Мазмұнға өту
deptruda-sockst

deptruda-sockst

Сайтта 2017 ж. 28 наурыз

Пайдаланушы әзірге өзі туралы ештеңе жазбаған.

рейтинг

250

жазбалар

1 914

пікірлер

0

тіркелуші

7

жазылу

1

Egov.kz-та мүгедектік туралы растауды алуға болады

Мүгедектігі бар адамдар және ерекше қажеттіліктері бар балалардың ата-аналары ХҚО-ға бармай-ақ, 18 жасқа дейінгі баланың мүгедектігі туралы ақпаратты онлайн-режимде растай алады. Жаңа қызмет egov.kz электрондық үкімет порталында "Әлеуметтік қамсыздандыру" -"Мүгедектерді қолдау" бөлімінде қолжетімді. Жаңа функционалды ЭЦҚ көмегімен пайдалануға болады. Аталған қызметтің қолжетімділігін арттыру мақсатында жазбаша растауды көші-қон қызметтері орталығынан, "Qostanay komek alany" фрон-кеңсесінен алуға болады. Бұл қызметті алу үшін көші-қон орталығы мен фронт-кеңсесінде барлық жағдай жасалған. Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштары жұмыс істейді. Мұқтаж адамдарға мамандар әрдайым көмекке келеді. Арбадағы мүгедектер үшін көші – қон қызметі орталығында 1 қабатта өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы құрылға…

0
0
193

Онлайн – қабылдау

«Әлеуметтік - адалдық алаңы» жобалық кеңсесіне ZOOM платформасы арқылы Қостанай ауданында тұратын 1 топтағы мүгедек ана А.П. Артемьеваға әлеуметтік оңалту мәселелері бойынша Ресей тұрғыны Вера Артемьева жүгінді. Жоба кураторы А.Р. Дощанова санаториялық-курорттық және оңалту емін, оңалту құралдарын алу мәселелері бойынша кеңес берді, сондай-ақ А.П. Артемьеваға үйде арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету тізбесі мен көлемі бойынша толық түсініктеме берілді. 1 топтағы мүгедек А.П. Артемьеваға әлеуметтік көмек көрсету бойынша қосымша сұрақтар жобалық кеңсенің бақылауына алынды. Естеріңізге сала кетейік, «Әлеуметтік - Адалдық алаңы» жобалық кеңсесі әлеуметтік блок мәселелерін шешу үшін құрылған. Қабылдаулар күнделікті негізде жүргізілуде. Барлық сұрақтар бойынша 8- (7142)-50-29-83, 8-775-142-52-40…

0
0
180

Қоғамдық кеңеспен кездесу

Медициналық-әлеуметтік мекемелердің жұмысына қоғамдық бақылауды күшейту шеңберінде Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ұсынымы бойынша әрбір арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығының жанынан Қоғамдық кеңестер құрылды. Мұндай кеңес Қарасу арнайы қызмет көрсету орталығының жанынан да құрылды. Оның құрамына: ҮЕҰ өкілдері, белсенді өмірлік ұстанымы бар адамдар, қызмет алушылардың туыстары кірді. Кеңестің міндеті қызмет алушылардың құқықтарының сақталуына қоғамдық бақылау жүргізу.Департамент басшысы Қарасу ауданына жұмыс сапары барысында Қоғамдық кеңес мүшелерімен кездесу өткізіп, құрылған кеңестердің мақсаттары мен міндеттерін түсіндірді. Барлық қызықтырған сұрақтарға жауап беріп, кеңестер, орталықтар сияқты бірлескен жұмыстың сапасын жақсарту және Департаментпен өзара іс-…

0
0
171

Департамент басшысы М.Мұратбековтің Қарасу арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығына жұмыс сапары

Департамент басшысы М.Т. Мұратбеков жұмыс сапары аясында «Қарасу арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» КММ-де болды. Бұл орталықта 49 қызмет алушы тұрады. Жұмыс сапары барысында тұру жағдайымен және алушыларға арнаулы әлеуметтік қызметтердің 7 түрін ұсыну сапасымен танысты. Бұл әлеуметтік-тұрмыстық, әлеуметтік-медициналық, әлеуметтік-психологиялық, әлеуметтік-мәдени, әлеуметтік-экономикалық және әлеуметтік - құқықтық қызметтер.

Қазіргі уақытта халықты әлеуметтік қорғау саласындағы бақылау бөлімі осы мекеменің қызметіне тексеру жүргізуде.

Департамент басшысы Орталықтың қызметіне мониторинг жүргізіп және осы мекеменің проблемаларын зерттеді.

