Мазмұнға өту
elimai

ел. кз

@elimai

Сайтта 2012 ж. 12 қарашаКазахстан, Астана

El.kz это молодежный интернет-проект, направленный на развитие культуры, спорта, науки и истории Казахстана. Наш проект объединяет самых талантливых и интересных молодых людей. Это 190 тысяч соавторов социальной сети и блог-платформы, благодаря которым El.kz продолжает расти и создавать уникальный материал о Казахстане, казахстанцах, родном языке, великой культуре и традициях нашего народа.

рейтинг

100

жазбалар

1 615

пікірлер

0

тіркелуші

28

жазылымдар

16

Астана жаңа автобустармен толықты

«Астана LRT» ЖШС жолаушылар көлігі бөлімі қала тұрғындары үшін қоғамдық көліктерде қатынау қолайлы әрі шапшаң болу үшін бірқатар кешенді шараларды атқаруда. Жақында ғана елорда автобустары тегiн интернетпен қамтылып, WI-FI Bus Astana жобасының тұсауы кесiлгенін жазған едік. Бүгін Астананың ішінде қатынайтын қоғамдық көліктер қатары 310 жаңа автобуспен толықса, тағы 48 автобус қазан айына дейін қатарға қосылмақ. –Шілденің 11 күні «Iveco citylis» маркалы 241 автобусты пайдалануға беруді көздеп отырмыз. Соның ішінде 34 автобус 18 метрлік, ал қалғанының ұзындығы 12 метр. Барлық автобустар кондиционерлік және бейнебақылау жүйесімен қамтамасыз етілген, - деді «Астана LRT» ЖШС жолаушылар көлігі бөлімінің басшысы Бейбіт Есжанов. Оның айтуынша, 2017 жылға дейін автобустар тапшылығын болдырмас үшін…

0
0
574

Қазақ хандығының картасы Ватиканнан табылды

Қазақ хандығының 550 жылдығы қарсаңында тың жаңалықтар жарияланып жатыр. Мәселен, жақында ғалымдар Жамбыл облысының Мойынқұм ауданынан Керей ханның қыстауы болған жер табылды деп жариялады. Ендігі ретте, Ватиканнан Қазақ хандығының XVI ғасырдағы картасы табылды деген сүйінші хабар жетті. Бұл туралы Мемлекет тарихы институтының директоры, профессор Бүркітбай Аяған мәлімдеп отыр. «Бұрын сонды айтылмаған дүниелерді зертеп, жарыққа шығаратын уақыт келді. Қазіргі таңда Қазақ хандығы туралы шетелдік қорлардан зерттелмеген материалдар табылып жатыр. Сондай-ақ, Қазақстан ғалымдары шетелдік Ресей, Қытай, Иран, Франция, АҚШ ғалымдарымен қоян-қолтық бірлесіп жаңалықтар ашуда. Жақында Ватиканда Қазақ хандығының XVI ғасырдағы картасы табылды», – деді Бүркітбай Аяған. Елбасының Жарлығынан кейін Қазақ х…

0
0
1638

«Бурабай Өрнегі» — екінші жазғы қолөнер фестивалі

Қазақстанның табиғаты сұлу, саяхатшысы көп өлкелерінің бірі Бурабай ауылының орталық алаңында 8 шілдеден бастап екінші жыл қатарынан "Бурабай Өрнегі" атты екінші жазғы фестиваль өтіп жатыр. Фестивальге жарнама Фестивальге отанымыздың және Қырғызстан, Өзбекстан, Ресейден келген қолөнершілер, суретшілер, дизайнерлер қатысуда. Шараға олардың «ЭТНО» стильдегі дәстүрлі авторлық жұмыстары қойылуда. Қолөнершілер киізден, керамикадан, күмістен, тері мен табиғи тастардан жасалған заттарды келушілерге паш етуде. Күмістен соғылған әшекей бұйымдар мен көне стильде тігілген, оюланған киім-кешектер, қыштан күйдірілген ыдыс-аяқтар, матаның түр-түрін, ойыншықтар, сыйлықтар мен сувенирлерді дәл осы фестивальден көруге болады. "Бурабай Өрнегі" атты екінші жазғы фестивальде жұртты шеберлігімен таңқалдырып ж…

