Мазмұнға өту
elimai

ел. кз

@elimai

Сайтта 2012 ж. 12 қарашаКазахстан, Астана

El.kz это молодежный интернет-проект, направленный на развитие культуры, спорта, науки и истории Казахстана. Наш проект объединяет самых талантливых и интересных молодых людей. Это 190 тысяч соавторов социальной сети и блог-платформы, благодаря которым El.kz продолжает расти и создавать уникальный материал о Казахстане, казахстанцах, родном языке, великой культуре и традициях нашего народа.

рейтинг

100

жазбалар

1 615

пікірлер

0

тіркелуші

28

жазылымдар

16

Қорқыт ата туралы қандай еңбектер бар?

Түрік халықтарына ортақ ойшыл, жырау, ақын, сазгер, түркі әлемінің фольклорында кеңінен тараған аңыздық тұлға Қорқыт ата туралы қандай еңбектер бар? Деректер «Қазақтың этнографиялық категориялар, ұғымдар мен атауларының дәстүрлi жүйесi» атты энциклопедиядан алынды. Жазбаша түрде сақталған «Кітаб – и Дәдә Қорқұд лисан – и тайфе – и Оғұзан» ( Оғұз тайпасы тілінде жазылған Қорқыт ата Кітабы) нұсқалары исі түркі халықтарына ортақ мәдени ескерткіш. Бұл кітаптың екі түрлі нұсқасы бар: оның біріншісі (12 жыр), Дрезден қаласында (Германия); екіншісі (6 жыр) Ватикан кітап қоймаларында сақталуда. 12 жырдың құрылымы мынадай: 1) Бұқаш жыры, 2) Қазан-Салордың ауылын жау шапқаны, 3) Бәмсі-Байрақ (Алпамыс) жыры, 4) Қазан баласы Ораздың жауға тұтқын болуы, 5) Ержүрек Домрул батыр жыры, 6) Қан – Төрәлі жы…

0
0
3861

Қазаншүлдік ойнап көргенсіз бе?!

Бүгінде балалар арасында көп ұмытылған бір ұлттық ойын бар. Негізгі атауы – қазаншүлдік. Кейде, оны шүлдік деп те атайды. Ойынның негізгі ережесі төменде көрсетілген. Әйтсе де, бұл ойынның сыртқы формасы сақталғанмен әртүрлі ережемен ойнайтындар да болатын. Қазаншүлдіктің бүгінде балалар арасында жиі ойналмайтындығын да түсінуге болады. Себебі, бұл жыл мезгілін талғамайтын, он екі ай бойы ойнауға келетін ойын емес. Оңтүстік өңірлерінде болмаса, қалған суық аймақтарда жаз айларында ғана ойнауға болады. Қазаншүлдік ойнау үшін көп дүние қажет емес. Ең бірінші, ойынның тәртібін білу. Екіншіден, ойынға икемің болу. Үшіншіден, қарсыласыңа ұтылып қалған жағдайда бұлтартпай, барлық талаптарды орындау. Төртіншіден, соған қатысты құрал-сайманыңның болуы. Қазаншүлдік – ұлттық ойын түрі. Бұл ойын жыл…

0
0
1102

Елбасы: «Астана – республикалық бюджеттің донорына айналды»

Мемлекет басшысы небәрі 17 жасқа толған ел астанасының қазірдің өзінде бай әрі даңқты тарихы бар екенін айтты. Парламент депутаттары, Үкімет мүшелері, мемлекеттік органдар мен дипломатиялық корпус, зиялы қауым және іскерлік орта, мәдениет пен білім беру саласы өкілдері қатысқан жиында Елбасы Астана туралы ойымен бөлісті. – Бүгінде елдің бас қаласы тек бірегей ғимараттарымен ғана емес, қайталанбас өзіндік ахуал-тынысымен де ерекшеленеді. Астананың өз «гравитациясы» бар, ол таланттарды, жаңа жобаларды, қаржылық, зияткерлік және әлеуметтік капиталды өзіне тартып тұрады. Осында өмір сүруге, өз болашағын осында бедерлеуге ұмтылғандар барған сайын көбеюде. Астана халқының саны күткендегінің бәрінен де асып түсіп, миллионға жуықтап қалды. Бұл ретте қаланың елге берері де көбейе түсуде. Бүгінде А…

