Мазмұнға өту
elimai

ел. кз

@elimai

Сайтта 2012 ж. 12 қарашаКазахстан, Астана

El.kz это молодежный интернет-проект, направленный на развитие культуры, спорта, науки и истории Казахстана. Наш проект объединяет самых талантливых и интересных молодых людей. Это 190 тысяч соавторов социальной сети и блог-платформы, благодаря которым El.kz продолжает расти и создавать уникальный материал о Казахстане, казахстанцах, родном языке, великой культуре и традициях нашего народа.

рейтинг

100

жазбалар

1 615

пікірлер

0

тіркелуші

28

жазылымдар

16

Жүктілік кезінде шай ішуге бола ма?

Жүктілік кезеңі әрбір әйелзаты үшін аса маңызды уақыт, сондықтан дәл осы кезде нәзік жандылар өздеріне бұрынғыдан гөрі жақсырақ қарай бастайды. Өйткені, жүкті әйелдің денсаулығы іштегі баланың саулығына тікелей байланысты келеді. Дәл осы кезеңде кейбір тағамдарды жеуге мүлдем тыйым салынса, кейбіреуін аз мөлшерде, ал кейбіреуін керісінше көп мөлшерде жеуге кеңес беріледі. Бұл ереженің тек тағамдарға ғана емес, сусындарға да қатысы бар. Сусындардың жалпы адам ағзасына берер пайдасы өте мол. Мәселен, шай ішпесе басы ауыратын қазақ халқы үшін шайдың алар орны ерекше. Алайда, шайдың барлығы дерлік денсаулыққа пайдалы бола бермейді, жүктілік кезінде оның кейбір сұрыптарын ішуге болмайды. Сонда аяғы ауыр нәзік жандар қандай мөлшерде және қандай шайды қолданулары керек?!! Жүктілік кезінде шай іш…

0
0
2879

Қытай ғалымының зерттеуіндегі «Қасқа жолдың» құрылымы

«Қазақтың этнографиялық категориялар, ұғымдар мен атауларының дәстүрлi жүйесi» атты энциклопедиядағы «Қасым ханның қасқа жолы» туралы деректер бар. Қасым ханның қасқа жолы – қазақтың ұлы хандарының бірі Қасым ханның (1511 – 1523 жж.) тікелей бастамасымен көшпелі ортада ежелден орныққан әдеттік құқықтың нормаларының жүйеленіп, кодификацияланған жинағы. Бұл жинақтың «Қасқа жол» деп аталуына қарағанда, ол Қасым ханның хандық жүргізген кезеңде көшпелілердің бір орталыққа бағынған мемлекеттік құрылымының ең маңызды атрибуты, әрі институционалдық механизмдерінің бірі ретінде алғаш жасақталған болуы керек. Қазақтың әдеттік құқығын зертеген және зерттеп жүрген біраз ғалымдар «Қасқа жолдың» негізгі қағидаларын көшпелі қоғамның кейінгі кезеңдерінде қолданыста болған құқықтық нормалар мен принциптер…

0
0
941

Өнерді таңдаған талапкердің назарына

Құрметті талапкерлер, араларыңызда өнерге ынтық жандар көп екеніне нық сенімдіміз. Болашақтарыңызды «өнер» атты киелі ұғыммен ұштастырып, дара қасиеттеріңізді шыңдағыларыңыз келсе зор мүмкіндіктеріңіз бар. Қазақ өнерінің қарашаңырағы Т.Жүргенов атындағы қазақ ұлттық өнер академиясына оқуға баруға бел буған жас достар үшін қандай мамандықтар бойынша және қандай шығармашылық емтихандар тапсыратынын білуге тырыстық! Ақпарат кәделеріңізге жарайды деген сенімдеміз! Т. Жүргенов атындағы қазақ ұлттық өнер академиясы 2015-2016 оқу жылына келесі мамандықтар бойынша студенттерді қабылдайды: Дәстүрлі музыка өнері мамандығы 1.Халық әні (қаз.топ) 2.Халық аспаптары /домбыра, жетіген, қылқобыз/(қаз.топ) Режиссура мамандығы 1. Хореография режиссурасы (аралас топ) 2. Көркем фильм режиссурасы (аралас топ)…

