Перейти к содержимому
burinsk.nurotan.kz

Бурлинский филиал

@burinsk.nurotan.kz

Сайтта 2020 ж. 22 қыркүйекКазахстан, Аксай

Официальный филиал партии "AMANAT" Бурлинского района Западно-Казахстанской области

рейтинг

250

жазбалар

310

пікірлер

0

тіркелуші

28

жазылымдар

8

5 қыркүйек Бөрлі ауданы Кеңтүбек ауылдық округ әкімдерінің тікелей сайлауы өтеді.

Бәрімізге белгілі 2021 жылдың 25 мамырында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстандағы сайлау туралы» Конституциялық заңға әкімдерді сайлауды енгізу мен барлық үміткерге қарсы дауыс беруді қарастыратын түзетулерге қол қойды. Осыған байланысты 5 қыркүйек Бөрлі ауданы Кеңтүбек ауылдық округ әкімдерінің тікелей сайлауы өтеді. Бұл сайлау елдің, өз өңірінің өміріне қатысудың нақты мүмкіндігі. Сондықтан барлық тұрғындарды бірінші кезекте сайлауға қатысуға және ең лайықтысына дауыс беруге шақырамын!

0
0
255

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Снежанна Имашеваны Бөрліде.

Бөрлі ауылының бұрынғы әкімі, ауылдың абыройлы азаматы, зейнеткер Бақтығали Макеевпен және жергілікті қауымдастық төрағасы Мұрат Өтемұратовпен кездесті. Олар ауылдық округтің жаңа сайланған әкімі Әзілхан Зарифовпен бірге ауылдың тыныс-тіршілігімен танысты. Партияның «есіктен – есікке» акциясы бойынша Мәжіліс депутаты С.Имашева еңбек ардагері Шимаровтардың отбасымен кездесті.Сонымен қатар С. Имашеваның Пугачев ауылындағы танысқан жаңа салынып, бітуге тақалған жол болды. Ауылдық округ әкімі М.Ізтелеуов қала іргесіндегі ауылдың жай-күйін әңгімелесе, ауылдың 2 шақырымнан астам кіре беріс жолын салып жатқан «ДСК «Приоритет» ЖШС директоры Жанна Кенжина депуттаттың сұрақтарына жауап берді. Сонымен бірге Мәжіліс депутаты аудандық мәдениет үйінде аудандық мәслихат депутаттары мен қоғамдық кеңес мү…

0
0
202

Кезектен тыс ХХХ конференциясы өтті

2021 жылдың 01 шілдесінде «Nur Otan» партиясы Бөрлі аудандық филиалының кезектен тыс ХХХ -шы конференциясы онлайн форматында өтті.

Конференция жұмысына «Nur Otan» партиясының аудандық Саяси кеңесінің мүшелері, аудандық мәслихат хатшысы, ауылдық округ әкімдері, мекеме, ұйым басшылары, бастауыш партия ұйымдарынан ұсынылған делегаттар, үкіметтік емес ұйымдардың жетекшілері мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты. Конференция отырысына филиал төрағасы Сатқанов Миржан Мұнайдарұлы төрағалық етті. Өкілеттік мерзімдерінің аяқталуына байланысты Ақсу, Бөрлі, Қанай, Қарағанды және Қарақұдық ауылдық округтері әкімдерінің сайлауына «Nur Otan» партиясынан кандидаттарды ұсыну мәселесі күн тәртібінде қаралып, қаулы қабылданды.

0
0
194

"Ардагерлерді ардақтайық" партиялық жобасы аясында

Бүгін аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Садық аға Мырзағалиевпен кездестік. Өйткені ол кісінің кабинеті аудандық әкімдіктегі ең көп ашылатын есіктердің бірі. Ардагер, зейнеткер аға-апаларымыз шаруаларын, өкпе-өтініштерін, ұсыныстарын бірінші осы кісіге айтады. Сондықтан да көп жылдар басшылық қызметте болған, ауданның қадірлі азаматы Садық ағамен жиі кездесіп, сұқбаттасып тұрғанның пайдасы зор. Үнемі ауданның тарихы, ардагер азаматтары мен еңбекқор адамдары жайлы сыр шертетін ағамен дидарласуды Nur otan партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Малика Кашукқызы екеуміз сәті түскен кездесу деп санадық.

0
0
151

"Ардагерлерді ардақтайық" партиялық жобасы аясында

"Ардагерлерді ардақтайық!" жобасы ардагер ұстаз Зәуре Испанова мен отағасы еңбек ардагері Испанов Амантай ағамен отасқандарына 50 жыл толуына әрі ардагер ұстазымыздың туған күніне орай құттықтап, шағын сыйлық табыс етілді.

0
0
141

"Ардагерлерді ардақтайық" партиялық жобасы

Журналистер күні қарсаңында Олег Перегудовпен кездестік. Ауданның қадірлі азаматы, өңірге белгілі тұлғаның айтары әркез мол. Әңгіменің майын тамызатыны өз алдына, жады мықты. Оқиғаның айын, жылын шатастырмай, нақты дәлелдермен айтып отырғанда тыңдай бергің келеді. Осыдан 30 жыл бұрын, Тәуелсіздіктің алғашқы жылында біздің ауданда ашылған "Көкжиек-Горизонт" телестудиясының директоры, "Панорама Карашыганака" газетінің алғашқы редакторы осы кісі. Қазір де жасына қарамастан редакторлық қызметін дөңгелетіп отырған Олег Алексеевичпен кездесуде тек қал-жағдай біліп қана қоймай Nur otan партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Малика Махауова екеуміз бір ғибратты әңгіме тыңдадық десек болады.

0
0
191

Ұлы Отан соғысы ардагері  Михаил Иванович Шепельді 9 мамыр – Жеңіс күні мерекесімен құттықтады

«Nur Otan» партиясы Бөрлі аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары М.Махауова және Саяси Кеңес мүшесі И.Сатимов партияның «Ардагерлерді ардақтайық» жобасы аясында өңіріміздің Ұлы Отан соғысы ардагері Михаил Иванович Шепельді келіп жеткен 9 мамыр – Жеңіс күні мерекесімен құттықтады.

0
0
138