0
0
2358

«Сәулет өнері» факультетіне 50 жыл

Астанадағы жоғары оқу орындарының арасында С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің тарихы тереңде. Астанамыздың алғашқы жоғары оқу орны 1957 жылы Ақмола ауылшаруашылық институты ретінде құрылған. Жақында білім ордасының «Сәулет өнері» факультеті 50 жылдығын атап өтті. Жарты ғасырлық тарихы бар факультет ұстаздары бүгінде талантты шәкірттерімен мақтанады. «Сәулет өнері» факультетінде 50 жылдың ішінде 2000-ға жуық жоғары білікті сәулетші мамандар даярланған. Олардың ішінде 300-ге жуығы түлектер халықаралық конкурстардың лауреаттары атанса, 40-қа жуығы ғылым кандидаты мен доценті атанған. Екеуі архитектура ғылымының докторы болса, оннан астам маман Халықаралық архитектура академиясының академигі мен профессоры атағын алған. Түлектердің 40 пайызы шығармашылық одақтың мүшелер…

0
0
651

Саяхатшы күнделігінен

Демалысты жақсы өткізу үшін нақты жоспар құру қажет: кіммен барамыз, қай жаққа, ол үшін өзімізбен бірге не нәрсе аламыз және т.б. Ең әуелі, қай жаққа баратынымызды, бағытымызды анықтап алу керек. Бағыт Қазақстан азаматы үшін Түркия (30 күн), Оңтүстік Корея (1 ай), Малайзия (1 ай), Хайнань аралы (Қытай, 15 күн), Гонконг (14 күн), Мальдива (1 ай) және Сейшел аралына (1 ай) визасыз режим орнатылған. Ал, егер бағытымыз Тайланд болса, сол елде қазақстандықтарға 15 күнге виза берілетінін есте ұстаңыз. Еуропаға баратындар Шенген аймағының визасын (90 күн) жасатады. «Жаз бітті, суға түсетін уақыт аяқталды» дейтіндер үшін Біріккен Араб Әмірлігінде қыстың өзінде +25 градус болатынын білгейсіздер. Тіпті, су салқын болғанның өзінде ол жерде ойын-сауық орталықтары жетіп жатыр. Әйтеуір, ішіңіз пыспайды…

0
0
1175

Ағаш батыр

Қазақ хандығының 550 жылдығына орай еліміздің әрбір өңірінде шаралар өтіп жатыр. Соның бірі – Орал қаласындағы Достық даңғылының бойында қазақ батыры мүсінінің ашылуы. Мұның ерекшелігі - ағаш түбірінен ойылып жасалғандығында. Оған әуесқой мүсінші Болатбек Баймағамбетовтің бір айдай уақыты кеткен. Осы жерде қураған ағаштың түбірі тұрғанын байқаған ол көмекшісі Азамат Алагөзовпен бірге жергілікті тұрғындардың қолдауымен қазақ батырының бейнесін сомдап шыққан. Кішкентай кезінен сурет салумен айналысатын Б.Баймағамбетов соңғы жылдары ағаштан шағын мүсіндер жасауды қолға алған екен. Енді ол аталған ескерткішті күтіп ұстаумен бірге алдағы уақытта да осындай істерді қолға алмақшы. Қаншама ескерткіші ашылып жатыр, әр көшеге батырлардың есімі берілді. Ескерткіштердің барлығы бір-біріне ұқсас, барл…

0
0
625

Емізікті дұрыс таңдай аласыз ба?

