Қазақ тілін үйренушілерге www.elim-ai.kz әлеуметтік желісі жаңа мүмкіндіктер ұсынады
Достар, қазақ тілін үйренушілерге www.elim-ai.kz әлеуметтік желісі жаңа мүмкіндіктер ұсынады. «Тілашар» курсының 72 сабағы қазақ тілін үйренудің алғашқы деңгейін меңгеріп жүрген тіл үйренушілерге тиімділігімен ерекшеленеді. Әліпбиден бастап, қазақ тілінің фонетикалық заңдылықтарын видеосабақтар арқылы түсіндірумен қатар сабаққа байланысты видеоматериалдар қоса берілген. Мұнда тілдің өзіндік ерекшелігін танытумен бірге қазақ дәстүрлі мәдениетінен танымдық ақпараттар берілген. Әрбір сабақ соңында тест тапсырмалары беріліп, материалдың қаншалықты меңгерілгендігін байқап көруге мүмкіндік береді. Өзін-өзі бағалаудың мұндай үлгісі үйренушілердің жетістікке жетуіне серпін берері сөзсіз.

