Мазмұнға өту
birzhanmurat

birzhanmurat

Сайтта 2016 ж. 29 қараша

Пайдаланушы әзірге өзі туралы ештеңе жазбаған.

рейтинг

100

жазбалар

27

пікірлер

0

тіркелуші

0

жазылымдар

0

Студенттік лидер кім?

Жастар Отанға лагерінің қатысушылары асыға күткен тақырыптағы семинар-тренингі 13 қараша күні болып өтті. Тақырып – студенттік ортадағы көшбасшылық. Семинарды жүргізген Азиз Есжанов жастарға өзі білім алып келген шет елдік студенттер ортасындағы өзін-өзі басқару ұйымдары тәжірибесімен бөлісті.

Германия еліндегі студенттік және жастар ұйымдарының біздің елдегі ұйымдардан өзгешілігін айта келген тренер, қазіргі таңда көп ерекшеліктің жоқ екендігін тілге тиек етті.

Семинарға қатысушылар 2 сағат бойы жетекшілік ету дағдыларын, өз студенттік ұйымын ұйымдастырудың негіздерін, жоба менеджментінің негіздерін үйренді, өздік жұмыстарын орындап, талқылау алаңында сөз сөйледі.

0
0
815

Экстремизм мен терроризмнің елімізге қаупі

2016 жылы 12 қараша күні Жастар Отанға лагері аясында, жастар арасында Қазақстан халқының дәстүрлері мен мәдени құндылықтарына сәйкес сана-сезімді қалыптастыруға бағытталған Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің тапсырысымен семинар болып өтті. Бұл іс-шарада Төле би ауданы орталық мешітінің бас имамы – Самат қажы Анарбаев көпшілік қауым алдында өз дәрісін оқыды. Еліміздің әр аймақтарынан келген жастар семинарға тікелей түрде қатысты. Кездесу қорытындысында ашық түрде сұхбат өтті. Сұхбат барысында қазіргі таңдағы жастарды толғандырып жүрген сұрақтары талқыға салынды. Бұл іс-шараның негізгі мақсаты жастардың қоғамдық, конфессияаралық, мәдени және кез-келген мәселе мен түсініспеушіліктерді террористік әдістерді қолдану арқылы шешуді болдырмау, терроризмге қарс…

0
0
778

Болашақ жастардың қолында

Тəуелсіз елдің ертеңі – бүгінгі жас ұрпақ. Еліміздің жарқын болашағы білім нəрімен сусындаған, парасат-пайымы мол, жоғары мəдениетті жастардың қолында. 2016 жылдың 10-15 қараша аралығында ОҚО Төле би ауданында орналасқан «Бəйшешек» спортты-сауықтыру орталығында жас ұрпақтың бойына адамгершілік және мәдениеттілік құзіреттіліктерін қалыптастыру, саяси білімін жандандыру, салауатты өмір салтын сақтау мақсатында Қазақстан Республикасы Дін істері жəне азаматтық қоғам министрлігінің тапсырысымен Еуразиялық келісім қоры «Жастар Отанға» жастар лагерін өткізді. Лагерьге республиканың 14 облысынан 50-ден аса белсенді студент жастар қатысты. Лагерь барысында білікті мамандар семинар-тренингтер, жастардың бойындағы сенімділікті бекіте түсетін ойындар, көпшілік алдында сөйлеу, ораторлық қабілетті артт…

0
0
8351

Арзан және жылдам: ұтымды стартапты қалай жүзеге асырамыз

Тың идея. Жаңа жоба. Болашақ үлкен компания. Бұның барлығы “StartUp” ұғымына тиесілі. StartUp - инновациялық жаңа идеяға негізделіп бизнес құруды көздеген жаңа компания. Немесе оны инновациялармен жаңа технологияларды дамытуға бағытталған қозғалыс десек те болады. Бұл ұғым күннен – күнге әлемді айнала кезіп, заман ағымына ілесуге шақырады. Бүгінде “StartUp”-тың не екенін түсіндіріп, бизнесті бастап, әрмен қарай қалай дамыту керек екендігі жайлы түрлі кеңестер, нұсқаулар ұсынатын шеберлік сыныптары бар. Осындай шеберлік сыныптарының бірін – «StartUp: А-дан Я-ға дейін» - «Жастар Отанға» жастар лагері жобасы аясында ОҚО «Кәсіпкерлік метебінің» тренері Есжанов Азиз өткізді. Еліміздің түпкір-түпкірінен жиналған дарынды жастар оған белсене қатысты. Бұл шеберлік сыныбы жаңа технологияларды игеру…

0
0
694

Ұлттық тарих – отансүйгіштік патриоттық сезім қалыптастырудың алғышарттары

«Жастар Отанға» жастар лагерінің қатысушылары жоба аясында қазақтың белгілі қаламгері, талантты жазушы Мархабат Байғұтпен кездесті. Бұл басқосу Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналды. Мақсат - жастар арасында ұлы тұлғалардың еңбегін насихаттау арқылы еліміздің 25 жылда жеткен жетістігін дәріптеу. Тағылымы мол кездесуде жазушы шығармаларын оқыту арқылы әдебиет құндылықтарын арттыру тілге тиек етілді. Кездесу барысында жазушы жиналған жастарға Абылай хан заманы өткенсін-ақ дертті болған қазақтың тарихи жадысы мың соққыға ұшырап, аңсап қол жеткізген егемендігіміздің қадір-қасиеті туралы айтып өтті. Сонымен қатар, өзге өңірлерден келген студенттерге қаламгер киелі оңтүстік жері, соның ішінде Төле би ауданының тарихымен де таныстыра кетті. Кештің соңында отырысқа қатысқан жастар өз тарапынан…

