін таласады. АҚМОЛА ОБЛЫСЫ 1. Нұрлан Жамалов Бүркеншік аты: Ақмола арланы Туған жылы: 20 маусым 1986 ж. Бойы: 188 см. Салмағы: 96 келі Спорттағы жетістіктері: Қазақ күресінен спорт шебері. Қазақ күресінен ҚР Халық ойындарының жеңімпазы (2011), қазақ күресінен ҚР Спартакиадасының қола жүлдегері (2011), қазақ күресінен ҚР чемпионатының күміс жү…

0
0
726

Танымал тұлғалар сүйіп оқыған әлем жауһарлары

Француз жазушысы Марсель Превоның «Қолыңа кездейсоқ түскен жақсы кітап, тағдырыңды түбегейлі өзгертуі мүмкін», – деген сөзі бар. Кітап – өткеннің рухы, келешектің кілті. Жақсы мен жаманның парқы. Мәдениеттің биік шыңы. «Адам кітап оқуды қойса, ойлауды қояды», – дейді Д.Дидро. Жадырап жаз келді. Оқушылар жазғы демалысқа шықты. Жыл бойғы қажырлы жұмыстан кейін еңбек демалысына шыққан отандастарымыз қаншама? El.kz интернет жобасы жазғы демалыс маусымын ұтымды пайдалануға шақырып, әлемге әйгілі тұлғалар сүйіп оқыған әлем жауһарларының тізімін ұсынады. Габриэль Гарсиа Маркес 1. Герман Мелвилл «Моби Дик» 2. Джеймс Джойс «Улисс» 3. Роберт Натан «Портрет Дженни» 4. Кэтрин Мэнсфилд «Рассказы» 5. Томас Манн «Волшебная гора» 6. Александр Дюма «Виконт де Бражелон, или Десять лет спустя. Том 1» 7. Фра…

0
0
1502

2015-2016 оқу жылдарына қанша оқу гранты бөлінді?

Білім және ғылым министрі Тәкір Балықбаевтың мәлімдеуінше, биылғы оқу жылына мемлекеттік білім тапсырысы 39 994 орынды құрайды. Оның ішінде бакалавриат – 32 168 грант, магистратура – 7 241 грант, докторантура – 623 грант. Алдыңғы жылдардағыдай биыл да техникалық мамандықтардың үлесі басым – 42,4 пайыз. Биылғы жылдың мемлекеттік тапсырысындағы басты ерекшелік – гранттардың оқу тіліне байланысты бөлінуінде. Яғни гранттардың 75 пайызы қазақ бөліміне және 25 пайызы орыс бөліміне бөлінетін болды. Осыған дейін екі тілге шамалас пропорциямен бөлініп келген. Алайда, мектеп бітірушілердің үлесі бойынша қарағанда, қазақ мектебін бітіргендер, орыс мектебін бітіргендерден әлдеқайда көп болатын, осы себепті гранттардың екі жаққа бірдей бөлінуі қоғамдық наразылық тудырып, білім саласының сарапшылары ат…

0
0
491

Астана жанұясы

Ел ордасы Алматыдан Сарыарқа төсіне ойысқан шақта, көзі ашық жандар жаңа астанаға қоныс аударып, жаңа өмірінің іргетасын осы жерде қалау үшін Астанаға асықты. Олар қателескен жоқ. Тәуелсіз елдің мақтанышына айналған Астана қаласы бүгінде өнер мен мәдениеттің ұйытқысы, достық пен бейбітшіліктің жаршысы, егемен елде дүниеге келген жас отбасылардың ордасы. Бұл осыдан он жыл бұрын 2005 жылы болған оқиға. Ертістің ерке қызы Назым Балтабаева «өз өміріме өзгеріс енгізу қажет» деген шешімге келеді. Ол жаңа бастамаларын іске асыру мақсатында Семейден Астанаға жол тартады. Назым жол бойы терезеге үңілген күйі осы кезге дейінгі өміріне ойша есеп берумен болады. Жоқ, оның ендігі мақсаты айқын-тұғын, бірақ бірде бір туған-туысы, тамыр-танысы жоқ қалада ол қайтіп күн көрмек? «Көз – қорқақ, қол – батыр»…

0
0
526

Жүктілік кезінде болатын өзгерістер

Табиғаттың жаратылысы сондай, жүкті әйелдердің ағзасын үнемі түрлі өзгерістерге ұшыратып отырады. Жүкті әйелдердің ағзасында ғана емес психологиялық жағынан да болатын өзгерістер 9 ай 9 күнге дейін жалғасын табады. Мәселен, бірінші триместр кезінде токсикоз мазалап, жүйке-жүйенің әлсіреуі, құрсақ көтергенге дейін мән бермеген заттарға қатты көңіл бөлуі, тез жылай салуы, яғни көңілшек болуы немесе керісінше ештеңені ойламай «өз әлеміне» кіруі, үнемі жадырап күліп жүруі, сезімтал болуы іспеттес өзгерістер орын алады. Осы кезеңде кейбір әйелдердің бетіне безеу шығып терінің реңін бұзса, кейбірінің бет терісі керісінше тазарып, әдемі қалыпқа келеді. Безеуге өз бетіңізше ем қабылдауға болмайды, міндетті түрде дәрігердің кеңесіне жүгіну керек. Екінші триместр кезінде кейбір әйелдердің шаштары ж…

0
0
8052

Мәди Манатбек: «Мен телеарналардан бірде-бір тапсырыс алмаймын»

