Мазмұнға өту
Обложка сообщества Новости

Egov.kz-та мүгедектік туралы растауды алуға болады

Мүгедектігі бар адамдар және ерекше қажеттіліктері бар балалардың ата-аналары ХҚО-ға бармай-ақ, 18 жасқа дейінгі баланың мүгедектігі туралы ақпаратты онлайн-режимде растай алады. Жаңа қызмет egov.kz электрондық үкімет порталында "Әлеуметтік қамсыздандыру" -"Мүгедектерді қолдау" бөлімінде қолжетімді. Жаңа функционалды ЭЦҚ көмегімен пайдалануға болады.

Аталған қызметтің қолжетімділігін арттыру мақсатында жазбаша растауды көші-қон қызметтері орталығынан, "Qostanay komek alany" фрон-кеңсесінен алуға болады. Бұл қызметті алу үшін көші-қон орталығы мен фронт-кеңсесінде барлық жағдай жасалған. Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштары жұмыс істейді. Мұқтаж адамдарға мамандар әрдайым көмекке келеді. Арбадағы мүгедектер үшін көші – қон қызметі орталығында 1 қабатта өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы құрылған.

Фронт-кеңсесі мына мекенжайда орналасқан: Қостанай қаласы, Пушкин көшесі, 98 (Қостанай қаласы әкімдігінің артында). Жұмыс тәртібі сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін.

Көші-қон қызметі орталығы Қостанай қаласы, Тәуелсіздік көшесі, 114 (бұрынғы ХҚКО ғимараты) мекенжайы бойынша орналасқан. Жұмыс тәртібі: 09.00-ден 18.30-ға дейін, үзіліс 13.00-ден 14.00-ге дейін, сенбі 09.00-ден 13.00-ге дейін, жс демалыс.

-------------------------------------------------------------

Лица с инвалидностью и родители детей с особыми потребностями могут подтвердить информацию об инвалидности ребёнка до 18 лет в онлайн-режиме, без посещения ЦОНов. Новая услуга доступна на портале электронного правительства egov.kz в разделе "Социальное обеспечение" – "Поддержка инвалидов". Воспользоваться новым функционалом можно при помощи ЭЦП.

С целью улучшения доступности данной услуги письменное подтверждение возможно получить в центре миграционных услуг, фрон-офисе «Qostanay komek alany». Для получения данной услуги в миграционном центре и фронт-офисе созданы все условия. Работают уголки самообслуживания. Нуждающимся специалисты всегда придут на помощь. Для инвалидов – колясочников в центре миграционных услуг создан уголок самообслуживания на 1 этаже.

Фронт-офис находится по адресу: город Костанай, ул.Пушкина, 98 (за акиматом города Костанай). Режим работы с 9.00 до 18.30 часов.

Центр миграционных услуг находится по адресу: город Костанай, ул. Тәуелсіздік, 114 (здание бывшего ЦОНа). Режим работы: с 09.00 до 18.30, перерыв с 13.00 до 14.00, сб с 09.00 до 13.00, вс выходной.

0
0
195

Осы тақырып бойынша