0
0
364

Шарапова Заринаның болашағына сенеді

Қазақстанның нөмір бірінші ракеткасы (әйелдер арасында) Зарина Дияс«Үлкен дулыға» турнирлерінде Мария Шараповамен алғаш рет кездесіп жатқан жоқ. Бұған дейін «Australian Open» турнирінің үшінші айналымында әлемдік рейтингте екінші ракеткасымен қарсыласып, 6:1, 6:1 есебімен жеңілген болатын. Зарина Дияс пен Мария Шарапованың екінші кездесуі «Уимблдонда» өтті. Бұл жолы төртінші айналым. Зарина қарсыласын зерттеп, үлкен дайындық жасағаны көрініп тұр. Аустралияда оңай айналып өткен ресейлік теннисшіге бұл жолы үлкен тойтарыс берді. Зарина Дияс әлемнің үздік теннисшілерімен талай кездескен еді. Симона Халеп, Петра Квитова, Доминика Цибулкова, Анжелика Кербер, Саманта Стосур және Мария Шарапова... Бірақ, жас спортшы әзірге әлемнің үздіктерін бірде-бір мәрте жеңе алған жоқ. Мүмкін тәжірибенің азд…

0
0
307

Отбасы — мәуелі бәйтерек

Бірер күннен кейін Астана еліміздің бас қаласы ретінде кәмелеттік жасын тойлайды. Енді ол бозбала емес, әжептәуір есейіп, оң-солын ажырата алатын жағдайға жетті. Он сегіз жыл ішінде Астана және Астанамен бірге оның тұрғындары мәуелі бәйтеректей жайқалып өсіп, тамырын тереңге жіберіп үлгерді. Олай дейтін себебіміз, Астана елорда атанғаннан бергі дүниеге келген сәбилердің алды мектеп тәмамадап жатса, Астанада құрылған шаңырақтардың саны жылдан-жылға едәуір артып келеді. Астаналық жанұялар туралы жобамыздың келесі кейіпкерлері – Сырдың сырбаз жігіті, дәлірек айтқанда, жігіт ағасы, «Егемен Қазақстан» газеті редакциясында жауапты хатшының орынбасары, журналист Амангелді Алдоңғарұлы мен Ақтөбелік аққұба жеңгей, С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің «Қаржы» кафедрасының аға о…

0
0
1375

Иттің қасқырдан қорқатыны туралы аңыз

Иттің сырттаны болмаса, қасқырға, бөріге қарсы келгенде бата алмайтындары, тіпті иісін сезгеннен зып беретіндері көп. Қазақы ортада қазақы иттер мен дүрегей төбеттердің ұяластарын ауыздандырып қасқырға салатын болған. Десе де, қасқыр алатын иттер некен-саяқ. Мына бір ел аузындағы сөздерден иттің қасқырға төтеп беруін аңдауға болады: «ауыл иті ала болса да, бөрі келгенде бірігеді», «бөрібасар кетті, бөрі келіп жетті», «бөлінгенді бөрі жер». Жаратылысында қасқыр мен ит бітіспес жау. Дегенмен ит қасқырдан әлсіз, оған көп бата бермейді. Иттің қасқырдан қорқатыны жайында қазақы ортада мынадай аңыз бар: «Ертеректе Баласағұн қаласына иелік еткен бір билеушінің баласының түсіне үнемі қасқыр кіріп, оны қуып жүреді екен. Баласының түсін әкесі балгерге жорытады. Сонда балгер: «Мәртебелі Тақсыр, сізд…

0
0
1515

«Армандар орындалған Астана» фотобайқауының жеңімпаздары анықталды

Үстіміздегі жылдың 1-маусымы басталған «Армандар орындалған Астана» фотобайқауы өз мәресіне жетіп, жеңімпаздар анықталды. Бар-жоғы бір ай созылған фотобайқауға 50-ден астам жұмыс қабылданды. Жұмыстарды арнайы құрылған комиссия бағалады. Сонымен байқау жеңімпаздарымен таныс болыңыздар.