«El.kz» редакциясы «Экслюзивті сұхбат» айдарын жалғастыруда. Бұл жолғы кейіпкер – журналистика саласының белсенді әрі салмақты қайраткері Мәди Манатбекұлы. Әскери маман болуды армандап, ойламаған жерден журналист атанған кейіпкеріміз осы күнге дейін журналистика саласында өзін әртүрлі қырынан таныта білді. Қалалық газет тілшісі, телеарна жаңалығының жүргізушісі, одан соң республикалық деңгейге көтеріліп, «Астана», «31 арна», «Хабар», «Қазақстан» арналарының тележүргізушісі, бөлім жетекшісі бола білді. Тіпті соңғы жұмыс орнында басшылық қызметті де атқарды, нақтырақ айтқанда «Қазақстан РТРК» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары болды. Бүгінде «Бақорда» медиа тобының бас директоры. – Журналистика саласын не себепті таңдадыңыз? – Ол аяқ астынан болды. Үш ұйықтасам түсіме кірген мамандық емес.…

0
0
1620

Кемпірқосақ атауы қалай пайда болды?

Қазақ тілінде кемпірқосақ атауының мифтік санамен байланысты пайда болған ең көне атау деп пайымдауға болады. Олай дейтініміз, бұл атаудың ізі сонау кездегі мифтік ертегі-аңызға апарады. 19 мамырда Астанада жаңбырдан соң қос бірдей кемпірқосақ пайда болып, әлеуметтік желілерде қызу талқыға түскен болатын. Б.Куфтин келтірген бір аңызда былай делінеді. «Баяғыда бір мыстан кемпір болыпты-мыс. Оның қызыл, жасыл, сары, түрлі-түсті қойлары болған екен. Мыстан кемпір жаңбырдан соң қызыл, жасыл, сары қойларын қосақтап сауады екен». Аңыз осылайша ақиқаттың (зат пен құбылыстың) атына айналған. Ертегі аңыздарда айтыла келіп, жалқы атау болып кеткен сөздер байырғы тілде аз кездеспейді, мысалы, Жетіқарақшы жайындағы ертегі, Саттар сегіз жұлдыздары жайындағы аңыз, ертегі және т.б. Бұл атау – кемпір жән…

0
0
2758

Әлемдегі ең үлкен көлдер мен теңіздер

Адамзат баласы мекен еткен он сегіз мың ғаламшардағы тамылжыған табиғаттың қойнауында талай жұмбаққа толы жаратылыс бар. Тіпті кейбір талай мыңжылдық тарихты бүркенген көне ағаштар мен тастардың, өзен мен көлдердің сыры ашылмай келе жатыр. Табиғат байлықтарының ішінде теңіздерді ерекше жікке бөліп, әңгімелеуге болады. Теңіз – мұхит сияқты орасан үлкен, өзен секілді ағысы қатты болмаса да теңіздің өзіне тән құпиясы мен сұлулығы, жан тербейтін толқыны әсерлі болады. Олай болса, әлемдегі ең үлкен әрі әдемі, қызықты деректерге бай теңіздерді сұрыптап көрейік. Каспий теңізі Каспий – әлемдегі ең үлкен теңіз. Еуразия құрлығының орталығында, мұхиттардан алыста, оқшау жатқан тұйық су алабы. Дүние жүзіндегі ең ірі тұйық су айдыны, үлкендігіне қарап теңіз деп атайды. Ауданы 376 000 км2. Меридиан бағ…

0
0
10870

Журналистер туралы қандай үздік фильм білесіз?

Маусым айының соңғы жексенбісінде қазақстандық журналистер төл мерекесін атап өтеді. Байланыс және ақпарат қызметкерлері күні қарсаңында журналистер туралы әлемнің ең үздік фильмдерін топтап, тізбектеуге тырыстық. Талай кинокартиналарға арқау болған әріптестеріміз туралы бірқатар туындылар бар екен. Жанрлары сан алуан. Саяси триллерден бастап жеңіл комедия да бар арасында. «День сурка» (Groundhog Day) – фильм экранға 1993 жылы шыққан. Басты рөлдерді Билл Мэрри мен Энди Мак сомдайды. Телеарнада қарапайым ауа райын жүргізуші маманның өміріне қандай өзгеріс керек еді? Кейіпкер өмірден өзін іздейді. Бақыт – өмірге деген сүйіспеншілік екенін жеткізген туынды. «Римские каникулы» (Roman Holiday) – кинокартина 1953 жылы шыққан. Грегори Пек есімді америкалық журналист Италия астанасында сүйіктісін…

0
0
975

Астана қала күні қарсаңында құлпыра түсті (ФОТО)

Астана қала күніне дайындығын арттырды. Қаланы гүл көмкеріп, кейбір ғимараттардың қасбеттері ерекше түстерге бөленіп жатыр. Егер қаланы аралап көрсеңіз, қала күні қарсаңындағы қызу дайындықты анық байқайсыз. Астана күні бірнеше күнге созылады. Шілденің 4-5 және 6-сы күндері Астанада өтетін шаралардың тізімі жақында сайтымызда жарық көрді. Қала көшелерінде ашық түсті гүл аркалары, гүлді шарлар және басқа да мерекелік композициялар орнатылды. Сонымен қатар, әкімшілік және тұрғын үй ғимараттарының сырты да безендірілді. Аудандарда жарық динамикалық паннолар мен түрлі-түсті жарықтандыру орнатылып, шағын архитектуралық пішіндер саябақтар мен шағын бақтардың көркін келтірмек. «Есіл» ауданында «Арай» саябағын, Ғашықтар саябағын, «Астаналық цирк» шағын бағын, «Астана Опера» мемлекеттік опера және…

0
0
871