Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Б. Сапарбаев: негізгі міндет - еңбекке қабілетті барлық азаматтарға жұмыс істеу үшін жағдай жасау

Б. Сапарбаев: негізгі міндет - еңбекке қабілетті барлық азаматтарға жұмыс істеу үшін жағдай жасау

Сейсенбі, 28 мамыр күні ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев «Нұр-Султан» қаласының АЭА аумағындағы «KazTexExpo» автоматтандырылған өндірістік кешенінде болды.

Еңбек министрлігінің басшысы автоматтандырылған тігін цехын аралап, заманауи тоқыма өндірісінің технологияларымен және отандық өнімдердің түрлерімен танысты.

Сондай-ақ Бердібек Сапарбаев жеңіл өнеркәсіп өнімдерін өндірушілер одағының төрағасы, «ASTANA Ютария ltd» ЖШС бас директоры Сәуле Шәуеновамен, жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындарының басшыларымен, «Атамекен» ҰКП және Қазақстанның іскер әйелдер қауымдастығының өкілдерімен кездесу өткізді. Кездесу барысында нәтижелі пікір алмасу өтті, бизнес өкілдері бірқатар мәселелер бойынша ұсыныстар айтты. Атап айтқанда, әйелдер арасында кәсіпкерлікті дамыту, жұмыссыздық деңгейін төмендету, жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындарының қызметкерлерін әлеуметтік қорғау және қолдау, Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде мамандарды оқыту және қайта оқыту және «қарапайым заттар экономикасын» дамыту мәселелері талқыланды.

Министр Елбасы тоқыма өнімдерінің импортын 2025 жылға дейін 50% - ға дейін төмендету міндетін қойғанын атап өтті. Мемлекет бұған, оның ішінде жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындарына кредит беру және мемлекеттік және бюджеттік ұйымдардың отандық өнімді сатып алуы арқылы ықпал ететін болады.

Сонымен қатар, ол «Еңбек» жұмыспен қамту мемлекеттік бағдарламасына, сондай-ақ кадрларды оқыту мен қайта оқытуды реттейтін басқа да нормативтік құжаттарға өзгерістер енгізілетінін хабарлады.

«Біздің алдымызда тұрған басты міндет – азаматтарды жұмыспен қамту. Жұмыс істей алатын, соның ішінде үй жағдайында жұмыс істей алатын адамдардың барлығы жұмыспен қамтылуға тиіс. Өз кезегінде, мемлекет бұл үшін барлық жағдай жасауы керек, біз бұл бойынша жұмыс істеп жатырмыз», - деп атап өтті министр.

Еңбек министрі тігін цехының жұмысшыларымен кездесіп, еңбек заңнамасын сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру және қолдау мәселелерін талқылады.

Министр кәсіпорынның жұмысын жоғары бағалап, жеңіл өнеркәсіптің әлеуметтік даму мен халықты қолдауға қосқан үлесін, атап айтқанда, кәсіпорында көпбалалы және аз қамтылған азаматтарды оқыту және қайта оқытуды, жұмысқа орналастырылуын атап өтті.

«Кәсіпорынға жарты жыл бұрын Жұмыспен қамту орталығы арқылы жұмысқа орналастым. Мен екінші ұрпақтағы тігіншімін, бұған дейін көптеген ательеде жұмыс істедім. Мұнда қызметкерлер үшін барынша қолайлы жағдай жасалған, қызметкерлерді апарып алып келу және жатахана қарастырылған. Жалақыны кешіктірусіз уақытында аламыз. Қазақстанда мұндай өндірістердің көптеп жұмыс істегенін қалаймын", - деді тігін жабдығының операторы, жеті баланың анасы Ботагөз Битөреева.

Б. Сапарбаев «Kaztexpo» кешенінің аумағында Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы бойынша ашылған өндіріс үшін мамандарды қайта оқыту және даярлау Оқу орталығының жұмысымен танысты. Бүгінгі күні орталықта 70-ке жуық қызметкер оқытылды, олардың көпшілігі кәсіпорынның өзінде жұмысқа орналастырылды.

«ASTANA Ютария ltd» Өндірістік инновациялық компаниясы ЖШС 2013 жылы құрылды. Сол жылы компания «Астана - жаңа қала» АЭА аумағында «Kaztexpo» автоматтандырылған өндірістік кешенін салу бойынша ірі инвестициялық жобаны іске асырды. Жоба «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы бойынша жүзеге асырылып, «Елді индустрияландыру картасына» енді. Өндірістік кешенге 7000 шаршы метрден асатын өндірістік, негізгі, көмекші цехтар, қызметтік, сақтау және әкімшілік орын-жайлар, жалпы, модельдеуден, дизайннан бастап әртүрлі қосымшалар үшін дайын өнім шығарылатын толық өндірістік цикл кіреді. Жобаны жүзеге асыруға 2 млрд. теңгеден астам қаражат инвестицияланды.

