Мазмұнға өту
elimai

ел. кз

@elimai

Сайтта 2012 ж. 12 қарашаКазахстан, Астана

El.kz это молодежный интернет-проект, направленный на развитие культуры, спорта, науки и истории Казахстана. Наш проект объединяет самых талантливых и интересных молодых людей. Это 190 тысяч соавторов социальной сети и блог-платформы, благодаря которым El.kz продолжает расти и создавать уникальный материал о Казахстане, казахстанцах, родном языке, великой культуре и традициях нашего народа.

рейтинг

100

жазбалар

1 615

пікірлер

0

тіркелуші

28

жазылымдар

16

Болашаққа қадам: New Horizons Плутонның жанынан өтті

Кеше, яғни 14 шілде күні Астана уақытымен сағат 17-50 уақытында секундына 14 шақырым жылдамдықпен қозғалатын NASA New Horizons (Жаңа көкжиектер) ғарыш аппараты Плутонғаламшарына барынша жақындап, 12,5 мың шақырым қашықтықта ұшып өтті. Бұл аппарат миссиясының ең белсенді фазасы еді. New Horizons Плутон мен серігі Харонды зерттеуге 9 тәулік жұмсайды. Осы уақыт аралығында ол бірнеше гигабайттан тұратын ғылыми мәліметтер жинап, одан әрі – Койпер поясына, Оорта бұлттарына және өзге де жұлдыздарға бағыт алады. Плутон ғаламшар ма? Плутон тарихы оның ашылуына дейін басталған. ХІХ ғасырдың 40-жылдары ғалымдар Уранның артында тағы да ғаламшарлар бар екенін анықтаған. Олар орбиталық қозғалыстың ерекшелігіне назар аударды. Осының нәтижесінде бірден Нептун ғаламшары ашылды. Алайда Уран қозғалысы оның…

0
0
1411

Шаһарды безендіру үшін алғаш рет күн энергиясы пайдаланылды

Күні кеше ғана сарыарқа төсінде бой көтерген ажарлы Астана қаласы 17 жылдығын дүркіретіп тойлады. Үнемі аңызғақ желі мен жаңбыры танымал елордамыз қала күні таяғанда өзгеше сұлулыққа малынып, құлпырып шыға келді. Қаланың әр бұрышында көркі келіскен архитектуралық пішіндер пайда болды. Биыл тұңғыш рет безендіру жұмыстары барысында қалалық электр желілері ресурстарын үнемдеу үшін күн энергиясын шоғырлайтын батареялар мен RGB технологиялар қолданылды. Жалпы қаланы мерекеге сай безендіру кезінде отызға жуық шағын архитектуралық пішіндер пайдаланылған екен. Жарық-диодты инсталляциялар елорданың 3 ауданына бөлінген. «ADVART» ЖШС атқарушы диркторы Жанар Әбішеваның айтуынша, команда тұжырымдаманы дайындауға 3 апта, ал, конструкцияларды орнатуға бір айдан астам уақыт жұмсаған. «Әр тармақ бойынша ж…

0
0
1371

«Қазақстан дауысы» мега-жобасына жаңа тәлімгер келді

«Қазақстан дауысы» жобасында аяқасты өзгерістер орын алды. Екі маусым бойы байқауға қатысушыларға тәлімгер болып келген танымал қазақстандық әнші Медеу Арынбаев мега-жобадан кетті. Үшінші маусымда оның орнына отандық эстрада орындаушысы, белгілі тележурналист Дана Нұржігіттің інісі Рүстем Нұржігіт келді. Ол туралы «Қазақстан дауысы» жобасының директоры Кенже Жұманұлы хабарлады. Аталған жобаның өзге байқаулардан ерекшелігі, бұл байқау қатысушылардың тек дауысқа сүйеніп, бақ сынайтындығы. Еліміздің танымал жұлдыздары алғашқы тыңдау сынағында жүзден астам қатысушылардың ішінен үздіктерін таңдап, төрт команда құрайтын болады. Ақтық мәреге төрт үміткер қатысады, олардың ішінен үздік орындаушы SMS-дауыс беру арқылы анықталады. Финалға дейінгі әр бір кезеңде үміткерлер кәсіби команда тәлімгеріне…

