Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

"Ардагерлерді ардақтайық" партиялық жобасы

Журналистер күні қарсаңында Олег Перегудовпен кездестік. Ауданның қадірлі азаматы, өңірге белгілі тұлғаның айтары әркез мол. Әңгіменің майын тамызатыны өз алдына, жады мықты. Оқиғаның айын, жылын шатастырмай, нақты дәлелдермен айтып отырғанда тыңдай бергің келеді. Осыдан 30 жыл бұрын, Тәуелсіздіктің алғашқы жылында біздің ауданда ашылған "Көкжиек-Горизонт" телестудиясының директоры, "Панорама Карашыганака" газетінің алғашқы редакторы осы кісі. Қазір де жасына қарамастан редакторлық қызметін дөңгелетіп отырған Олег Алексеевичпен кездесуде тек қал-жағдай біліп қана қоймай Nur otan партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Малика Махауова екеуміз бір ғибратты әңгіме тыңдадық десек болады.

0
0
192

Осы тақырып бойынша