Мазмұнға өту
elimai

ел. кз

@elimai

Сайтта 2012 ж. 12 қарашаКазахстан, Астана

El.kz это молодежный интернет-проект, направленный на развитие культуры, спорта, науки и истории Казахстана. Наш проект объединяет самых талантливых и интересных молодых людей. Это 190 тысяч соавторов социальной сети и блог-платформы, благодаря которым El.kz продолжает расти и создавать уникальный материал о Казахстане, казахстанцах, родном языке, великой культуре и традициях нашего народа.

рейтинг

100

жазбалар

1 615

пікірлер

0

тіркелуші

28

жазылымдар

16

Қол терісінің күтімі

Әрбір әйел қол терісінің сау әрі әдемі болуын қалайды. Әрине, сұлулық салондарында қол күтіміне байланысты алуан түрлі қызметтер көрсетіледі, алайда сол күтімді өзіңіз де жасай аласыз. Ол үшін төмендегі ережелерді есте ұстаңыз. Қолға күтім жасау ережелері: Ыстық суға әуестенбеңіз. Ыстық су терінің майын шайып, оны құрғақ әрі қатқыл етеді. Қолыңызды жылы сумен жуыңыз. Аязды, суық күндері қолғап киіп жүріңіз. Ультракүлгін сәулелері де теріні құрғақ етеді және тері жасушаларын бұзады, сондықтан күннен қорғанатын кремдер жағып жүріңіз. Шынтақтың терісі де ерекше күтімді қажет етеді. Ол қатты әрі қатпарлы болмауы үшін күнбағыс немесе зейтүн майын аздап жылытып, оны мақтаға сіңіріп, шынтаққа басыңыз. Шомылған кезде, шынтағыңызды ысқышпен ысқылап жуып, артынан крем жағуды әдетке айналдырыңыз. Қо…

0
0
17382

Қорғаныс министрі «Батыр аруларды» марапаттады

Бүгін Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі Иманғали Тасмағамбетов Қарулы Күштерінің әскери қызметші қыз-келіншектері арасында өткен «Батыр арулар» бірінші республикалық байқауының жеңімпазы атанған он екі үздік аруды салтанатты түрде марапаттады. Естеріңізге салай кетейік, жыл басында Қорғаныс министрлігі әскери қыз-келіншектер арасында байқау ұйымдастырған. Үміткерлер алдымен фотосуреттерін қорғаныс ведомоствосының сайтына жіберіп, ең көрікті деген аруларды көрермендер ашық түрде дауыс беру арқылы іріктеген. Көптеген үміткерлердің арасында алға суырылған үздік он екі әскери қызметші әскери тапсырмалар орындап, түрлі жауынгерлік сайыстар бойынша жарысқа түскен болатын. «Батыр арулар» байқауы ер-азаматтармен тең дәрежеде иық тіресіп Отанға қызмет етуге арнаған әскери қызметші қыз-ке…

0
0
700

Халыққа қызмет көрсету орталықтары мұқтаж жандарға үйде қызмет көрсетеді

Елімізде мүмкіндігі шектеулі жандарға қолайлы жағдай жасауға баса назар аударылып отыр. Осы бағытта Халыққа қызмет көрсету орталықтары да үлес қосып, мұқтаж жандарға қолайлы қызмет түрін ұсынды. Астана қаласы Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының хабарлауынша, мемлекеттік қызметтерді көрсету стандартында кез-келген өтініш беруші немесе оның ресми өкілі ХҚКО-ға өзі келуі тиіс, бірақ мүмкіндігі шектеулі жандар үшін бұл талаптарды орындау кей жағдайда қиынға соғатыны жасырын емес. Осы мәселені ескерген ХҚКО қызметкерлері өздері келіп, азаматтың үйінде қызмет көрсететін болды. Енді әрбір 1-2 топтағы мүгедек жандар ХҚКО қызметтеріне үйінде отырып-ақ тапсырыс бере алады. Ол үшін «1414» қысқа номері арқылы бірыңғай байланыс орталығына қоңырау шалып, өзі жайлы ақпарат беріп,…

