Мені өзгерткен 6 ереже
Негативті ойдан аулақ болу. Кез-келген жерде үнемі жақсы ойлап, әр нәрсенің жақсы жағын көре біл. Таңертең жақсы ойда оянсаң, ол күні бойы көңіл-күйіңе әсер етеді. Егер ол әдетке айналса, өміріңді өзгертеді. Ешқашан біреуді үйретуге талпынба. Өзің үйрен. Біреуден көп білем деген ең қате пікір. Ол тек өз-өзін алдау мен өзімшілдік. Айналаңдағылар сенің іс-әрекетіңе қарап өздері қызығып, кеңес сұрайтындай дәрежеге жетуге талпын . Өзгелерді үйрететін мұғалім емес, өзгелерге үлгі бол. Бейтаныс адамдармен көбірек аралас. Олар міндетті түрде бірнәрсеге үйретеді. Ұшақтағы көршіңмен таныс, бейтаныс адамнан білмеген мекен-жайды сұра, т.б. Жиі әрі көбірек әңгімелесуге тырыс. Ешқашан қолымнан келмейді деп айтпа. Өз жолыңа кедергі қойма. Жай ал да, істе. Тым болмағанда тырысып көр. Біреудің пікіріне т…