Конфессияаралық келісімді қамтамасыз ету аясындағы мемлекеттік саясат
Қазақстан құрлықтағы жолдар торабында, Еуразия континетінің орталығында орналасқан. Сондықтан, Дала тарихи геомәдени іріктеу терриориясының қызметін атқарды. Бұл жерде әлемдік өзара бәсекелесуші діндер орнығып, геосаяси ықпалын кеңейту үшін өзіндік тиімді әрі бәсекеге жарамды қырларын көрсетуі қажет болды.Мұндай іріктеу нәтижесінде далада сұрыптау немесе конвергенция жүрді, бірнеше ұрпақтан беріліп, адамзат үшін, кем дегенде Еуразия үшін қолайлы, бірегей әлеуметтік-мәдени ережелер қалыптасты.Мұсылман мәдениетінің елеуіші арқылы барлық түркі эпосы мен аңыздарын өткізген тарихи Түркістан, Қазақстанмен бірге ислам үшін тек реципиент қана болып қойған жоқ. Түркістан барлық мұсылман үмметі үшін, адамзат үшін маңызды хадистану (әл-Бұхари, ат-Тирмизи және басқалары), математика (Бируни, әл-Хорез…