ҰБТ тәрбиесі
2.10.2009 аудандық «Сарыағаш» газетіне берілді. «Тест» деген сөздің өзі ағылшынның test – сынақ, тексеру деген сөзінен шыққан. Білім саласында алғаш рет тест топтамаларын француз психологы А.Бине 1904 жылы ойлау қабілеті төмен балаларды іріктеу үшін қолданған. Осы әдістемеге негізделіп АҚШ-тың Стенфорд университетінде адамның ойлау қабілетінің деңгейін анықтауға арналған IQ (айкью) арнайы тесті жасалған. Ол осы кезге дейін дүниежүзінде жан-жақты пайдаланылады. Одан бері тесттің қаншама түрлері жасалып, ғылыми негізделіп, қолданысқа енгізілген. Тест – жеке адамдардың не топтардың не қабілеттерін, не білімін, не икем-бейімін, яғни сапалық та, сандық та ерекшеліктерін анықтауға арналған, уақытпен шектелген қысқа сынақ түрі. Тесттің түрлері де көп, соған сай мақсаттары да әр түрлі. Біз соның…