0
0
619

Елордалық ақ халаттылар сапа стандартын дәлелдеді

«Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығы» АҚ халықаралық JCI аккредитациясынан өтті. Орталық халыққа көрсетілетін медициналық қызметтің сапасы талапқа сай екенін дәлелдеп, жоғары статусты мойындатты. Жақында ғана «Ана мен бала ұлттық орталығы» АҚ JCI (Joint Commission International) ұйымының реаккредитациядан сәтті өткендігін растайтын сертификатқа қол жеткізді. Халықаралық ұйым сарапшыларының қорытындысы бойынша Орталық максималды 10 ұпайдың 9,9 ұпайын жинаған. «Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығы» АҚ-ның ұжымы реаккредитациядан өтуге 2014 жылдан бастап дайындалған. Дайындық жұмыстарына Орталықтың барлық қызметкерлері, клиникалық бөлімшелердің мамандары, әкімшіліктегі бөлімшелер мен сауда орындарының өкілдері мен аутсорсинг компаниялары атсалысқан. Сәуір айының 13 мен 17 аралығында медицинал…

0
0
821

Бизнес-жоспар дегеніміз не?

Әрбір кәсіпкер жеке кәсібін ашу үшін бизнес-жоспар керек екенін жақсы біледі. Ал, кәсіпкерлікке енді бет бұрғандар бизнес-жоспар деген не, ол не үшін қажет, оны қалай жасау керек деген сауалдарға тап болады. Ендеше, бұл мақала осындай сауалдарға жауап іздеген жас кәсіпкерлерге арналады. Кәсіпкер үшін бизнес-жоспар жаңа бизнестің қалай жұмыс істейтінін бағалауға және оның болжамды нәтижелерін анықтауға, сондай-ақ банктен несие рәсімдеу барысында қажет болады. Сонымен, бизнес-жоспар бұл – жаңа бизнестің жан-жақты толық сипаттамасы. Онда бизнес туралы ақпарат, бизнестің қаржылық талдауы, маркетингтік жоспары және қызметкерлер бойынша жоспары жасалу керек. Сонда, кәсіпкер жаңа бизнестің түр-сұлбасын көре алады және өзі де көп нәрсені түсініп, байқай алады. Бизнес-жоспардың кімге арналғанына б…

0
0
2822

Жас отбасыларға пайдалы кеңестер

Жас отбасы мүшелерінің жаңа өмірге үйренісуі үшін уақыт керек. Кейбір отбасылар арада жыл өтпей ақ айрылысып жатады. Міне, осындай қиындықтардан алыс болу үшін мына кеңестерге құлақ асыңыз! 1. Кішігірім нәрселерге назар аудармаған жөн. Мысалға, егер күйеуі жұмыстан кеш шығып әйеліне осыны ескертпесе, әйелі бұны күйеудің оны құрметтемегендігі деп қабылдайды. Бұл дұрыс емес! Осындай кішігірім жағдайларға назар аудармауға тырысыңыз. Өмірлеріңіздегі көңілді, жылы сәттерді көбірек еске алып рақаттаныңыз. 2. Сенім – бұл күшті, бақытты қарым-қатынастың негізі. Егер сіздің отбасыңызда сенім болмаса, араларыңызда түсініспестік, ұрыс-керіс жиі болады. Мысалы, әйеліңіз үйге гүлмен келіп, оны жұмыста лауазымының жоғарылауымен құттықтады десе, демек ол солай, басқа ештеңені ойламаңыз. 3. Мансап (карье…

0
0
696

Жас отбасыларға пайдалы кеңестер

Жас отбасы мүшелерінің жаңа өмірге үйренісуі үшін уақыт керек. Кейбір отбасылар арада жыл өтпей ақ айрылысып жатады. Міне, осындай қиындықтардан алыс болу үшін мына кеңестерге құлақ асыңыз! 1. Кішігірім нәрселерге назар аудармаған жөн. Мысалға, егер күйеуі жұмыстан кеш шығып әйеліне осыны ескертпесе, әйелі бұны күйеудің оны құрметтемегендігі деп қабылдайды. Бұл дұрыс емес! Осындай кішігірім жағдайларға назар аудармауға тырысыңыз. Өмірлеріңіздегі көңілді, жылы сәттерді көбірек еске алып рақаттаныңыз. 2. Сенім – бұл күшті, бақытты қарым-қатынастың негізі. Егер сіздің отбасыңызда сенім болмаса, араларыңызда түсініспестік, ұрыс-керіс жиі болады. Мысалы, әйеліңіз үйге гүлмен келіп, оны жұмыста лауазымының жоғарылауымен құттықтады десе, демек ол солай, басқа ештеңені ойламаңыз. 3. Мансап (карье…