3-орын

Мұрат және Гүлиза Жораевтар.  Қазмұнайгаз компаниясының ғимараты

2-орын

Аина Ерсаинова. «Бәйтерек» монументі

1-орын

Ақберді Сейсеке мен Жанай Тамерланова

Жеңімпаздар өз сыйлықтарын: Астана қаласы, Орынбор көшесі, Министрліктер үйі, 3-кіреберіс, 306 кабинеттен алып кете алады. Телефон нөмірі: 79-82-06, ішкі 158


Дәурен Омаров

0
0
967

Түрген – қазақ жеріне берілген табиғаттың тартуы

El.kz интернет жобасы Қазақстанның көркем табиғатын насихаттау, оны қорғау, баршаға таныстыру, марқая мақтану мақсатында еліміздің тылсым сырға толы, таңғажайып табиғатына «саяхат» жасауды жалғастыруда. Бұған дейін «Шарын шатқалының шартарабы», «Әуезді Әнші құм», «Бесшатыр», «Көлсай көлдері», «Бұқтырма көлінің маржан суы» т.б. мақала, фоторепортаж, фотоальбом жарық көрді. Аустралиядан келіп қазақ жерінің әдемілігін, табиғатының тартымдылығын суреттер арқылы шебер сөйлете білген саяхатшымен «Қазақ даласын суретке түсірген жихангез кім?» атты көлемді сұхбат жарияланды. Қоршаған ортамызға қатысты айдардың бүгінгі саны «Түрген шатқалына» арналады. «Жер жәннаты - Жетісу» атанған Алматы облысының табиғаты сан алуан. Бұл аймақтан қаңсыған шөлді де, көсіле аққан көлді де, зәулім тауды да кездесті…

0
0
3280

800 орындық екі колледж ашылады

Бүгін елордада әлеуметтік-мәдени даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның отырысы өтті. Мәслихат депутаттары Астанадағы орташа арнайы білім беру мәселелерін талқылап, бас шаһардағы кәсіптік және техникалық білім беруді дамытудың мәселесін сөз етті. Астана қаласы Білім басқармасы басшысыны Қасымхан Сенғазыевтың айтуынша, бүгінгі күні елордада 35-ке жуық техникалық және кәсіптік білім беру оқу орны жалпы саны 28 мың адамды білім нәрімен сусындатып отыр. 2016 жылы әрқайсысы 800 орындық екі колледж пайдалануға берілмек. Олардың әрқайсысына 300 орындық жатақхана салынатын болады. – Бүгінгі күні кәсіпорындар мен оқу орындарының жұмысшы кадрлар мен техникалық мамандарды дайындау жүйесін дамытудағы әлеуметтік серіктестікк артып келеді. Мәслихаттың шешімінен кейін Білім басқармасы Дуальді оқы…

0
0
529

Ұлттық тестілеу орталығының директоры талапкерлердің көкейкесті сұрақтарына жауап берді

El.kz редакциясы биылғы мектеп бітірушілері мен жоғары оқу орнына түсуді көздеген өзге де адамдар үшін «Талапкер 2015» атты жаңа айдар ашып, жоғары бакалавр атанамын деуші жастар үшін барлық қажетті ақпаратты жариялаумен айналысып келеді. Осыған орай, мемлекеттік білім грантын жеңіп алу бойынша бірқатар маңызды сұрақтар әзірлеп, Ұлттық тестілеу орталығының директоры Әбдиев Қали Сейілбекұлына жолдаған болатынбыз. Мекеме басшысы журналистік сауалнамаға жауапкершілікпен қарап, қысқа уақыт аралығында мазмұнды жауап берді. – Ауыл квотасы дегеніміз не? Оны кімдер және қалай пайдаланады? Ол қалай жүзеге асады? 30 пайыз деген қайдан пайда болды? Ауыл квотасы барлық мамандықтарға қолданыла ма? Ауыл квотасының иегерлері ауылға қайтуға міндетті ме? Міндетті болса қай ауылға баруы тиіс? – Ауыл квотас…

0
0
615