0
0
989

«Хабар» арнасы жаңа телехикая түсіруде

«Хабар» телеарнасы «Ничего личного» атты барлық отбасыларына арналған телехикая түсіруде. Жанры мелодрамалық комедияның соңғы кадрларының түсірілімі аяқталуға жақын. «Хабар» арнасы күзгі маусымды аталмыш жаңа телехикаямен ашуды жоспарлап отыр. Телехикаяны «Хабар» арнасының тапсырысына сәйкес «Bernays» компаниясы түсіруде. Он төрт сериядан құралған мелодрамалық комедияда танымал актриса Бибігүл Ақтан, әнші Шер Әлі, Жәния Джуринская, Луина, Данияр Әлшінов секілді өнер өкілдері ойнайды. Басты рөлді сомдайтын Бибігүл Ақтан 1991 жылы Қазақстанда өмірге келген. Алайда, ол 1 жасқа толмай тұрып, отбасы Ресейге қоныс аударуына байланысты Бибігүл Мәскеуде бойжеткен. Аталмыш телехикаядағы рөл – Бибігүлдің алғашқы образы емес. Бибігүл бұған дейін «Громовы», «Громовы. Дом надежды», «Сага о хантах», «Т…

0
0
727

Дәстүрлі музыка конференциясы өтуде

Биыл тұңғыш рет Астанада ICTM 43-ші Дүниежүзілік дәстүрлі музыка конференциясы өтуде. 90 елден келген өнер өкілдерінің басын тоғыстырған халықаралық шара шілденің 22-не дейін жалғасады. Дүниежүзілік конференция Халықаралық түркі мәдениеті ұйымының қолдауымен, ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің қамқорлығымен Қазақ ұлттық өнер университетінде өтіп жатыр. ICTM 43-ші Дүниежүзілік дәстүрлі музыка конференциясының тарихы 1947 жылдан бастау алады. Бұл – әлемнің 90 елінің өкілдерін біріктірген Дәстүрлі музыка жөніндегі халықаралық кеңес. Конференцияның негізгі мақсаты барша әлем елдерінің дәстүрлі музыкасы мен билерін зерттеу, құжаттау, сақтау және кеңінен насихаттау болып табылады. ICTM 43-ші Дүниежүзілік дәстүрлі музыка конференциясының тарихи ерекшелігі – бұрынғы Кеңес Одағы мен Оталық Азия…

0
0
588

200-ден астам күрделі ота жасады

2015 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі Бас әскери клиникалық госпиталінің әскери хирургтары 200-ден астам жедел ота жасады. Жартысынан көбісі ота жасаушылардың араласуынсыз өткізілетін күрделі қазіргі заманғы шағын инвазивті операциялар емделушілердің қалпына келу және сауығу үдерісін айтарлықтай тездетеді. Жаңа жоғары технологиялық әдіснамаларды қолдана отырып, күрделі операцияларды жүргізу әскери хирургтардың артып келе жатқан кәсібилігінің арқасында мүмкін болып отыр. Шет елдерінің ірі медициналық мекемелерімен ретке келтірілген ынтымақтастығының арқасында олардың Англия мен Германияда оқуға мүмкіндіктері бар, Ресей, Украина және Үндістан дәрігерлерімен бірлескен операцияларға қатысады. Ал содан кейін әскери госпитальде емдеудің заманауи әдістерін енгізеді, отан…

0
0
488

«Жас Отан» жастарды шақырады

Елорда жастары үшін зор мүмкіндік. «Жас Отан» ЖҚ қолдарында дипломы бар түлектерді «Сәтті қадам» жобасына қатысуға шақырады. Тағылымдама еліміздің алдыңғы қатарлы компаниялары мен мемлекеттік органдарында өтеді. «Нұр Отан» партиясы ұйымдастырған жобаға ЖОО мен арнайы оқу орындарын тәмамдаған жастар мен 29 жасқа дейінгі азаматтар қатыса алады. «Сәтті қадам» жобасы бойынша құжаттар ағымдағы жылдың шілде айының 31-не дейін қабылданады. Жобаға қатысу үшін, түйіндеме, жеке анықтама, дипломның көшірмесі (қосымшасымен бірге) және өзіңіз жайлы және алдағы мақсаттарыңыз туралы жазылған эссені [email protected]. сайтына жіберу керек,– деп жазады «Жас Отан» ЖҚ ресми сайты. Қатысушыларды тағылымдамадан өткізуге дайын компаниялар тізімі мен қажетті құжаттар туралы толық ақпараты келесі сілтемеде…