Жұмыс берушілерді еңбек тәжірибесі жоқ жастарды қабылдауға ынталандыру және еңбек нарығында

Жұмыс берушілерді еңбек тәжірибесі жоқ жастарды қабылдауға ынталандыру және еңбек нарығында жастардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру мақсатында «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясында алғаш рет жұмыс іздеп жүрген түлектерге барлық меншік нысанындағы ұйымдарда қажетті еңбек дағдыларын үйрету үшін оларды жұмысқа орналастыруды көздейтін «Алғашқы жұмыс орны» жобасы іске асырылуда.

https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek/press/news/details/uchastnikami-gosprogrammy-enbek-stali-bolee-145-tys-predstaviteley-molodezhi?lang=kk

0
0
126

COVID-19-бен күресуге тартылған 1581 медицина қызметкері коронавирустық инфекцияны немесе вирустық

COVID-19-бен күресуге тартылған 1581 медицина қызметкері коронавирустық инфекцияны немесе вирустық пневмонияны жұқтырған жағдайда Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан (бұдан әрі – МӘСҚ) берілетін біржолғы әлеуметтік төлемді алды. Сондай-ақ, МӘСҚ аурудың салдарынан қайтыс болған 22 медицина қызметкерінің туыстарына төлемдер аударды.

https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek/press/news/details/pochti-16-tys-medrabotnikov-poluchili-vyplaty-iz-gfss-v-svyazi-s-zarazheniem-covid-19-i-pnevmoniey?lang=kk

0
0
140

COVID-19-бен күресуге тартылған 1487 медицина қызметкері коронавирустық инфекцияны немесе вирустық

COVID-19-бен күресуге тартылған 1487 медицина қызметкері коронавирустық инфекцияны немесе вирустық пневмонияны жұқтырған жағдайда мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан (бұдан әрі – МӘСҚ) берілетін біржолғы әлеуметтік төлемді алды. Сондай-ақ, МӘСҚ аурудың салдарынан қайтыс болған 20 медицина қызметкерінің туыстарына төлемдер аударды.

https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek/press/news/details/pochti-15-tys-medrabotnikov-poluchili-vyplaty-iz-gfss-v-svyazi-s-zarazheniem-covid-19-i-pnevmoniey?lang=kk

0
0
116

2020 жылдың 8 айында Қазақстанның жұмыс күші көп өңірлерінен жұмыс күші тапшы өңірлеріне жалпы саны

2020 жылдың 8 айында Қазақстанның жұмыс күші көп өңірлерінен жұмыс күші тапшы өңірлеріне жалпы саны 4 386 адам, оның ішінде еңбекке жарамды жастағы 2 303 адам бар 1 273 отбасы қоныс аударды. Еңбекке жарамды отбасы мүшелерінің ішінен 1 652 адам жаңа тұрғылықты жері бойынша жұмысқа орналастырылды.

https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek/press/news/details/bolee-43-tys-chelovek-pereselilis-iz-trudoizbytochnyh-v-trudodeficitnye-regiony-v-ramkah-gosprogrammy-enbek?lang=kk

0
0
127

Ақпараттық-түсіндіру жұмысы

2020 жылы 10 қыркүйекте Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Қостанай облысы бойынша департаментінің №1 зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру бөлімінің бас маманы Жанар Боранбайқызы Бокышева Федоров ауданының «Азаматтарға арналған үкімет» МК» КЕАҚ филиалының халыққа қызмет көрсету бөлімінде, әлеуметтік қамсыздандыру бөлімінде «Зейнетақы және жәрдемақы тағайындауға құжаттарды қабылдау» атты тақырыпта семинар-кеңес өткізді.

Құжаттарды беру тәртібіне, құжаттарды қабылдауда бас тарту себептеріне, қызмет көрсетуде бас тарту себептеріне қатысты мәселелер талқыланды.

Барлық сұрақтарға қолданыстағы заңнамаға сәйкес түсіндіру сипатындағы жауаптар берілді.

0
0
145

Солтүстік Қазақстан облысы Саумалкөл ауылының тұрғыны Иван Воликов Нәтижелі жұмыспен қамтуды және

Солтүстік Қазақстан облысы Саумалкөл ауылының тұрғыны Иван Воликов Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасын (бұдан әрі – Бағдарлама) іске асыру шеңберінде грант алып, жаңа жабдықтар сатып алып, өз ісін кеңейтті. Ағымдағы жылдың 8 айында Солтүстік Қазақстан облысында бағдарлама шеңберінде 1,7 мыңнан астам адам бизнес-идеяларды іске асыруға мемлекеттік гранттар мен микрокредиттер алды.

https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek/press/news/details/mnogodetnyy-otec-rasshiril-sobstvennoe-delo-blagodarya-gosprogramme-enbek?lang=kk

0
0
190