Мазмұнға өту
elimai

ел. кз

@elimai

Сайтта 2012 ж. 12 қарашаКазахстан, Астана

El.kz это молодежный интернет-проект, направленный на развитие культуры, спорта, науки и истории Казахстана. Наш проект объединяет самых талантливых и интересных молодых людей. Это 190 тысяч соавторов социальной сети и блог-платформы, благодаря которым El.kz продолжает расти и создавать уникальный материал о Казахстане, казахстанцах, родном языке, великой культуре и традициях нашего народа.

рейтинг

100

жазбалар

1 615

пікірлер

0

тіркелуші

28

жазылымдар

16

Үмітхан МҰҢАЛБАЕВА: «Астана тұрғындарының 25-30 пайызы кітапханаға тәуелді»

Кітап – адамның ақыл-ойын өсіріп, дүниетанымын қалыптастыратын ұлы құрал, баға жетпес қазына. Кітап адамзатпен бірге жасай беретін ғасырлық мұра. Шекспирдің «Кітап маған тақтан да қымбат» – деген сөзі бар. Ал, кітапхана – көп салалы, ақпараттық әрі рухани орталық. Астана тұрғындарының кітап оқуға деген қызығушылығы қандай, елорда жұртшылығының қанша пайызы кітапқұмарлар тобына жатады? Осы сұрақтарға жауап іздеу мақсатында педагогика ғылымдарының докторы, Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті кафедрасының доценті, қоғамдық ғылымдар академигі, Қазақстан Республикасына Еңбек сіңірген қайраткер, Қазақстан Республикасы Ұлттық академиялық кітапханасының бас директоры Үмітхан Мұңалбаевамен әңгімелескен едік. – Үмітхан Дәуренбекқызы, алдымен, Ұлттық академиялық кітапхана туралы аз-ке…

0
0
2776

«Атырау» – «Ақтөбе»: 0 – 2

Бүгін «Атырау» футбол клубы өз алаңында «Ақтөбемен» кездесті. Премьер-Лиганың 22-айналымындағы жарыста алаң иесі 0-2 есебімен ұтылып қалды. Ойынның тоғызыншы минутында ақтөбелік Сергей Хижиненко алғашқы гол соқты. Бірінші тайм 0-1 есебімен аяқталды. Ойынның 46-минутында Маркос Пизелли соққан доп Атырау қақпасына дәл тиді. Атыраулық ойыншылар есепті теңестіруге қанша талпынғанымен, ойын 0-2 есебімен, Ақтөбенің жеңісімен аяқталды. «Ақтөбе» футбол клубы жанкүйерлерінің қуанышында шек болған жоқ. Олардың айтуынша, «Ақтөбе» енді-енді командалық ойын көрсете бастапты. Sports.kz спорттық порталының мәліметінше, осыған дейін Қазақстан біріншілігінде «Атырау» мен «Ақтөбе» өзара 33 кездесу өткізген болатын. Оның ішінде 6 кездесуде «Атырау» клубы жеңсе, 21 жеңіс «Ақтөбе» клубының қанжығасында, ал 6…

0
0
289

Астанада «Жұлдыздар шеруі» Халықаралық байқауы өтті

Бүгін Астанада, «Жастар» сарайында «Жұлдыздар шеруі» Халықаралық байқау-фестивалі өтті. Шараға Қазақстан мен Ресейден 5 пен 25 жас аралығындағы өнерпаздар қатысты. Жас өнерпаздар хореография, эстрадалық вокал, көркемсөз оқу шебері және сазды аспаптар жанры номинациялары бойынша бақ сынады. Байқауға Қазақстаннан өнер қайраткері, білім беру саласының құрметті азаматы Марат Қуанышбек, Ресейден музыкалық продюсер, режиссер Игорь Димин төрелік етті. Қатысушылардың байқауға тыңғылықты дайындалғаны байқалып тұрды. Көркемсөз оқу шеберлігі номинациясы бойынша ақтөбелік Назерке Бақытжан, Әлібек Сербаев және Ақбота Мұханбетәлі Абай Құнанбаевтың, Мұқағали Мақатаевтың және Мұхтар Шахановтың өлеңдерін мәнерлеп оқуда алдына жан салмады. Қарағандылық өнерпаз Иван Морданов Абайдың «Айттым сәлем, Қаламқас»…