0
0
924

Шығыс Қазақстанның «шамшырақтары»

Қазақстанның қай аймағын алып қарасаңыз да, көз тартар әсем табиғатты көресіз. Кең байтақ еліміздің оңтүстігінен солтүстігіне, батысынан шығысын бойлай жүретін болсаңыз жазық даланы, зәулім тауды, шөл даланы, көлді, тасты, құмды жерлерді көріп, жаңбырдың тамшысын, қардың жапалақтап жауғанын, ызғарлы суық пен ескен самалды, байтақ даланың тартымды келбетіне тоя алмай арлы-берлі көшіп-қонып жүрген құстарды, жүзген балықты, жануарлар мен өсімдіктердің сан алуан түрлерін тамашалауға үлкен мүмкіндік бар. El.kz интернет жобасы Қазақстанның көркем табиғатын насихаттау, оны қорғау, баршаға таныстыру, марқая мақтану мақсатында еліміздің тылсым сырға толы, таңғажайып табиғатына «саяхат» жасауды жалғастыруда. Бұған дейін «Шарын шатқалының шартарабы», «Әуезді Әнші құм», «Бесшатыр», «Көлсай көлдері»,…

0
0
1457

Танымал қытайлық телесериал алғаш рет Қазақстанда қазақ тілінде көрсетілетін болады

«Қазақстан» республикалық телерадио кешенінің хабарлауынша, Қытай тарихындағы танымал теленовеллалардың бірі «Қызыл сарайдағы түс»атты хикая жаңа телемаусымда қазақстандық экраннан көрсетелетін болады. Әдемі декорациялар, қымбат және әсем киім үлгілері, сол кездегі қалпына келтірілген тұрмыстық жағдай Цин династиясының дәуіріне бойлай енуге мүмкіндік береді. Елу сериялық телехикая ежелгі қытай тілінің мандарин диалектісінен алғаш рет қазақшаға аударылып, дыбысталып отыр. «Қызыл сарайдағы түс» сериалы 2010 жылы Азия телехикаялардың көрсетілімі бойынша үздік атанды. Хикаяның бюджеті 19 миллион долларды құрайды. «Қызыл сарайдағы түс» хикаясы қытай тіліндегі төрт ең танымал классикалық романның бірі болып саналады. Оның алғашқы 80 бөлімі Цао Сюэциннің (шын аты Цао Чжинь – қытай жазушысы) 1763…

0
0
885

Ажар САЯТ: біздің басты ұстанымымыз – сапа

Қазақ халқы қызды гүлге, гүлді сұлулыққа теңейтіні тегін емес. Гүл – нәзіктіктің, сұлулық пен әсемділіктің, сүйіспеншіліктің символы. Гүлдің тілі – нәзік тіл. Гүл бар жерде сезім бар. Талғамға талас жоқ, әркім гүлді өз қалауынша таңдайды. Негізі гүл сыйлауда қатып қалған қағида жоқ. Дегенмен, қалыптасқан өзіндік бір заңдылықтар бар. Бүгін біз «Renoir» гүл салонының иегері, жас кәсіпкер Ажар Саятты әңгімеге тарттық. Ажар – Бристоль университетінің түлегі. «Қаржы және инвестиция» мамандығын меңгерген жас маман жетістікке қалай қол жеткізгені және раушан гүлдері тез солып қалмас үшін не істеу керектігін әңгімелеп берді. –Флорист деген кім? –Флористер – көмекші. Гүлді таңдаудың үлкен мәні бар. Мәселен, тұтынушы гүл салонына барғанда гүлді не үшін алады? Ең әуелі сыйлық иесіне деген ізгі ниеті…

0
0
4208