Кезектен тыс ХХХ конференциясы өтті
2021 жылдың 01 шілдесінде «Nur Otan» партиясы Бөрлі аудандық филиалының кезектен тыс ХХХ -шы конференциясы онлайн форматында өтті.
Конференция жұмысына «Nur Otan» партиясының аудандық Саяси кеңесінің мүшелері, аудандық мәслихат хатшысы, ауылдық округ әкімдері, мекеме, ұйым басшылары, бастауыш партия ұйымдарынан ұсынылған делегаттар, үкіметтік емес ұйымдардың жетекшілері мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты. Конференция отырысына филиал төрағасы Сатқанов Миржан Мұнайдарұлы төрағалық етті. Өкілеттік мерзімдерінің аяқталуына байланысты Ақсу, Бөрлі, Қанай, Қарағанды және Қарақұдық ауылдық округтері әкімдерінің сайлауына «Nur Otan» партиясынан кандидаттарды ұсыну мәселесі күн тәртібінде қаралып, қаулы қабылданды.