0
0
1082

Әлеуметтік желілердің ақпараттық мәдениеті

Бүгін "Жастар Отанға" жастар лагерінің алаңында диалогтық алаң "Жастар ортасындағы әлеуметтік өзгеріс" тақырыбында ұйымдастырылған болатын. Халық айтады ғой: "Шындық даудан туады" диалог үшін алаңдағы дәл осы ұйымның идеясы барлық Қазақстан жастарының қатысушыларға жалпы құнын құруға және тақырыпты терең ұғынуларына мүмкіндік берді. Бүгінгі таңдағы әрбір жас қазақстандық күнді өзінің Instagram немесе Facebookтағы парақшасын парақтаудан бастайтыны ешкімге құпия емес, бұл оның бірқатар оқиғалар желісінде қалуына мүмкіндік береді. Ақпараттық заманда жаңа заман теxнологиясына төтеп беру қиын, әсіресе ұялы телефон теxнологиясын атап өтсек болады. Дәл осы ұялы телефон бүгінгі таңда сіз бен біздің өміріміздегі қажетті бөлігімізге айналды. Қатысушы сарапшы ретінде осы шараға қатысқан – қоғамдық т…

0
0
697

Жас ақындар мүшәйрасы өтті

Алматы қаласының тұрғындары ел күнтізбесіндегі елеулі қос мереке – Тұңғыш Президент күні мен Республика Тәуелсіздігінің 25 жылдығын биыл ерекше атап өтті. Ағымдағы жылдың 1 желтоқсаны күні өткізілген шара өз есігін Елбасының кітаптары мен фотолар көрмесінен басталған болатын. Аталмыш көрме мақсаты - Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Назарбаевтың егеменді, экономикалық тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуы мен дамуы кезеңіндегі тарихи рөлін, қазақстандық қоғамды жаңғырту мен қайта құрудағы еңбегін кеңінен ашып көрсету болды. 6 бөлімді көрмеге қазақ, орыс және шет тілдеріндегі 500-ден астам басылым қойылды. Онда Тұңғыш Президенттің өмір жолы, жастық шағы, еңбекке араласқан жылдары, саяси және қоғамдық қызметі қамтылған. Сонымен қатар, Елбасы туралы әлем саясаткерлерінің ой-пікірлері,…

0
0
894

Жасөспірім қыздарға көрсетілетін зорлық-зомбылықтың алдын алу

«Еуразиялық келісім қоры» ҚҚ Алматы қаласы ішкі істер саясаты басқармасының тапсырысы бойынша Алматы қаласы əкімінің жанындағы əйелдер істері жəне отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссиясы мен Алмалы ауданы əкімдігімен бірлесе отырып 2016 жылдың 30-қарашасында Алматы қаласының №8 мектеп-лицейінің жоғарғы сынып оқушыларына жасөспірім қыздарға көрсетілетін зорлық-зомбылықтардың алдын алу туралы ақпараттық семинар өткізді. Əрбір жасөспірім қыз – болашақ ана, білікті маман, сонымен қатар, олар Қазақстанның гүлденуі мен өркендеуіне үлесін қосатын көшбасшылар мен үздік саясаткерлер. Сондықтан зорлық-зомбылық əрекетін болдырмау үшін əрбір қыз баланы қорғау шараларын қолға алу керек. Статистика бойынша əлемдегі əйелдер үлесінің 35%-ы осындай зорлықтың құрбаны болады. Мемлекет, отбасы, қ…

1
0
721

«Жастар – Отанға!». Жастар саяси лагері мәңгілік ел ұрпағын бір тұғырға жинады

«Жастар - Отанға!». Еліміздің 14 облысынан келген белсенді жастар осы ұранды ұстын етіп, Төлеби ауданында бас қосты. Жас буынның саяси сауаттылығын арттырып, патриоттық рухын ұлықтайтын жоба ҚР Дін істері және Азаматтық қоғам министрлігіне тиесілі. Жастар саяси лагерінде Әлеуметтік тапсырыс бойынша қатысушылар көкей кернеген, өзек өртеген мәселелерін ортаға салды. Әлеуметтің әлді тобы – жастар. Оларда кез-келген жобаны іске асыратын қуатты күш, шуақты күй бар. Осыны ескерген ұйымдастырушылар еліміздегі әр облыстың 60 шақты елдімекенінен ең белсенді жастарды жинады. Бұл елу елдік мәселелерді, жастар проблемасын шешуге мүдделі. Бірнеше бағытта шеберлік сыныптарын өткізіп, арнайы семинар-тренингтерде жарыссөзге шықты. Ата дінге берік, құқықтық, экономикалық білімі биік жастар ғана Қуатты Қаз…

0
0
464

Жастар Отанға!

2016 жылы 10 мен 15 қараша аралығында ОҚО Төле би ауданында ҚР дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің қолдауымен, Қазақстанның түпкір түпкірінен жастардың басын қосқан, 2016 жылдың ең маңызды оқиғалардың бірі - "Жастар Отанға!" жастар лагері өтті Әр аймақтың қаймақтарының басын қосқан бұл лагерь қатысушыларға патриотизмді қалыптастыруға, жастардың адамгершілік құндылықтары мен жеке потенциалдарын шыңдауға мүмкіндік берді. Лагерь аясында мына тақырыптар бойынша мастар – класстар өткізілді: * «Әлеуметтік желілердегі брэндинг» * «Тайм-менеджмент. Уақытты басқару» * «Start up» * «Студенттік ортадағы көшбасшылық» * «Көпшілік алдында сөйлеу мәнері» Жазушы, «Алаш» сыйлығының лауреаты Мархабат Байғұт жастармен кездесу барысында белсенді жастарымызға тәуелсіздіктің қадірін түсіндіріп, оны…

1
0
620