Мазмұнға өту
elimai

ел. кз

@elimai

Сайтта 2012 ж. 12 қарашаКазахстан, Астана

El.kz это молодежный интернет-проект, направленный на развитие культуры, спорта, науки и истории Казахстана. Наш проект объединяет самых талантливых и интересных молодых людей. Это 190 тысяч соавторов социальной сети и блог-платформы, благодаря которым El.kz продолжает расти и создавать уникальный материал о Казахстане, казахстанцах, родном языке, великой культуре и традициях нашего народа.

рейтинг

100

жазбалар

1 615

пікірлер

0

тіркелуші

28

жазылымдар

16

Достар, www.elim-ai.kz әлеуметтік желісі еліміздің бас қаласы Астананың айшықты да әсем суреттерін назарларыңызға ұсынады!

Достар, www.elim-ai.kz әлеуметтік желісі еліміздің бас қаласы Астананың айшықты да әсем суреттерін назарларыңызға ұсынады. Астана – әлемдегі ең жас астана, сонымен қатар республиканың саяси-әкімшілік және мәдени орталығы болып табылады. Еліміздің қайталанбас келбеті, заманауи қаласы – біздің мақтанышымыз. «Астана айшықтары» деген атпен берілген бұл бөлімде қаламызда жаңадан бой көтерген әдемі ғимараттар, қонақүйлер, ойын-сауық кешендері, әсем сарайлар мен тарихи ескерткіштер тобы көздің жауын алатын суреттермен берілген. Желідегі осы суреттер арқылы Астана қаласына саяхат жасай аласыз. Сәттілік, достар!

0
0
967

Достар, www.elim-ai.kz әлеуметтік желісінің «Көр, оқы, ойна» айдарындағы «Музыка» бөлімінде қазақ халқының асыл мұрасы – дәстүрлі әндер топтамасы берілген.

Достар, www.elim-ai.kz әлеуметтік желісінің «Көр, оқы, ойна» айдарындағы «Музыка» бөлімінде қазақ халқының асыл мұрасы – дәстүрлі әндер топтамасы берілген. Халқымыздың мақтаныш етер, ғасырлар сүзгісінен өтіп, бізге жеткен рухани жәдігерлері – ән қазынасы – «Қазақтың дәстүрлі 1000 әні» айдарымен берілген топтамадан қазақ әндерінің інжу-маржанын тыңдай аласыз. Қалың көпшілікке беймәлім болып келген, әлдене себептермен аты аталмай келген авторлардың әндері құлақтың құрышын қандырып, тыңдаушының мерейін өсірері сөзсіз. Белгілі әншілердің орындауындағы халқымыздың баға жетпес мұрасын аудионұсқада тыңдауға мүмкіндік беріп отырған www.elim-ai.kz әлеуметтік желісінің бұл қадамы көпшіліктің көңілінен шығары анық.

0
0
872

Көкпар

Достар, www.elim-ai.kz әлеуметтік желісі ұлттық ат спорты ойындарының бірі «Көкпарды» онлайн үлгіде ойнауға мүмкіндік туғызып отыр. Жігіттің күш-жігері, төзімділігі, батылдығы мен ептілігі, ат үстінде мығым екендігі осы көкпарда сыналады. Сондай-ақ аттың бабы да ойынның барысына елеулі әсер етеді. www.elim-ai.kz әлеуметтік желісіндегі «Көкпар» ойынына аздаған өзгерістер енгізіліп, компьютерге лайықталып жасалған. Ойынның мақсаты – ұлттық ойындарымыздың бірі «Көкпарды» желі арқылы қазіргі қоғам арасында кеңінен насихаттау. Ойын тартысты да қызықты. Іске сәт, достар!

0
0
789

Достар, www.elim-ai.kz әлеуметтік желісі назарларыңызға «IQ doda» зияткерлік ойынын ұсынады.

Достар, www.elim-ai.kz әлеуметтік желісі назарларыңызға «IQ doda» зияткерлік ойынын ұсынады. Ойын адамның ой-өрісін дамытып, таным-түсінігін тереңдетеді. Ойын барысында Қазақстан және дүниежүзі тарихынан, жер-су аттары, мәдениет пен руханиятқа қатысты сұрақтар қойылады. Сұрақтар жеңіл, орташа, күрделі болып үш деңгейге жіктелген. Сұрақтардың ауқымы кең, қызықты әрі есте сақтауға оңай. Ойынды ойнау өз біліміңізді тексеріп қана қоймай, сонымен бірге өзіңізге тиянақты білім жинауға мүмкіндік туғызады. Сәттілік, достар!

0
0
1413

Достар, www.elim-ai.kz әлеуметтік желісі «Алтын сандық» танымдық ойынын енді онлайн үлгіде ойнауға мүмкіндік туғызып отыр.

Достар, www.elim-ai.kz әлеуметтік желісі «Алтын сандық» танымдық ойынын енді онлайн үлгіде ойнауға мүмкіндік туғызып отыр. Ойын тіл байлығын дамытуға негізделген. Ойын ішіндегі сөздер бес түрлі деңгейде, жеңілден күрделіге қарай ұсынылады. Ойыншы ұсынылған үш көмекке және шашылған әріптерге сүйене отырып, жасырылған сөзді тауып, оны құрастыруы керек. Ойын сөздік қорды байытуға, есте сақтау қабілетін сынауға, сөз өнеріне деген қызығушылықты оятуға, тілге деген құрметті күшейтуге септігін тигізеді.

0
0
836

Қазақ тілін үйренушілерге www.elim-ai.kz әлеуметтік желісі жаңа мүмкіндіктер ұсынады

Достар, қазақ тілін үйренушілерге www.elim-ai.kz әлеуметтік желісі жаңа мүмкіндіктер ұсынады. «Тілашар» курсының 72 сабағы қазақ тілін үйренудің алғашқы деңгейін меңгеріп жүрген тіл үйренушілерге тиімділігімен ерекшеленеді. Әліпбиден бастап, қазақ тілінің фонетикалық заңдылықтарын видеосабақтар арқылы түсіндірумен қатар сабаққа байланысты видеоматериалдар қоса берілген. Мұнда тілдің өзіндік ерекшелігін танытумен бірге қазақ дәстүрлі мәдениетінен танымдық ақпараттар берілген. Әрбір сабақ соңында тест тапсырмалары беріліп, материалдың қаншалықты меңгерілгендігін байқап көруге мүмкіндік береді. Өзін-өзі бағалаудың мұндай үлгісі үйренушілердің жетістікке жетуіне серпін берері сөзсіз.

1
0
1013