0
0
850

Еуразия ұлттық университетін 4573 маман тәмамдады

Оқу жылы аяқталғалы білім саласындағы аласапыран дүркіреп тұр. Мектеп қабырғасынан түлеп ұшқан қаншама жастар арманына қанат байлап, өмірдің жаңа белесіне қадам басты. Еліміздегі алдыңғы қатарлы білім ошақтарының бірі – Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің құжат қабылдау жөніндегі комиссиясы 20 маусымнан бастап кезекті жұмысын бастады. Биылғы түлектердің қаншасы болашағын Еуразия ұлттық университетіне сеніп тапсырғанын кейін біле жатармыз. Есесіне, университеттің баспасөз қызметі білім ордасын 2014-2015 жылы қанша түлек тәмамдағынын жариялады. Ресми деректерге сүйенсек, биылғы жылы Еуразия ұлттық университетін бітірушілердің саны 4573адамды құраған. Оның ішінде әртүрлі мамандық бойынша 3403 – бакалавр 1102 – магистр және 68адам доктор дәрежесін алды. Ақпараттық технология ф…

0
0
633

«Мәңгілік мұра» атты жаңа жоба іске асады

Қазақстан өнері мен мәдени құндылықтарын әлемдік қауымдастыққа насихаттауға бағытталған «Мәңгілік мұра» атты жаңа жоба қолға алынбақ. Бұл туралы ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы Астанадағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында айтты. Мәдениет және спорт министрлігі «Мәңгілік мұра» атты жаңа жобаны «100 нақты қадам» ұлт жоспарын іске асыру аясында жүзеге асыруды көздеп отыр. Қазақстандағы ұлттардың бір тектілігі мен бірлігін нығайтуға бағытталған бірқатар ауқымды жобалар жүзеге асады деп күтілуде. Аталмыш жоба арқылы қазақ мұрасы шетелдерде насихатталатын болады. Жоба аясында атқарылатын жұмыстардың басым бөлігі еліміздегі музейлер жұмысының жаңғыртылуымен тікелей байланыста өрбитіндігі айтылды. Соның бір мысалы, Ұлттық музейде ашылуы жоспарла…

0
0
676

Тұңғыш тарихшы Қадырғали Жалайырдың туғанына 485 жыл

Талдықорғанда Қазақ хандығының құрылғанына 550 жыл толуына орай ортағасырлық тарихшы, шежіреші, ғұлама ғалым, атақты биі Қадырғали Жалайырдың 485 жылдығына арналған республикалық ғылыми-практикалық конференция өтті. Жиында алдымен тарихшы ғалымның ғұмыр дерегі мен қалдырған еңбектеріне қатысты фильм ұсынылды. Қазақтың тұңғыш тарихшысы, қоғам қайраткері, қолбасшы, елші-кеңесші, философ, тарихи публицистиканың негізін қалаушы қаламгер ретінде Қадырғали бабамыздың бет-бейнесі жан-жақты қырынан ашып көрсетілді. Ғалымдар Әлкей Марғұлан, Шоқан Уәлиханов, жазушы Мұхтар Мағауиннің тарихшы туралы терең зерттеулерінен келтірілген деректер фильм мазмұнын аша түсті. Конференцияны Талдықорған қаласының әкімі Ермек Алпысов кіріспе сөзімен ашып, өткізіліп отырған шараның мәні мен маңызына тоқталып өтті.…

0
0
2848

Халық әндерінің жанашыры Аллажар Қайбар бала тәрбиесі жөніндегі ойымен бөлісті

ҚР Президенті оркестрінің әншісі, халық әндерінің жанашыры Аллажар Қайбар сегіз қырлы, бір сырлы өнер иесі ғана емес, астаналық бір отбасының отағасы, үш баланың әкесі. Ата-әжесінің қолында өсіп, әке-шешесінің тәрбиесін көріп, ұлттық тәлім-тәрбиені бойына сіңірген Аллажар аға El.kz оқырмандары үшін отбасындағы бала тәрбиесіне қатысты өз ойымен бөлісті. - Аллажар аға, сұхбатымызды 1998 жылдан, елордасы Алматыдан Астанаға ауысқан шақтан бастасақ. Білуімше, сіз сол жылдары алғашқылардың бірі болып Астанаға көшіп келіпсіз. - Негізі, біз 1992 жылы Моңғолиядан көшіп келгенбіз. Павлодарда мектепке бардым. Ыбырай Алтынсарин атындағы Қазақ тілі мен әдебиетін тереңдетіп оқытатын мектепті бітірдім. Бала кезімнен дәстүрлі әндерге қызығатынмын. Алайда, ол кезде еліміздің солтүстік аймақтарында өнер ун…