0
0
16481

Мұхит Тұрсынов: «Ұлттық күресімізді таныту үшін балуандарды әр салмаққа жіктеу керек»

Биыл қазақ күресінен өтетін "Қазақстан Барысы" республикалық турниріне 5 жыл. Бұған дейін төрт балуан алтын белбеу иегері атанып, "Алтын тайтұяқты" қанжығасына байланды. 2014 жылы "Қазақстан Барысы" атанған ШҚО балуаны Мұхит Тұрсынов биыл ерекше дайындықпен келіпті. Пікірін тыңдап көрейік. – Мұхит, сәлеметсіз! Көңіл-күй, дайындық қалай? – Сәлеметсіз! Барлығы жақсы. ШҚО командасының турнирге дайындығы өте жоғары. Өңіріміздің намысын қорғап, финалдық жарыста жоғары нәтиже көрсеткіміз келеді. – Сіздің командаңыз басқа финалистер секілді өте мықты балуандар ғой? – Жыл сайын даму бар, талап та жоғары. Барлық балуандардың дайындығы жоғары, оған іріктеу сындарындағы көрсеткіштері дәлел. Жаңа есімдер, жаңа балуандар қатарға қосылды. Балуандардың дайындыққа көп көңіл бөлетіні көрініп тұр. – Сіздің…

0
0
952

Сарайшықта жеті хан жатыр

Батыс Қазақстан облыстық тарих және археология орталығының ұйымдастыруымен басталған «Астанадан астанаға» халықаралық ғылыми экспедициясы сапарын жалғастыруда. Батыс Қазақстан облыстық тарих және археология орталығының директоры, тарих ғылымдарының докторы, профессор Мұрат Сыдықовтың айтуынша, Сарайшық, Орда, Орынбор сияқты қазақ тарихында ерекше орын алатын қалаларда болып, зерттеу жұмыстарын жүргізуді көздейтін экспедиция Қазақ хандығының 550 жылдығына орай арнайы қолға алынып отыр. Әзірге біз, Сарайшық пен Оралдағы сапарын айта өтейік. Құрамында қазақстандық және ресейлік ғалымдар бар экспедиция мүшелерін 21 маусым күні өңірдің зиялы қауым өкілдері мен Орал қаласының әкімі Алтай Көлгінов сәттілік тілеп, шығарып салған болатын. Экспедиция алғашқы күні жолшыбай Ақжайық ауданы Чапаев ауыл…

0
0
1013

Ең үлкен сұранысқа ие мамандықтар қандай?

Қазақстанның Білім және ғылым министрлігі еліміздегі ең танымал және талапкерлер тарапынан төмен сұранысқа ие мамандықтар тізімін жариялады. Ең үлкен сұранысқа ие мамандықтар көшін «юриспруденция», «дизайн», «дене шынықтыру және спорт», «жалпы медицина», «қаржы» салалары бастап тұр. Ал талапкерлер ең аз таңдайтын мамандықтар тізбегінде «композиция», «музыка тану», «мүсін өнері», «түркітану» және «баспа ісі» бар. Nur.kz хабарлағандай Білім министрлігі еліміздегі орташа оқу ақысын да жария етті. Ұлттық университеттердегі оқу бағасы басқаларға қарағанда екі есеге қымбат. «Ұлттық университеттерде оқитын бір студентке жұмсалатын жылдық орташа сома 635 мың теңге, ал өзгелерінде 350 мың теңге» делінген хабарламада. Министрлік таратқан мәліметте техникалық сала мамандарының жетіспейтіні айтылған.…

0
0
1313

Әскери оқу орындарға қалай қабылдануға болады?

