Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Мені өзгерткен 6 ереже

  1. Негативті ойдан аулақ болу. Кез-келген жерде үнемі жақсы ойлап, әр нәрсенің жақсы жағын көре біл. Таңертең жақсы ойда оянсаң, ол күні бойы көңіл-күйіңе әсер етеді. Егер ол әдетке айналса, өміріңді өзгертеді.
  2. Ешқашан біреуді үйретуге талпынба. Өзің үйрен. Біреуден көп білем деген ең қате пікір. Ол тек өз-өзін алдау мен өзімшілдік. Айналаңдағылар сенің іс-әрекетіңе қарап өздері қызығып, кеңес сұрайтындай дәрежеге жетуге талпын . Өзгелерді үйрететін мұғалім емес, өзгелерге үлгі бол.
  3. Бейтаныс адамдармен көбірек аралас. Олар міндетті түрде бірнәрсеге үйретеді. Ұшақтағы көршіңмен таныс, бейтаныс адамнан білмеген мекен-жайды сұра, т.б. Жиі әрі көбірек әңгімелесуге тырыс.
  4. Ешқашан қолымнан келмейді деп айтпа. Өз жолыңа кедергі қойма. Жай ал да, істе. Тым болмағанда тырысып көр.
  5. Біреудің пікіріне тәуелді болма. Ел не ойлайды деп емес, жаның нені қалайды,солай әрекет жаса. Анығында біреу үшін емес, өзің үшін өмір сүр.
  6. Бойыңдағы қорқыныш пен үрейден арыл. Ешқашан. Ештеңеден. Қорықпа. Қорқыныш, стресс денсаулыққа да, көңіл-күй мен өміріңе де кері әсер етеді
 

Құмар Әсемгүл

 
0
0
889

Осы тақырып бойынша

Мені өзгерткен 6 ереже - Yvision.kz