0
0
1293

Кәрім Ибраев – үздік кинолог

Лейтенант Ибраев Кәрім Жақанұлы – Алматы өңірлік гарнизоны әскери полиция жасағындағы озат мамандардың бірі. Семей облысы, Мақаншы ауданы, Мақаншы ауылында дүниеге келген Кәрім Жақанұлы 1989 жылы Молдавия Республикасындағы 7481 әскери бөлімінде Отан алдындағы борышын өткерген. Кейін Украйнаның Золочев қаласындағы 3350 әскери бөлімінің кинолог мамандарды даярлайтын оқу бригадасында патрульдік-іздестіру иттерін үйрету мамандығы бойынша білім алып, үздік бағаға тәмамдады. Кейін 1996 жылы ҚР ҚК 21770 әскери бөлімінде радиостанция бастығы қызметін атқарған. 2013 жылдан бері лейтенант К.Ибраев Алматы өңірлік гарнизоны әскери полиция жасағында кинологиялық бөлімнің аға офицері қызметін атқаруда. –Төрт аяқты көмекшілеріміздің қырағы әрі жылдам естуі, нұсқаушының кез-келген бұйрығын бұлжытпай орын…

0
0
804

Каспий келбеті

El.kz интернет жобасы Қазақстанның көркем табиғатын насихаттау, оны қорғау, баршаға таныстыру, марқая мақтану мақсатында еліміздің тылсым сырға толы, таңғажайып табиғатына «саяхат» жасауды жалғастыруда. Бұған дейін «Шарын шатқалының шартарабы», «Әуезді Әнші құм», «Бесшатыр», «Көлсай көлдері», «Бұқтырма көлінің маржан суы», «Түрген – қазақ жеріне берілген табиғаттың тартуы», "Шығыс Қазақстанның өзен-көлдері, таулары, флорасы мен фаунасы" атты т.б. мақала, фоторепортаж, фотоальбом жарық көрді. Аустралиядан келіп қазақ жерінің әдемілігін, табиғатының тартымдылығын суреттер арқылы шебер сөйлете білген саяхатшымен «Қазақ даласын суретке түсірген жихангез кім?» атты көлемді сұхбат жарияланды. Қоршаған ортамызға қатысты айдардың бүгінгі саны «Каспий келбетіне» арналады. Каспий теңізі - Еуропа ме…

0
0
1627

Құралай Нұрқаділқызының «Әйел адамның кәсіби жетістікке жетуі» тақырыбындағы тренингі

Шын мәнісінде, бұл тренинг осыдан шамамен жарты жыл уақыт бұрын өткен болатын. Көптен бері отандық сән әлемінде көрінбей жүрген Құралай Нұрқаділова, сәуір айында Астанада өтетін Қазақстандық сән апталығына қатысатын болды. Танымал қазақстандық дизайнердің басқа уақыттарда сұхбат беріп жүретін уақыты тапшы болғандықтан, осы мүмкіндікті пайдалануды ұйғардық. Сәті түсіп, сол күні Құралай Нұрқаділқызынан сән көрсетілімі жөнінде сұхбат алдық. Сөз арасында Құралай ханым екінші күні Астанада әйелдерге арналған тренинг өткізетінін айтты. Тренинг жабық, шағын ортаға арналған екен. Алайда, ол жерде айтылатын нәрсе тек шағын ғана ортаға емес, еліміздегі жұмысбасты әйелдердің барлығына да қатысты болғандықтан, Құралай Нұрқаділқызы маған: «Жақсы, сен де кел. Бірақ бір шартым бар. Осы жайында жазасың,»…

0
0
2083