0
0
413

Димаш Құдайбергенов «Славян базары-2015» халықаралық ән байқауының жеңімпазы атанды

Витебск қаласында өтіп жатқан «Славян базары-2015» ХХІV Халықаралық эстрада әндерінің орындаушылары арасындағы байқауда Қазақстан атынан өнер көрсеткен Димаш Құдайбергенов жеңімпаз атанды. Ресми түрде жеңімпаз 13 шілде күні «Славян базарының» салтанатты жабылу рәсімінде жарияланады. Алайда, байқау қорытындысы бойынша қазақ әншісінің көш бастап тұрғаны белгілі. Жас әнші екі күннің қорытындысы бойынша 175 ұпай иеленді. Алғашқы күні ол Константин Меладзенің «Опять метель» атты композициясын орындаса, екінші күні «Sos dun terien un detresse» атты француз әнін айтты. Димаш Құдайбергенов Гран-при жеңімпазы атанып, 20 мың доллар көлемінде ақшалай премияға ие болмақ. Екінші орынды Белоруссия әншісі Валерия Грибусова, үшінші орынды болгариялық Николай Манолов иеленді. Атап өтерлік жайт, Димаш Құда…

0
0
1196

Универсиада-2015: жеңіл атлеттер Қазақстанға алтыншы «алтын» әкелді

Қазақстанның жеңіл атлетші қыздары Оңтүстік Кореяның Кванджу қаласында өтіп жатқан Универсиада-2015 жарысында ұлттық құрамаға алтыншы «алтын әкелді». Қыздар бұл медальді эстафетадан (100 метрден төртеу) жеңіп алды. Осылайша, эстафета біткен уақытта Қазақстан жалпы есепте 10-орынға көтерілді. Виктория Зябкина, Юлия Рахманова, Светлана Иванчукова және Анастасия Тулапина аталмыш дистанцияны 44.8 секунд уақытта бағындырып, АҚШ (44.95) пен Таиланд (45.03) командаларынан озып кетті. Атап өтерлік жайт, бұл жеңіс Зябкинаға Кванджудағы Универсиаданың үшінші «алтын медалін» әкелді. Бұған дейін ол 100 және 200 метрлік дистанцияны жеңген болатын. Бұл –Кванджудағы Қазақстан құрамасының медалі. Енді ұлттық құрамамызда 6 алтын және 4 қола медаль бар. Осының арқасында Қазақстан жалпыкомандалық есепте оны…

0
0
354

Арманы асқақ теңізші

Толқыны жан тербеген сұлу Каспий талайды өзіне тәнті етіп, ынтықтыра берері сөзсіз. Біз бүгін толқыны тентек Каспий теңізіне ғашық ару Жанар Ибраева туралы сөз қозғамақпыз. Әскери-теңізшілердің бел ортасында ерлермен иық тірестіре жауапты міндет атқарып жүрген теңізші қыз – Жанардың армандары асқақ. Жанар – 29011 әскери бөлімінің Әртекті кемелер дивизионында қызмет ететін жалғыз қыз. Ол – Ақтөбе өңірінде дүниеге келген. Жоғарғы оқу орынын заңгер мамандығы бойынша тәмамдаған аруды «теңізші болсам» деген арман әскери салаға жетеледі. 2011 жылы Астана қаласындағы ҚР ҚК Әскери-теңіз күштерінің бас қолбасшылығына қызметке орналасады. –Қолбасшылықта қызмет атқарып жүрген кезде жауынгерлік кезекшілікке түсеміз ғой,- деп бастады Жанар әңгімесін. – Кезекшілік барысында Ақтаудағы әскери бөліммен ба…

0
0
1200