Кішкентай балаларға қатысы бар болғандықтан бесік, емізік, ойыншық, жөргек десе бірден «нәресте, сәби, бала» елестейді. Балаға зат алмас бұрын, оның сапасына, сипатына, жасалған материалына көңіл бөлу әрбір ата-ана үшін аса маңызды істердің бірі болуы тиіс.Жаңа туылған сәбилердің сору рефлексі қатты дамиды. Анасының омырауын емген кезде бала сүтке ғана емес, анасының мейірімі мен жылуын да алуы тиіс. Қарны тоқ бала көп жыламайды, ұйқысы тыныш болады. Балаға қандай емізік алу қажет және қай уақыттан бастап бере бастаған жөн деген сауал талайларды қызықтыратыны сөзсіз. Перзентханадан аузында емізігі бар жаңа туылған сәбилерді кездестіруге болады. Бұл дұрыс деп ойлайсыз ба?!! Әрине, жоқ!!! Өмірге енді ғана шыр етіп келген бала бірінші емізікті емес, анасының омырауын емуді үйренуі тиіс. Дәрі…

0
0
1116

Адамның мінез-құлқы қолтаңбасынан байқалады

Жолдан жоғары шығарып жазатындар – өте оптимист жандар. Олар достыққа берік, үнемі жаңа идеялардың бастаушысы болып жүреді. Ешқашан көңілсіз болмайды. Әйтеуір, түрлі әзіл айтып, жаңа бір қызық тауып, жұртты күлдіріп жүреді. Жолдан төмен түсіріп жазатындар – өте пессимист, өмірге сенімі жоғалған жан немесе сол сәтте көңіл күйі нашар болғаны. Еш қисайтпай түзу жазатындар – бірбеткей, айтқанынан қайтпайтын адамдар. Оң жаққа қисайтып жазатындар – табандылықты, мақсатқа жетуді ойлайтын бірізділікті білдіреді. Сол жаққа қарай қисайтып жазатындар – өте тынымсыз, еңбекқор жандар. Олардың көңіл күйлері тұрақсыз. Сәт сайын мың құбылып тұрады. Сондықтан мұндай адамдармен аралассаңыз, міндетті түрде шыдамды болуыңыз шарт. Әріптерді бояп, бірнеше рет бастырып жазатындар – көбіне өкпешіл, ренжігіш болы…

0
0
2883

Астанада «Кітапханадағы түн» акциясы өтті

Астана күні мерекесіне орай Ұлттық академиялық кітапхана «Рухы биік Астана!» тақырыбымен «Кітапханадағы түн» әлеуметтік-мәдени акциясын өткізді. Кітап сүйер қауымды жинаған қызықты да думанды шараның тағылымдық мәні зор болды. Кітапхана мамандарының айтуынша, акцияның мақсаты – оқуға қолдау көрсету, қонақтар мен қатысушыларды кітапхана қорларымен және қызметімен таныстыру, Қазақстандық кітапхана ісін және оқу ісін ілгерілету. Акцияға ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Кітапхана және мұражайлар басқармасының бастығы Е. А. Рахымов, жазушы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Әкім Тарази, философия ғылымдарының докторы, академик Ғарифолла Есім, жазушы, драматург, Қазақстан Жастар одағы сыйлығының иегері Роза Мұқанова, жазушы, ҚР Мәдениет қайраткері Толымбек Әбдірайым, ҚР Қарулы күштер ардагері, 1…

0
0
2270

Елордада бос орындар жәрмеңкесі өтеді

Ертең елордада «Астана қаласы жастар саясаты мәселелері басқармасы» ММ қолдауымен түлектерге арналған бос орындар жәрмеңкесі өтеді. Шара ЖОО мен колледждер түлектері және жұмыссыз жастардың жұмысқа орналасуына нәтижелі көмек көрсетуге бағытталып отыр. Жәрмеңке «Конгресс-холл» ғимаратында 10.00-15.00 аралығында өтеді. Шараға BI-Group, Базис-А, Mega line, Смэу Астана, Comfort air, Қазақстан құбыр зауыты, Magnum, Transtelecom, RDC Астана, Астана Инженерлік орталығы секілді 150-дей компания қатысып, 500-ден астам жұмыс орнын ұсынады. Бос орындар жәрмеңкесі қатысушыларға өздерін қызықтыратын бос орындар туралы мәлімет алуға, ал, жұмыс берушілерге үміткерлердің іскерлік қасиеттерін бағалап, жас мамандарды тартуға мүмкіндік береді. Аталмыш шара жастар арасында жұмыссыздық мәселелерін шешетін маң…

0
0
501