Биыл елімізде 124 379 оқушы мектеп бітірді. Қаншама жеткіншек арманына қанат байлап, жаңа өмірге қадам басты. Ресми деректерге сәйкес биыл түлектердің 70 пайызы ұлттық бірыңғай тестілеуден өтті. Мектеп бітірушілер үшін нағыз сындарлы сәт енді басталады. Әртүрлі сала маманы атануды көздеген жастарымыз құжаттарын арқалап, «еліміздің қай жоғары оқу орынын таңдасам екен, қай мамандықты меңгерсем» екен деп толғанып жүр. Түлектердің арасында әскери мамандық меңгеруге құлықты жастар да бар екенін ескеріп, Қазақстанда әскери білім беретін қанша ЖОО бар, әскери білім мекемесіне қалай оқуға қабылдануға болады деген сауалдарға жауап іздеп көрдік. Алдымен Қорғаныс министрлігіне қарасты әскери институттарға тоқталып өтейік. Бүгінгі таңда қорғаныс саласына қажетті әскери мамандарды оқытатын үш негізгі…

2
0
13654

Жоғарғы оқу орындарын қалай таңдау қажет?

Мектеп табалдырығын «тоздырып» үлкен өмірге қадам басқалы отырған әрбір оқушының алдында үлкен мақсат, асқақ армандар тұрады. Алған білімін шыңдап, болашаққа бекем қадам жасаудағы алғашқы басты мұрат – дұрыс мамандық таңдау. Таңдаған мамандықтың жемісті нәтижесін көру үшін дұрыс жоғарығы оқу орнын таңдау өте маңызды. Жақсы жоғарғы оқу орнын қалай таңдау қажет? Бұл сұрақтың жауабын іздемейтін талапкерлер жоқ шығар, сірә?!! Барлық факторларды саралай отырып, оқушы өзіне лайықты деген ЖОО-н таңдайды. Біреулері мемлекеттік білім ордасына жүгінсе, бірі жекеменшік университеттерге баруды жөн санайды. Қазіргі таңда мемлекетке қарайтын немесе одан тыс жоғарғы оқу орындары өте көп, сондықтан солардың ішінен адаспай, ең жақсысын таңдап алу оңай шаруа емес. Тығырыққа тірелмеу үшін ЖОО таңдау барысын…

0
0
1008

Мамандық таңдаудағы бес қателік

Ел арасында «Жар таңдауда, мамандық таңдауда қателеспе» дейтін жиі айтылатын жаттанды сөз бар. Осы әңгіме қанша рет айтылса да, оны іс жүзінде жүзеге асыратындар некен-саяқ. Егер адамдар жар таңдаудан қателеспесе, қоғамда ажырасу азайып, отбасының шырқы бұзылмас еді. Егер, мамандық таңдаудан қателеспесек, дәл қазіргідей маман тапшылығы болмас па еді?! Жар таңдау да, мамандық таңдау да – әлеуметтік тақырып. Бірінші түйткіл туралы талай мақалалар жазылып жүр. Ал, мамандық таңдауға қатысты біз неге көп қателіктер жібереміз? Қателіктерді тізбектеп көрейік: Біріншіден, мектеп қабырғасында оқушылар үнемі математикадан олимпиадаларға қатысып жүргенмен, жеме-жемге келгенде үлкендердің ықпалымен «оқуға жеңіл, көп қиналмайсың» деген сылтауды желеу етіп гуманитарлық пәндерді таңдайды. Қиындықтан қаш…

0
0
2551

Қазақстандағы 2015 жылғы ауыз бекіту кестесі

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы бекіткен еліміздің әр қалаларындағы Ораза айындағы ауыз бекіту кестесін жариялауды жөн санадық. Өйткені, әр қаладағы таңның атуы, күннің батуы бойынша ерекшеліктер кездеседі. Астана қаласы бойынша ауыз бекіту А лматы қаласы бойынша ауыз бекіту Ақтау қаласы бойынша ауыз бекіту Ақтөбе қаласы бойынша ауыз бекіту Атырау қаласы бойынша ауыз бекіту Ақтөбе қаласы бойынша ауыз бекіту Арқалық қаласы бойынша ауыз бекіту Қарағанды қаласы бойынша ауыз бекіту Қызылорда қаласы бойынша ауыз бекіту Қостанай қаласы бойынша ауыз бекіту Орал қаласы бойынша ауыз бекіту Павлодар қаласы бойынша ауыз бекіту Петропавл қаласы бойынша ауыз бекіту Шымкент қаласы бойынша ауыз бекіту Талдықорған қаласы бойынша ауыз бекіту Тараз қаласы бойынша ауыз бекіту Түркістан қаласы бойынша…

0
0
3741