Қазіргі уақытта кәсіпорында 460 қызметкер еңбек етеді. Компания халық тұтынатын өнімдердің кең ассортиментін шығарады-бұл арнайы киімдер, ерлер мен әйелдердің іскерлік және күнделікті киімі, балаларға арналған тауарлар, үй тоқымасы, сүлгілер, дастархандар, төсек-орын жабдықтары. Барлығы 500-ден астам тігін өнімі.

Сапарбаев: ключевая задача – создать условия для работы всем трудоспособным гражданам

Во вторник, 28 мая, Министр труда и социальной защиты населения Казахстана Бердибек Сапарбаев посетил автоматизированный производственный комплекс «KazTexExpo» на территории СЭЗ г.Нур-Султан.

Глава Минтруда осмотрел автоматизированный швейный цех, ознакомился с технологиями современного производства текстиля и ассортиментом отечественной продукции.

Также Бердибек Сапарбаев провел встречу с председателем Союза производителей продукции легкой промышленности, гендиректором ТОО «ASTANA Ютария ltd» Сауле Шауеновой, руководителями предприятий легкой промышленности, представителями НПП «Атамекен» и Ассоциации деловых женщин Казахстана. В ходе встречи состоялся продуктивный обмен мнениями, представители бизнеса озвучили предложения по ряду вопросов. В частности, были обсуждены вопросы развития предпринимательства среди женщин, снижения уровня безработицы, социальной защиты и поддержки работников предприятий легкой промышленности, обучения и переобучения специалистов в рамках государственной программы развития продуктивной занятости и массового предпринимательства «Еңбек» и развитие «экономики простых вещей».

Министр отметил, что Елбасы поставлена задача снизить импорт текстильной продукции до 2025 года до 50%. Государство будет способствовать этому, в том числе, через кредитование предприятий легкой промышленности и закуп отечественной продукции государственными и бюджетными организациями.

Кроме того, он проинформировал, о том, что сейчас вносятся изменения в госпрограмму занятости «Енбек», а также в другие нормативные документы, которые регламентируют переобучение и обучение кадров.

«Ключевая задача, которую поставили перед нами Елбасы и Президент, – это трудоустройство людей. Все, кто может работать, в том числе в домашних условиях, должны быть трудоустроены. В свою очередь, государство должно создать для этого все необходимые условия, и мы над этим работаем», - подчеркнул министр.

Глава ведомства также встретился с работниками швейного цеха, обсудил вопросы соблюдения трудового законодательства, социального обеспечения и поддержки.

Министр высоко оценил работу предприятия, отметив вклад легкой промышленности в социальное развитие и поддержку населения. В частности, обучение и переобучение, трудоустройство многодетных и малоимущих граждан на предприятии.

«Устроилась на предприятие полгода назад через центр занятости. Я швея во втором поколении, до этого поработала в многих ателье. Здесь созданы максимально благоприятные условия для сотрудников, есть развозка, общежитие. Зарплату получаем своевременно, без задержек. Хотелось бы, чтобы в Казахстане бы работало побольше таких производств», - рассказала оператор швейного оборудования, мать семерых детей Ботагоз Битуреева.

На территории комплекса Б.Сапарбаев ознакомился с работой Учебного Центра по переобучению и подготовке специалистов для производства, открытый по госпрограмме развития продуктивной занятости и массового предпринимательства «Еңбек». На сегодняшний день в Центре прошли обучение порядка 70 работниц, большинство из них трудоустроено на самом предприятии.

ТОО «Производственная Инновационная компания «ASTANA Ютария ltd» создано в 2013 году. В тот же год компанией реализован крупный инвестиционный проект - строительство автоматизированного производственного комплекса «KazTexExpo» на территории СЭЗ «Астана – новый город». Проект реализован по программе «Дорожная Карта Бизнеса-2020» и вошел в государственную «Карта индустриализации страны». Производственный комплекс включает в себя производственные, основные, вспомогательные цеха, служебные, складские и административные помещения площадью свыше 7000 кв.м. полного производственного цикла от моделирования, конструирования до выпуска готовой продукции разного применения. В реализацию проекта инвестировано свыше 2 млрд. тенге.

В настоящее время на предприятии трудятся 460 сотрудников. Компания выпускает широкий ассортимент продукции народного потребления — это спецодежда, мужская, женская, деловая и повседневная одежда, товары для детей, домашний текстиль, полотенца, скатерти, постельное белье. Всего свыше 500 наименований швейной продукции. Ежегодно на предприятии могут производить более 2 млн. единиц продукции.

0
0
347

Осы тақырып бойынша

Б. Сапарбаев: негізгі міндет - еңбекке қабілетті барлық азаматтарға жұмыс істеу үшін жағдай жасау - Yvision.kz