Бердібек Сапарбаев пен Қазақстандағы «Шелл» басшысы ынтымақтастық перспективаларын талқылады
Бердібек Сапарбаев пен Қазақстандағы «Шелл» басшысы ынтымақтастық перспективаларын талқылады28 мамырда ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев «Shell» концернінің Қазақстандағы төрағасы Оливье Лазармен кездесу өткізді.Тараптар кадрларды даярлау, кәсіпорынның әлеуметтік жауапкершілігі және өндіріс пен инфрақұрылымдық ортаның қауіпсіздігі мәселелерін талқылады. Тараптар одан әрі өзара іс-қимыл жасауға дайын екендерін білдірді.Б. Сапарбаев «Шелл» компаниясының Қазақстан Республикасы Үкіметімен ынтымақтастығының көп жылғы сындарлы тарихын атап өтті.Өз кезегінде О. Лазар Еңбек министріне компания қабылдаған қазақстандық кадрлардың біліктілігін арттыру және ұлттық кадрлардың, оның ішінде басшы лауазымдардағы қызметкерлердің үлесін арттыру стратегиясы туралы айтып бер…