Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Департамент басшысы М.Мұратбековтің Қарасу арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығына жұмыс сапары

Департамент басшысы М.Т. Мұратбеков жұмыс сапары аясында «Қарасу арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» КММ-де болды. Бұл орталықта 49 қызмет алушы тұрады. Жұмыс сапары барысында тұру жағдайымен және алушыларға арнаулы әлеуметтік қызметтердің 7 түрін ұсыну сапасымен танысты. Бұл әлеуметтік-тұрмыстық, әлеуметтік-медициналық, әлеуметтік-психологиялық, әлеуметтік-мәдени, әлеуметтік-экономикалық және әлеуметтік - құқықтық қызметтер.

Қазіргі уақытта халықты әлеуметтік қорғау саласындағы бақылау бөлімі осы мекеменің қызметіне тексеру жүргізуде.

Департамент басшысы Орталықтың қызметіне мониторинг жүргізіп және осы мекеменің проблемаларын зерттеді.

Осы тақырып бойынша