Жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталықтардың қызметкерлерімен кездесу
2018 жылдың 19 шілдесінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша Департаментінің жанындағы «Парасыз болашаққа.Бірге!» мобильдік тобының мүшелері жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталықтардың қызметкерлеріменкездесу өткізді.
Кездесу жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталықтардың қызметкерлеріне арналған екі күндік семинар аясында ұйымдастырылды. Шара барысында мобильдік топ мүшелері жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталықтардың қызметкерлері сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шараларды өткізу форматтары, қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет және «нөлдік төзбеушілік» қағидатын қалыптастырудағы мемлекетіміздің саясаты жөнінде түсіндірді.


