Мазмұнға өту
d_kavka

Dana Kavkayeva

@d_kavka

Сайтта 2018 ж. 3 ақпанКазахстан, Астана

шабыт толқынында

рейтинг

100

жазбалар

3

пікірлер

0

тіркелуші

0

жазылымдар

0

Сағындым

- Қызым, тұр! Шай ішейік!Сені күтіп отырмын. Осы бір ерекше жұмсақ, жанға жақын дауыс тәп-тәтті ұйқымды қиып, көзімді еріксіз ашуға итермеледі. Таң баяғыда - ақ атқан. Ашық тұрған терезеден таңғы самал желдің лебі сезіледі. Көк шалгын секілді жасыл перде салқын соққан лептің әсерінен ерекше толқын секілді қозғалуда. Бірде асқақ арманына, биік шың басына ұмтылған қыран құсы сияқты жоғарыға көтерілсе, енді бірде сағы сынған, қанатынан айырылған, осы бір шың басынан құлаған әлгі қыран секілді екпінін басып, мамыражай күйге тусуде. Қайтадан жоғары, қайтадан төмен, қайтадан… Алдамшы соққан таңғы салқын самал жел, кейін күннің қатты ыситынын жасыра алмай тұрғаны анық көрініп тұр. Төсегімнен еріксіз басымды көтердім. Ұйқым шала, қанбаған.” Осы бір жазғы каникулда да ұйқы бермеді ғой!”- деп күңкі…

1
0
532

сәтті сапар

1-Серия Құрметті жолаушылар! Нөмері 52 Астана – Алматы жүрдек пойызы 2-ші жолға келіп тоқатады. Сақ болыңыздар. - Келдік! Қобалжып тұрған жүздерімізден үйге асыққан студенттер екеніміз анық көрініп тұр. Қасыңдағы жолаушылар жаныңы жақын тартар жандар болса, 19 сағатқа созылған алыс сапар да түкке тұрғысыз мардымсыз нәрсеге айналады. Бірақ ол әңгіменің тарихы мүлдем басқа, сыры өзгелерінен бөлек. Қызғылт тартқан “гламурный” чемоданымды сүйреп, перронға түстім. Аяғым жерге тиісімен, жылулықты сезіндім. Астананың қатал, суық ауа-райынан әлдеқайда жылы. Бұл термометр бойындағы сандармен өлшенетін жылулықтан өзге, ерекше. Ол жақын туысыңның жылуы, көп көрмеген достарыңның жылуы. Ол 6 жыл бұрын кездесіп, қайта қосылған естеліктердің жылуы. Ол құшағына әркімді де сыйдырар, қонақжай, сенің жылуың…

1
0
787